Јлдихан Ќалдыбаев


Алтынай. Оу, сері жігіт, қызға орын нұсқа. Тантай



бет339/371
Дата06.02.2022
өлшемі5,93 Mb.
#37241
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   371
Алтынай. Оу, сері жігіт, қызға орын нұсқа.
Тантай. Отырсын аяқ жағыма. Қыпшақтың үйінен қыпшақтың қызына орын іздеп не бопты маған?
Алтынай. Сөзің қандай ірі еді, күйеу бала!
Тантай. Ақбөпе ақын екен, мен де өлеңмен тіл қатайын (әндетіп):
Мен – болыстың ұлымын, атым – Тантай,
Ақбөпе, келші бері, жатшы, жантай.
Тілімді алып, пейіліңді берсең егер,
Боларсың нақ сүйерім, жаным, қалқа-ай.
Өзім сері Тантаймын,
Талай қызбен жантайдым.
Асаусыған Ақбөпе,
Сөзді қой да талтайғын.
Алтынай. Ерке-ау, естідің бе, не дейді мына күйеу жігіт. Құдайым-ау, кімге тап болғанбыз, нағыз оспадырсыздың өзі ғой мынау!
Тантай. Не еститіні бар, сенің еркең қыз деп пе едің? Ана ақыны не жанын қойды дейсің мұның. Тезірек төсек сал, көремін қыз болып шықса – бақыты, қатын екен – соры.
Алтынай. Сонда сен қыз алатын бозбала ма едің, екі қатыны бар қақсалсың.
Тантай. Еркекке әйелді бір көргені, мың көргені – бәрібір. Әйел мен қыздың арасында шекара бар. Ол шекараны некелі байынан басқа ешкімнің аттауға қақысы жоқ.
Ақбөпе. Жеңеше, төсек салыңыз, салмаңыз, өзіңіз біліңіз. Мен некем қиылмай тұрып ешкімнің жанына жата алмаймын.
Ақбөпе тездеп шығып кетеді.
Алтынай. Алла-ай, аузына ел қараған болыс атамнан сен ноқай қалай тудың екенсің?! «Жақсыдан жаман туады бір аяқ асқа алғысыз» деген осы шығар.
Тантай. Әй, долы қатын, сен өйтіп аузыңа келгенді айтып көкіме. Ана еркетотайыңа айт, қатын болса, болсын, болмаса, бордай тозсын. Екі қатынды қан қақсатқан Тантай үшінші қатынды да умаждауға жарайды.
Алтынай (жаны шошып). Ойбүй, сорлы болған Еркем-ай, қайтіп қана құтылар екенсің мына дүлейден?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   371




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет