Ландшафтағы ылғал айналымы. Су балансының негізгі элементтері.
Ландшафт өмір сүруі көптеген элементарлық процестерден құралады: Мысалы: жаңбыр жаууы, судағы газдың еруі, топырақ ерітіндісінің капиллярлар бойымен көтерілуі, булану, фитосинтез, микроорганизмдердің органикалық массаны ыдыратуы т. б.
Барлық элементарлық процестер синтезі ландшафттың өмір сүруін қалыптастырады.
Әрбір элементарлық процесстің өзіндік физикалық, химиялық, биологиялық, т. б. сипаты бар.
Мысалы: ағыстың физикалық сипаты – судың ауырлық күшінің әсерімен қозғалысы. Оның сонымен бірге гидрологиялық, геоморфологиялық, геохимиялық сипаттары да бар.
Геожүйе компоненттерінің өзара әсер ету механизміндегі негізгі құрамдас бөліктер: ылғал айналымы, минералдық айналымы немесе геохимиялық айналым, масса айналымы. Ландшафттағы ылғал айналымы.
Су ағыстарының күрделі жүйесі ландшафт бойындағы қан жүргізетін тамырлар тәрізді.
Ылғал ағыны арқылы:
– ландшафт блоктары арасындағы минерал алмасуы;
– ерітінділер мен коллоидтердің пайда болуы;
– химиялық элементтердің тасымалдануы мен аккумуляциясы;
– химиялық және биохимиялық процестердің жүруінің жүзеге асырылады.
Ландшафттағы ылғал қорын жауын-шашын, су буының конденсациялануы құрайды.
Ылғалдылықтың шамасы мен құрылымы әр түрлі ландшафттар үшін бөлек болады және энергия мен қамтамасыз етілуге және мөлшеріне, зоналық және азоналық заңдылықтарға байланысты.
Ағыс жиынтығының шамасы – ылғал ағыны шығуының көрсеткіші болып саналады.
Ылғал мөлшерінің шамасы экваторлық, муссондық тропиктер мен субтропиктерде жоғары, ал ішкі континент аралық облыстар мен пассаттық циркуляция басым тропиктік аймақтарда төмен болып келеді.
Ішкі ландшафттық ылғал айналымында биота, немесе орман ландшафттары үлкен рөл атқарады. Ағаштардың бұтақтары мен бастары жылдық жауын-шашынның 20 % өзіне сіңіріп алады (қарағай – 140-150 мм, шыршалы ормандар – 200-230 мм, экваторлық ормандар 500 мм-ге дейін).
Дегенмен, биологиялық ылғал айналымының басты бөлігі – транспирация.
Топырақтағы ылғалдың негізгі массасы өсімдіктер арқылы транспирацияланады. Атмосферадағы ең көп ылғал шығаратын экваторлық орман, жалпақ жапырақты суббореальдық орман екі еседей аз, ал суық климатта транспирация күрт азаяды
Достарыңызбен бөлісу: |