Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет41/124
Дата11.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#131432
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   124
Байланысты:
2. Лекция (7)
575032.pptx (4), 575032.pptx (4), Tast 1 бопа, Tast 1 бопа, Композиция лек (1), тест емтихан, Ғалымдардың дінге көз қарасы, Паранаука основания, место и роль в современной культуре, stud.kz-116152
4. Түйсiктердiң жiктелуi: 
1906 жылы ағылшын физиологы Шерингтонмен организмде орналасуы 
мен атқаратын қызметi бойынша сенсорлық процестердiң жiктеуi шығарылды. Ол сезгiштiктiң үш 
тобын бөлiп көрсеттi: интероцепция, экстероцепция және проприоцепция. 
1)
Экстероцептивтi 
деп сыртқы тiтiркендiргiштердiң әсерлерiне сезгiштiктi айтады. Ол бес 
негiзгi модалдықтан тұрады – көру, есту, сипап сезу, иiс сезу және дәм сезу. Экстероцептор маңызды 
бағдарлаушы және реттеушi қызмет атқарады. Объектiнiң рецепторға әсерi бойынша 
экстероцепторлардың екi түрiн бөлiп көрсетедi: контакттық және дистакттық. Контакттық рецепторлар, 
дистанттыққа қарағанда, филогенезде ертерек қалыптасқан. Оларға дәм сезу, сипап сезу рецепторлары 
жатады. Дистанттыққа көру, есту, иiс сезу рецепторлары кiредi. Бұлар құрылымы мен функциялары 
жағынан күрделi қызмет атқарады. 
2)
Проприоцептивтi 
- дененiң немесе оның бөлiктерiнiң кеңiстiктегi орналасуы мен қозғалысына 
сезiмталдық. Қозғалысты қабылдауға арналған проприоцепцияның түрiн 
кинестезия
деп атайды.
 
Проприоцептивтiк 
түйсiктер, 
экстероцептивтiкпен 
салыстырғанда, 
жақсы 
байқалмайды. 
Проприоцепцияның негiзiнде пайда болатын дене бөлiктерiнiң бiрыңғай орналасуын 
дене схемасы
деп 
атайды. Әсiресе, эфференттiк бұйрықтарды атқаруда проприоцепциядан келетiн дене схемасы жөнiндегi 
ақпаратты пайдалану маңызды. Себебi, оларды ескерудiң негiзiнде ғана дененi дұрыс қозғалтуға болады. 
Сондықтан, мидан келетiн сигнал дұрыс орындалу үшiн перифериялық эфференттiк мүшенiң күйiн, 
қалпын ескерген дұрыс. 
4) Интероцептивтi 
– организмнiң iшкi ортасында жүретiн алмасу процестерiне сезгiштiк. 
Интероцепторлар қатарына механо- және хеморецепторлар кiредi. Олар барлық iшкi мүшелерде 
кездеседi және сан-алуан органикалық процестерге - қанның химиялық құрамы мен қысымының 
өзгеруiне, ткандердiң температурасының өзгеруiне, асқазанның толуының және т.б. өзгеруiне жауап 
бередi. Интероцептивтi қызмет ету көбiнесе санадан тыс жүзеге асады. Органикалық түйсiктер пайда 
болғанымен, тек диффуздық түрде организмнiң жалпы күйiн комфорт немесе дискомфорт, қысылу 
немесе босаңсу, мазасыздық немесе тыныштық түрiндегi көбiнесе эмоционалдық боялған күйiн 
бейнелейдi. И.М. Сеченов оларды ңқараңғы сезiмдерң деп атаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет