Латын емтихан жауаптары Жазудың пайда болуы мен даму тарихы бойынша хронологиялық карта жасаңыз



бет15/42
Дата26.01.2023
өлшемі2,56 Mb.
#166496
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42
Байланысты:
Латын эмтихан жауабы дайын (копия) (копия)
презентация ин.язык, социолгия отбасы, Гистология. Өсімдік ұлпасы, 100 бизнес жоба
Енисей ескерткіштері. Енисей бойынан және Тува, Хакас, Алтай республикаларының (бәрі де Ресей құрамындағы Түркі республикалары) аймағынан және Ресейдің батыс сібірде орналасқан Жаңасібір (Новосибирск) облысы мен Ертіс бойынан табылған жазулар жатады.






Көне Түркі жазуының құпиясын ашқан Даниялық ғалым Вильгельм Томсен болатын (1898 жылы бастап). Кейін орыс түркітанушылары аударып, көп зерттеді.

Талас ескерткіштері. Бұл аймақтағы жазулар Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Сыр бойы мен Қырғызстан аймақтарына таралған, соның ішінде көп шоғырланған жері қазіргі Жамбыл облысында.




Орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы жазуды толық оқып, аударды. Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылғандықтан, жазудың өзін де осылайша атап кетті.



Орхон ескерткіштері. Моңғолиядағы Орхон, Селенг, Тола өзендерінің бойынан және Ресейдегі Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер жатады.




Көне Түркі жазуларының сыртқы түрі бізге тасқа қашалған түрде, "баспа әріптері" түрінде жетті.

Жазудың ерекшелігі оңнан солға қарай оқылады және негізінен дауыссыз дыбыстар таңбаланады. Олардың жуан және жіңішке түрлері бар, олар жеке-жеке бөлек таңбаланады.







20. Әліпби және әліпбидегі әріп пен фонема қатынасын «Фишбоун» әдісі арқылы түсіндіріңіз.
Мәселе: күрделілік әліпбиде бір фонеманың реңктерін білдіретін әріп немесе басқа бір белгі болуы мүмкін бе, бір әріппен әртүрлі фонеманы таңбалауға бола ма, бір фонеманы әртүрлі әріппен таңбалауға бола ма, фонема тіркесін бір әріппен белгілеуге бола ма, бір фонеманы екі немесе одан да көп әріппен таңбалауға бола ма деген мәселелерден тұрады.
Себептер: Негізінен осы мәселелерді назарға алу, қазақ жазба тіл мен ауызша тілдегі әріп-фонема-дыбыс қатынасы қазіргі қазақ жазуының мәртебесін, емле қиындықтарын, әліпби кемшілігін, орфографияны жетілдіру қажеттілігін саралауға көмегін тигізеді.
Дәлелдер: фонема – тілтұтынушының санасында болатын, әріп арқылы әріптің жазу түрлері арқылы таңбаланатын, дыбыс арқылы айтылатын дыбыстық тілдің абстракті бірлігі. Фонема әріп арқылы таңбаланады. Сөйтіп, графеманың әріп тұрпаттары белгілі бір тәртіппен орналасқан, белгілі саны бар жиынтық ретінде ЖТ-ның код жүйесі – әліпбиге ұйымдасады.
Қорытынды: Алдымен сөйлеу дыбысы пайда болды, ол алғашқы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауына және өмірлерін ұйымдастыруға көмектесті. Дыбыстар сөз, сөйлем болып жүйеленіп, кейін біртұтас тілдің қалыптасуына көмектескен кезде (және бір тілден алшақ) жинақталған білімді басқа адамдарға, оның ішінде ұрпақтарына жеткізе білу үшін осының бәрін жазып алу қажет болды. Сөйлеу дыбыстарының графикалық жүзеге асуы ретінде әріптер осылай пайда болды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет