Ғалымдардың дінге көз қарасы



Дата31.10.2022
өлшемі15,47 Kb.
#155931
Байланысты:
Ғалымдардың дінге көз қарасы


Ғалымдардың дінге көз қарасы
Эссе жұмысы
Дін(ағыл.регіліон)дегеніміз сеншілердің әрекеті мен ойлауын,моралы мен сенімін белгілеуді және шектеуді көздейтін,табиғаттан тысқары,яғни тылсым,трансцентті құдіретке,рухани нышан түсініктерге нанатын және сиынатын,бақи,періште,шайтан секілді тылсым құбылыстарды шын деп еспетейтін мистикалық түсінік жүйесі,әлеуметтік-мәдени құбылыс болып,оның көбінесе тауап ететін қасиетті заты,не орыны,киелі кітабы,пайғамбары,діни наным жүйесі,сиыну ережелері мен культтары,саяси-мәдени ұйымдары болуы мүмкін.
Ғылым уақыт-кеңістік бойында бар,ақылмен түсіндіру мүмкіндігіне ие,математикалық есептеуге келетін кез-келген сұраққа дәйекті жауап іздейді.Ал,діндегі тақырыптар нақты болмағандықтан,ғалымдар діни тақырыптарды зерттемейдіМысалы,ғалымдар шайтанды,о дүниені зерттемейді,өйткені ол адамның таным қабілетінің сыртындағы рас-өтірігі дәлелденбейтін нәрсе.
Ғалымдар табиғат құбылыстарын себеп-салдардетерминизмі арқылы айқындайды.Аристотель айтқандай: «Адам бір нәрсенің не үшін осылай екенін білгенде барып ол нәрсе туралы білімі болады».Дін бәрінің себебін бір құдыретті күшке апарып тірейді.Мысалы,ғалымдарлың зерттеуі бойынша «найзағай-оң теріс зарядталған бұлттардың электрлі реакциясы».Ал,ислам діні бойынша ол «Құдайдың шайтанды ұратын қамшысы»
Ғалымдар зерттеуінде дәріптеу мен күдіктену қатар жүреді,ол сенімді аргументтерді дәріптейді,1+1=2секілді қарапайым ережелер бұлжымайды,бірақ онда тағы күдік болады.Ол кез-келген аксиома,теорияларға күмәнмен қарай алады.Өйткені ғылым адамзат ақылы ме қабілетіне негізделген.Ол еркін,ол ашық,ол тірі,жанды.Ғалымдар-фактке,аргументке,дәлелдеу мен тұжырымдауға негізделеді.Бұларсыз ешбір пікірді дәріптемейді.
Дін,өз кезегінде,тексеріле алмайтын,адамның санасына түсініксіз,тек жо,ары күштерге белгілі делінген догмаларға негізделеді.Дін бәріне біртұтас жауап бергендей болады, «тас неге жерге түсті?»десеңіз олар «құдай түсіріп отыр»-деп жауап береді.Дін зерттеу немесе тексеруге мүмкіндік бермейді,күдіктенуді жек көреді.
Ғалымдардың зерттеуінше табиғат динамикалы,яғни үнемі қозғалыста,жетілу күйінде,ізденіс күйінде болып келеді.Қоғам мен табиғатты зерттеу қатар дамып отырады.
Ал дін консервативті,статикалы(тыныш) болады.Яғни қоғаммен бірге даму емес,бұрын қалай аталса,солай қалдырады.Егер қоғам даму барысында сәйкессіздіктер болса,оны адасқандық деп жариялайды.Дегенмен,діндер де жаңа ғылыми,философиялық байқауларды өзіне икемдеуге тырысады.Мысалы,жойқын жарылыс ешбір дінді растамайтын физикалық космология теориясы.Бірақ оны Христиан діні мен Ислам діні өздерін растау үшін қолдануға талпынуда.
Ғалымдар үнемі ізденіс үстінде,дәлелденген фактілерге де күмәнданып,қайта қарастыра алады.Дінде бұлай жасауға мүлде тиым салынған.Егер бір мәселеге күмәндансаңыз ооның ғұлама(пәтуа)берушісін тыңдауға тиістісіз,өз бетінше ізденеу адасқандық,тіпті діннің жауы деп айыпталады.Иудаизм кезінде Бенадикт Спинозаны идеяларна бола діннен қуып,тіпті өміріне қәуіпте тудығаны белгілі
Ғалымдар үнемі ізденісте,үнемі оқуды талап етеді.Сондықтанда ғылыммен айналысу үшін біршама қиын.Қәзіргі ғылыми зерттеулерге біршама қаражат кетеді,сондықтан жеке адамдар еркін айналыса алмайды.Жаңа теорияларды көп санды жұрт түсінбейді.Ал дін баршаға бірдей түсінікті,ыңғайлы тек сену болса болды,өйткені діндер негізінен ортағасырлық деңгейде сөйлейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет