Ланшафтану ғылымы туралы түсініктерді талдау 2021ж Тексерген: Орындаған


Ландшафттанудың басқа ғылымдар жүйесіндегі орны



бет2/2
Дата26.11.2023
өлшемі14,36 Mb.
#193565
түріҚұрамы
1   2
Байланысты:
Ландшафтануууу
299646, Презентация Метеоролгиялық элементтер 7 сынып, ҚМЖ, Saxara SRS Abenova.A
Ландшафттанудың басқа ғылымдар жүйесіндегі орны:
- географиялык ғылымдар кешенді және компонентті болып бөлінеді;
-ландшафттану - кешенді ғылым. Географиялық ғылымдар теориясы;
-ландшафттану, жер қабығының құраушы бөліктері ретінде әр-түрлі көлемдегі территориалды және аквальді геожүйелерді зерттейтін жертану және аймақтық физикалық географиямен бірге жалпы физикалық географияның бір бөлігі болып табылады.
Ландшафттану – физикалық географияның табиғи аймақтық кешендерін (геожүйелерді) зерттейтін ғылым саласы. Бұл терминнің соңғы кезде региондықфизикалық географияның синонимі ретінде колданылуы басым болып барады. Ландшафттанудың негізгі мақсаты — табиғи және мәдени ландшафтты сипаттау, олардың құралымын, өзара байланысын, даму заңдылығын зерттеу болып табылады. Географиялық ландшафт туралы бұл ғылымның басты міндеті –ландшафт түрлерінің жаралуын, құрылымы мен динамикасын, даму заңдылықтарын, орналасуын және адамның шаруашылық әрекеттерінен оның өзгеруін зерттеу.
Сонымен бірге ландшафттану төменгі сатыдағы геожүйелер(жеке қоныс, фация, т.б.) және жоғары сатылық геожүйелер (табиғи өлке,провинция, т.б.) мәселелерімен де айналысады.
📚ЛАНДШАФТАНУДЫҢ ҒЫЛЫМДАР АРАСЫНДЫҒЫ ОРНЫ
📚ЛАНДШАФТАНУДЫҢ ҒЫЛЫМДАР АРАСЫНДЫҒЫ ОРНЫ
Сонымен ландшафттану – кешенді физикалық географияның тез дамып келе жатқан саласы, оның зерттеу объектілеріне күрделі табиғи және табиғи антропогендік географиялық жүйелер – ландшафтылар жатады. Ландшафттану басқа да жаратылыс ғылымдарымен байланысты. Оның ішінде жерге орналастырудың да маңызы зор. Жобалау шаралары арқылы жерді бөлу, территориялық ұйымдастыру, жер ресурстарын тиімді пайдалану және жерді қорғау шараларымен айналысатын жерге орналастыру ғылымында ландшафттық ұғым және оның теориялық моделі кеңінен қолданылады.
📚ЛАНДШАФТАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Ландшафт компоненттері территорияның біркелкілігі арқылы және бір бірімен байланысты антропогендік әрекеттер арқылы пайда болды. Бір құрамдас бөліктің өзгерісі екіншісінің, бір кешеннің өзгерісі басқанын өзгеріске ұшырауына әкеп соқтырады. Мысалы, өз елімізде болып жатқан экологиялық мәселелерге тоқтала кетейік. Солардың бірі Арал проблемасы. Оның негізгі себебі табиғаттағы тепе теңдіктің бұзылуы, Арал теңізін сақтап тұрған Сырдария өзеңінен келетін судын азаюы. Соның нәтижесінде тепе теңдік бұзылды. Оның негізгі себебі жоғары жақта 3 мемлекеттің территориясында 6 су қоймасы салынған. Сол жерде таудан еріп аққан судын барлығын ұстап қалып, тек жазда егіншілікке (күріш пен мақтаға) беріледі. Ертеректе Аралға берілетін су қаралмаған. Соның нәтижесінде 80-ші жылдардан бастап біздің аймақта экологиялық проблемалар пайда болды. Арал теңізінде су азайып, құрғаған табаңынан тұздар ұшып, жер бетіндегі ландшафтыны бүлдіре бастады.
📚ЛАНДШАФТАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Екінші мәселе, күріш егісіне су ресурстарын дұрыс пайдаланбау әсерінен егістік жерлеріміз екінші рет тұзданып, істен шыға бастады. Суды күрішке шамадан тыс көп беру арқылы жер асты сулары көтеріліп кетті. Бұл да бір экологиялық тепе теңдіктің бұзылуы.
Біздің аймақта басқа да экологиялық проблемалар баршылық. Соның бірі Байқоңыр кеніш аймағының қоршаған ортаға кері әсері, сонымен қатар мұнай кең орындарында да табиғат ресурстарын дұрыс пайдаланбау әсерінен болып жатқан (мұнайдың төгілуі, газдың жануы) жағдайлар табиғатқа кері әсерін тигізіп жатыр.Осындай экологиялық мәселелерді терең зерттеу арқылы ғана қоршаған ортаны, оның ішінде ландшафтыны қалпына келтіруге болады және одан шығу жолдарын көрсетуге болады.
Ландшафтты зерттеу арқылы табиғатта болып жатқан техногендік өзгерістердін көлемін бағалап, олардың өзгеру динамикасы арқылы табиғатқа кері әсерін анықтауға болады. Қазіргі кезеңдегі ландшафтты зерттеу арқылы ол жердің адамзатқа пайдасын арттыруға болады, яғни кешенді табиғи техногендік пайдалы территориялар жасауға болады.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет