Пән :Қазақстан тарихы
Тақырыбы :Қазақстанның ХІV –ХV ғ. сәулет өнері.
Мақсаты .Білімділік : ХІV –ХV ғасырлардағы сәулет өнерінің тамаша үлгілері-ескерткіштер ,қолданбалы өнер туындыларын ,кесенелерді ,құрлыс материалының жоғары сапалы болғаны жөнінде түсінік қалыптастыру .
Дамытушылық :Кесенелердің ,ғимараттардың ою –өрнектермен безендірілуіндегі ерекшеліктерді салыстыра отырып, оқушылырды өз халқының мәдениетімен таныстыру .
Тәрбиелік :Өз елінің ,жерінің ,басқа ұлттардың тарихи ескерткіштерін қорғауға өнер ескерткіштерін түсініп ,бағалай білуге ,өз ұлтының мәдениетін жоғары деңгейде өркендеуіне үлес қосуға тәрбиелеу .
Сабақтың түрі :Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі : Тест ,семантикалық карта ,сәйкестендіру тест .
Сабақтың көрнекіліктері : карта,слайд. суреттер, сызбалар.
Сабақтың барысы
Сабақтың барысы
Үй тапсырмасын сұрау
1.Оқушыларға (4)тапсырма беріледі (тест ,семантикалық карта , сәйкестендіру тест )
2.Викториналық сұрақтар :
1. Материялдық мәдениетке ХІV-ХV ғғнені жатқызуға болады ?(киім кешек еңбек құралдары ,құрал – сайман ыдыс- аяқ т.б.)
2. Киіз үйдің қандай түрлерін білесің ?(6,12,36 қанатты )
3. Қазақтың киім- кешектері негізінен неден жасалған ?(жүн мен теріден , мақтадан жасалған )
4. Қандай құрал –сайман түрлерін білесіңдер ?(ер-тұрман ,жүген, құрық, арқан ,желі ,көген.)
5. Рухани мәдениет дегеніміз не ?(Белгілі бір кезеңде өмір сүрген халықтың жан –дүниесінің көрінісі .Халықтың әдет- ғұрыпы, салт-санасы ,ауыз әдебиеті ,аңыз ,қиял-ғажайып әңгімелері )
6. Фольклор дегеніміз не?(Ел ішінде айтылып жүрген ертегілер ,аңыз-әңгімелер, жұмбақтар, этностық жырлар)
7.Қандай ертегілерді білесіңдер ?(«Ер төстік», «Жолмерген», «Керқұла атты Кендебай» ,«Құламерген»)
8.Қандай этностық жырды білесіңдер ?( «Қобыланды батыр»)
9.Алтын Орда ыдыраған кезде пайда болған тарихи батырлық жырлар ? («Ер Тарғын», «Орақ-Мамай », «Ер Қосай»)
10. ХІV-XV ғ.қыпшақ тілінде жазылған туындылар ?(«Кодек-куманикус », «Оғызнама», «Жүсіп-Зілиха»)
11. Қандай күйлерді білесіңдер ?(«Ескендір », «Қамбар батыр », «Шора батыр »)
12.адамдар ислам дінін қабылдағанға дейін неге сенген ?(отқа , суға ,көкке , тыллсым күштерге )
13. XIVғ қандай хандардың тұсында ислам дінінің таралуына көңіл бөлген ? (Өзбек хан ,Тоғылық Темір хан)
14. Дін дегеніміз не ?(Адамдардың ізгілік пен шындыққа жеткізетін заңдар жиынтығы)
15. « Ислам діні» атты мақаланы кім жазды ? (Ш.Уәлиханов )
16.Тасаттықты не үшін берген ?
17. «Бойтұмар»дегеніміз не ?(тіл –көз тиюден сақтайтын белгі зат)
Венн дияграмма арқылы үй тапсырмасын қорытындылау
Материялдық мәдениет ерекшелігі
|
Ортақ
белгісі
|
Рухани мәдениет ерекшелігі
|
Ою-әшекейлер
Үй жиһаздары
Тұрмыстық ыдыстар
Ұлттық киімдер
Құрал-сайман
Қару-жарақтар
Тағам түрлері
|
Мәдени тіліктердің жасаушысы
Мәдени жетістіктерге жетелеуші
Бір-біріне тәуелді
Халықтың рухани қазынасы
|
Әдет –ғұрып
Салт-дәстүр
Ауыз әдебиеті
Қиял ғажайып әңгімелер, ертегілер
Діни наным-сенімдері
Музыка өнері
Би өнері
|
Жаңа сабақтың тақырыбы : Қазақстанның XIV-XV ғғ сәулет өнері.
Кіріспе сөз: Адам баласының үй салу саласындағы тәжірибесін зерттейтін ғылыым «архитектура»,қазақша «сәулет өнері» деп аталады.Бұл үйлерді , құрлыстарды жобалау ,салу деген сөз.
Хан сарайлары мешіт медресе
Жеке адамдарға
арналған ескерткіш
ғимараттар қонақ үйлер кітапхана
Сәулет өнері Қазақстанның X-XIIғғмемлекетінің кезінде өркендей бастады . XIIғ. монғол шапқыншылығы сәулет өнерінің дамуына үлкен кесірін тигізді . XIII-XIV ғасырға дейін жерімізде айтарлықтай ірі құрлыстар салынбаған . XIV-XVғ басынан архитектуралық маңызы бар ірі құрлыс салына бастады,ол кезден бізге жеткен сәулет өнерінің тамаша үлгілеріне Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи,Көккесене ,Алаша хан кесенелері жатады.
1.Қожа Ахмет Яссауи
2.Арыстан баб 3.Көккесене
4.Алаша хан слайд арқылы суретін көрсете отырып
5.Рабиға Сұлтан Бегім баяндау
6.Отырардағы мешіт ,монша
4 .Бекіту : Сұрақ –жауаб.
Қожа Ахметтің рухани ұстазы (Арыстан баб)
Әмір Темірдің бұйрығымен салынған кешенді кесене (Қ.А.Яссауи)
Сығанақ қаласының маңында орналасқан кесене (Көккесене)
Қаракеңгір өзені жағасында орналасқан кесене (Алаша хан)
Ішәнде кітапхана салынған кесене (Қожа Ахмет Яссауи )
Алаша хан кесенесіне ұқсас кесене (Көккесене)
Атақты адамдар жерленген кесене (Қожа Ахмет Яссауи)
Орта Азияның сәулет өнерінде кездесетін ерекше өрнекті кесене (Алаша хан)
Далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалған кесене (Алаша хан)
Қожа Ахмет Яссауи ғимаратының шығыс жағында орналасқан кесене (Рабиға Сұлтан Бегім)
Көпшілікке арналған сәулет құрлысы (Монша)
Ұлықбектің қызы (Рабиға Сұлтан Бегім)
XII ғасырда салынған кесене (арыстан баб)
5.Қорытынды: Сонымен XIV - XV ғғ. сәулет өнеріндегі ескерткіштердің тарихымен таныстық .Қазақстан Республикасы Конститутсиясының 37 –бабында айтылғандай ,әр азамат тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға ,тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |