Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған



бет67/73
Дата09.04.2023
өлшемі7,76 Mb.
#174032
түріЛекция
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   73
Байланысты:
Лекция Ботаника п ніне кіріспе Ботаника сімдіктер туралы ілім.
ЕМЛЕ (1)
3. Шырынды жемістер. Бұлар бір немесе бірнеше жеміс жапырақшаларынан пайда болады, жемістерінің ішкі бөліктері шырынды, көпшілігі көп тұқымды болып келеді (131-сурет).




131 -сурет. Шырынды жемістер:
А, Б - жидектер (А - жұзім, Б - картоп), Е – алмалы (алма),
Г - померанец (апельсин), Д - асқабақты (қияр).

Ж и д е к — бір немесе бірнеше жеміс жапырақшаларынан түзілген, көп тұқымды, жеміс серігі — шырынды. Жидек жемістердің (жүзім, қарлыған, қарақат, қызанақ, баклажан, алқа, құрма және т.б.) құрылысы алуан түрлі. Кейбір өсімдіктерде, мысалы, қарлығанда және қарақатта жидектің шырыңды бөлігі жеміс серігінен емес, тұқымның шырынды жабындарынан бөлінеді, ал жемісті жеміс серігі жауып тұрады. Анар жемісінің де өзінің ерекшеліктері бар, онда жеміс серігі жемістің тері тәрізді жабыны мен үлпек қабыршақты қалтарыстарын түзеді, ал шырынды бөлігі интегументгерден жетілген тұқым қабықшасы.


А с қ а б а қ ж е м і с - төменгі жатыннан қалыптасатын, үш жеміс жапырақшасынан тұратын көп тұкымды шырынды жеміс. Экзокарпийі қатты, сүректі эндокарпиі шырынды болып келеді. Асқабақтар тұқымдасына (асқабақ, қияр, қауын, қарбыз және т.б.) тән.
А л м а ж е м і с — бес ұялы жеміс. Бес жеміс жапырақшаларына мәңгі жатын ғана емес, гүлдің тостағанша жапырақшаларының, күлте жапырақшаларының, аталықтарының негіздері қатынасады. Алма жемісінің эндокарпийі салыстырмалы түрде қатты және тері тәрізді, ол ұяларды екі-екіден бос орналасқан тұқымдарымен қоршап тұрады (алма жеміс алмұрт, алма және т.б.).
П о м е р а н е ц (тері қабықты жұмсақ жеміс) — экзо-мезокарпийі (жемістің қабығы) терілі борпылдақ, көп ұялы, көп тұқымды шырынды жеміс. Жеміс серігінің шырынды бөлігі эңдокарпийі жатынның шырынды қалташаларға айналған ішкі эпидермасының қалындаған түктерінен пайда болған. Бұл жеміс цитрустарға (лимон, апельсин, мандарин) тән.
С ү й е к т і ж е м і с — көбіне бір тұқымды болып келеді, бір жеміс жапырақшасынан өнеді. Жеміс серігі үш бөлікке жіктелген: экзокарпийі — жұқа және жұмсақ қабықша, мезокарпийі — жұмсақ, шырынды, ал эндокарпийі — көп қабатты және сүректеніп кеткен (сүйек). Сүйекті жемістерге: раушангүлдер тұқымдасының шие, шабдалы, долана және т.б. өкілдері жатады. Таңқурайдың күрделі гинецейінен күрделі сүйекті жеміс дамиды. Сирек жағдайда құрғақ сүйекті жеміс кездеседі, мысалы бадамның түрлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет