Жылдам оқУҒА Үйрету мүмкіндіктері шарбақбаева Бақыт Қабдынасырқызы №35 жалпы орта білім беру мектебі,бастауыш сынып



Дата11.01.2017
өлшемі65,12 Kb.
#7039
ЖЫЛДАМ ОҚУҒА ҮЙРЕТУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Шарбақбаева Бақыт Қабдынасырқызы
35 жалпы орта білім беру мектебі,бастауыш сынып
Егеменді еліміздің бүігінгі таңдағы ең басты мақсаты - жан –жақты әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Жас ұрпаққа білім беру де,оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу-әр ұстаздың,әр мектептің ең басты,ең қасиетті міндеті .

Мектепте ана тілі сабағы баланы саналы түрде оқуға, жазуға және сөйлеуге үйретеді. Бастауыш сыныпта ана тілі бағдарламасы 3 құрамды бөліктен құралады:сауат ашу, тіл дамыту, оқу дағдысын қалыптастыру.

Дұрыс, түсініп, жылдам, мәнерлеп оқу - бір- бірімен тығыз байланысты. Сондықтан оқушыны жаттықтыру үшін де әр сабақта іске асырып отыру қажет.

В.Н. Зайцев –Донецк мемлекеттік университетінің оқытушысы өзінің лабораториясында « Жылдам оқуға үйрету мүмкіндіктері » деген тақырыпта жан-жақты тәжірибе жүргізіп,құнды әдістемелік ұсыныстар жасады.

Мәтінді әрі жылдам, әрі дұрыс, әрі мазмұнды түсіне оқи білу –үлкен еңбектің жемісі.Сондықтан жылдам оқу-оқушы үлгерімінің негізгі факторы.

Әдетте кім тез оқыса, сол көп оқиды, көп оқыса-көп біледі. Оқу жылдамдығы артқан сайын, есте сақтау қабілеті де, ақыл –ой еңбегіне ынталығы да арта түседі. Сондықтан бізге В:И Зайцев жылдам оқудың маңызына ,оның ғылыми, экономикалық, тәрбиелік мәндерін аша келе .жылдам оқи білуге үйрету жолдарын , оның мүмкіндіктерін толық қарастыра отырып, тәжірибе жұмыстарынан бірнеше ұсыныс жасайды. Бұл ұсынысты кез келген мектеп жағдайында пайдаланып жұмыс істеуге болады. Оқу жаттығу жұмыстарын бірден ұзақ жүргізгеннен гөрі жиі жүргізгені тиімді. Сондықтан белгілі бір дағдыны –қалыптастырғанда оған жаттығуды ұзақ уақыт жүргізгеннен де жиі, бірақ қысқа жаттыққан дұрыс.

Біздер әдетте үйде баланы отырғызып, /әңгіме, ертегіні / оқып

болмай, тұрмайсың деп міндеттеп қоямыз.егер бала нашар оқитын

болса тұтас ертегіні ,не әңгіме оқу үшін бір сағаттан аса уақыт керек.Ал бұл

жағдайда біріншіден, баланы жалықтырып шаршатады,екіншіден ,оның

оқуға деген ынтасын жояды.Онан да 5 минуттан бірнешеге бөліп

оқытса,әлдеқайда тиімді.Бала бір абзацты оқып, мазмұнын айтады.

Сухомлинскийдің жаппай дауыстап оқу –негізгі әдістерінің бірі болған.

Қазір бұл әдіс барлық жердегі көптеген мектептерде тиімді әдіс ретінде

қолданылып жүр.Мұнда әр оқушы 2 минуттай жаттыға алалды.

Жаппай дауыстап оқу дегеніміз - барлық оқушы бірден, көршісіне және басқаларға кедергі жасамайтындай дәрежеде дауыстап оқиды.

Әркім өзінше өз жылдамдығымен оқиды.Уақытты 2 минуттан бірте -бірте 5 минутқа дейін көбейтуге болады. Әр сабақтағы 5 минуттық оқу.

Егер баланың темпі нашар болса, оқығысы келмесе не істеу керек ?

Мұндай жағдайда үзіп-үзіп оқу тиімді. Бала 1-2 жол оқып, сурет көреді де, дем алады. Мұндай суретті кітапшалар,ертегілер алып балаларға оқуына тиімді.

Оқу техникасының төмен болу себебінің бірі – баланың есте сақтау қабілетінің нашар болуынан. Мысалы: бала 6- 8 сөзден тұратын сөйлемді оқыса, соңына келгенде басындағы 2-3 сөзді ұмытып қалады да, сөйлем мазмұнын түсінбейді.

Оқушының есте сақтау қабілетін нығайту – оқушының сауатты жазуының бір негізгі шарты болып табылады.Көп тәжірибенің бірі ретінде профессор И:Т: Федоренко жасаған көру диктантын пайдалануға болады.

Көру диктантын қалай тиімді жүргізуге болады? Тақтаға 6 сөйлем жазылып,1 сөйлем ғанға көрсетіледі, қалғаны жабылып қойылады. Дауыстап оқылмайды іштей оқуға ғана уақыт беріледі де сөйлем өшіріледі. Мұғалім есте сақтау бойынша дәптерге жазуды тапсырады.

Егер бірер оқушы жаза алмаса, көршісінен көшіруге рұқсат етіледі, бірақ келесі сөйлемді өзі жазу керектігі ескеріліеді. Егер тапсырманы орындай алмаған оқушы көп болса,бір тапсырма бірнеше рет қайталануы мүмкін.Барлық оқушы мәтінді / сөйлемді / өз бетімен жазуға жеткенше келесі текске көшуге болмайды және көру диктанты күнделікті жазылуы керек.

Егер күнделікті жазылмаса, есте сақтау қабілетін шыңдау жемісті нәтиже бермейді. Ал тұрақты жүргізілсе, бір айдан соң оқушылардың оқу мен жазуындағы алға жылжу бар екені байқалады.

Тағы бір ескеретін жай ,сөйлемдер сабақ тақырыбына сай келмесе ,басқа сөйлемдер алуға болады., тек саны бірте-бірте өсіп отыруы қажет.2 -3 сыныптарда оқушылардың бір –бірінің қатесін екіншісіне тапқызу тәсілі тиімді. Сонымен қатар оқушыларды бір –бірімен әңгіме ,ертегі, мысалдарды рольге бөліп оқытқанда, балалар қызығып оқиды. Бірде кітапты талдау,бірде бірігіп кітап оқу, өздеріне ұнаған үзінділерін оқыту, бірде ойын ,бірде инсценировка, ертеңгілік түрінде болып келеді. Сол сияқты көбіне ертегілер алып оқытқан өте қолайлы, себебі олардың бір –біріне өте ұқсас қайталанып отыратын жерлері көп болып келеді.

Оқу жылдамдығын жақсартуда мынадай кестелермен оқушылармен сауат ашуда әліппе кезеңіндегі буынға бөлу , буындар арқылы , буын, сөздер оқуға жаттықтыру кестесі құрылды. Бұнда оқушылар бір минутта қанша буын оқи алады.

1-ші тапсырма: Буындар,оны оқиды, есте сақтау арқылы жатқа жазады.

2-ші тапсырма: Буынды сөздер ./1буынды. 2 буынды .3 буынды,4 буынды

сөздер /

3- ші тапсырма :Сөйлемдер. Сөйлемдердің әріптері бірте бірте көбейіп отырады.

Бірнеше таблицалар құрылады.

№ 1


Ма ба са қа ла ме ке к ку жу бу ру ра па пе же ше ту ол да ме ма та жу су ақ ит ат то от ва жу са де за ше ца ап ма ит ми ба ва да ро то уа ал аж же ше ық ұл үр ұс қу аң ға үй би ақ ө т қа ке ұқ қу су бу шо шө аң ең ға са то от ва жу са де за ше ца ап ма ит ми ба ва да ру ла ба са қа ла ме ке к ку жу бу ру ра па пе
№2

Ба жу са де за ше ца ап ма ит ми ба ва да ро то уа ал аж же ше ық ұл үр ұс қу аң ға үй би ақ ө т қа ке ұқ қу су бу шо ап ти жи ық са ма ми ып ыр ыш от ор оп ох

пе ре де ше ве це ке ғы қы шы ры ды мы бы ми ти уа ау ра ар ор ро ол ло ож жо тытыт па ка кк не гн ше ще ццы фы ры мы сы чы ды да де ұж үж өж іж әж

№3


Апа ата пан тан қан сан сал тал пан жол доп кет кел шық тық иық тыс тан бар бол қол дөң қал қат жат бат тап тар жоқ жөң жон пан дар жар кес тес тіл көз қол жас тас төс бас тас бел сөл төл бық бар бор тор жық кет сес кес мыс тыс сең

Жуа сия қия жая бақ сақ түс тұс ғап ген қар мұз екі бес елу жүз бөл біл бір кіл тіс шаш


№ 4

Қант сана шана бала дала бра пана қала сана тана жент сарт құрт сұрт сарт тарс мырс құрт қара сары алты саға кере бере тере жаға таға тақа мырт қуан олар бұла тара тыры жыры кент шері дерт тағы бағы жонр қоры ұрус тұры зеке теке кене реке хана жаңа қына жыра тауы бары келі селі желі соңы ұзақ тұза өзен көлі теңі шәлі киім кілт сәби арша Диас Дана Сара Азат Әмір Адия Азел


№ 5

Балық тарақ қабақ тарас шашау жарас борас барыс жарыс тартыс келіс кетіс барыс қанат халат рақат жекет мынау санау танау қарау жарау кенеу шенеу жақып халық бірлі теріс керіс ғажап ұрысу кәміл жуасы кітап мамық жолық ракет мысық шыршы Аяжан Алтын Диана Данел талай қызық


№6

Жаппай қақпай жараса жұрнал төбеті жақыны халықы рақаты зымыра панасы мамыры пышағы танауы жалауы уақыты сақина моншақ тарағы жүгені жүргені

Құшағы шағала құжаты мазмұн жұмысы ақиқат топтау жоқтау шебері шеңбер бүркіт Балқаш Аязхан Шынғыз Әлішер Саяжан Аружан Дастан Дәулет Айзада

№ 7


Алмагүл жылынды қаңбағы керемет текемет бақшаны қасиеті Томерис қабілет негізгі бірнеше жаңалық ұқсайды жүретін жылынды қаңбағы керемет текемет бақшаны қасиеті Томерис қабілет негізгі бірнеше жаңалық ұқсайды қараған тойлауы сұрайды.

№ 8 теміржол Бақытбек Асанали Бейбарыс демалысы ағаштары балықшы дәріхана теміртас жаңалық асханаға Астанаға


№ 9
Екібастұз балмұздақ құрлысшы шеберхана табиғатты өнерпазы халқының

Қарағанды Жезқазған жарқырап


№ 10
1. Қыс келді

2. Аспан ашық

3. Күн жылынды

4. Бақыт ауырды

5. Кітпаты оқыды

6. Дәрігер келді

№ 11.

1Құстар қайтты



2. Күн сыта түсті

3. Балалар барды

4. Малды қайырды

5. Сабақтан келді

6 . Жапырақ түсті
№ 12

1.Сәуле қалаға келді

2. Жасыл шам жарқ етті

3. Біздің сыеып кең,таза

4.Әжем ертегі оқып берді

5. Әңгіме ұзақ және қызық

6. Оқу инемен құдық қазғандай
№ 10

1.Шоқан зеректе алғыр еді

2. Адам болам десеңіз

3. Сыныпта он екі қыз бар

4. Қазақстан – егеменді тәуелсіз ел

5. Астана - әсем қала



6. Астық көп еңбекпен өндіріледі


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Бастауыш мектеп, №3 2008ж.

  2. Бастауыш мектеп, №9-10 2008ж.

  3. Бастауыш мектеп, №11 2008ж.

  4. Бастауыш мектеп №12 2008ж.

  5. Қ. Қадашева. Қазақ тілін жаңаша жаңғыртып оқыту. Алматы, 1998ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет