Мұғалім шеберлігін шыңдау – кәсіби білім талабы.
Бүгінгі ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу - әрбір ұстаздың басты міндеті. Қайсыбір мұғалімдер сабақтың жаңа түрін пайдаланса, кебіреулері жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесін қолданады.Қай әдісті пайдаланса да, мақсат – бағдарламадағы материалдың мазмұнын шәкірт бойына сіңіру, жаңа материалды шеберлікпен түсіндіре білу. Қазіргі жаҺанда ну заманында білім саласының жаңа жүйеге көшуі әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуді, батыл шығармашалдық ізденісті талап етеді.
Ж.Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген. Ұстаздың алдына қойған мақсаты – шәкіртті субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу, ойлау дағдыларын жетілдіру. Осы мақсатпен оқушының шығармашылық қабілетін дамыту. Мұндағы мақсат – оқушылардың дүниетанымын кеңейту және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық мүмкіндік туғызу, қабілетіне қарай шығармашылық жұмыспен шұғылдануға машықтандыру, бойындағы қасиетіне қарай ізденуге жол көрсету, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік беру. Бүгінгі күнде қоғам алға қойып отырған талаптардың бірі, осы шығармашылық адымын тәрбиелеу.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай қабілет – олардың белгілі бір іс-әрекетке бейімділіг арқылы көрінеді. Бейімділік – бұл адамның белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңіл аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сондықтан оқушылардың бейімділіктерін дер кезінде көре біліп, олармен өз қабілеттеріне орай жұмыс істеу – мұғалімнің міндетті борышы. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы әбден мүмкін. Мұғалімнің міндеті – оқушының бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Кез-келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Баланың қабілеті мен талантын ашуды неғұрлым ертерек бастаса, соғұрлым оның қабілеті толық ашылуы мүмкін.
Әр пәннің жеке ерекшелігіне орай ізденіп, әдіс-тәсілдерін түрлендіру қажет. Бұл тұрғыдан табысқа жету, көбінесе ұстаздың оқыту құралы. әдіс-тәсілдің жалпы сабақ өту үрдісіндегі барлық жиынтық технологиясын кәсіби шеберлікпен меңгерумен айқындалады, әрі мұның ішіндегі ең бастысы мұғалім сөзі болып табылады. Соңғы жылдары педагогикалық ғылымын оқып-үйренуде мұғалім сөзінің құдыреттілігін айқындайтын жаңа тіркестер пайда болды. «Оқыту тілі», «Оқу педагогикалық тіл» т.б. Педагогика ғылымдарында бұл мәселеге ерекше көңіл бөледі және басты назарда адам тұрады. Өйткені, адам - тілдің сақтаушысы, әрі ойлап табушысы. Ал, Ушинскийдің дидактикалық жүйесінде «білімді кім қанша бойына сіңірсе, ол сонша ақыл-ойға бай әрі дамуы да жоғары болады» дейді. Сондықтан да мұғалім оқушының қабілетін, еркін ойлау жүйесін, қабылдау зерделілігін дөп басып, осы қасиеттерін жетілдіре түсуде үлкен мәнге ие.
Достарыңызбен бөлісу: |