Лекциялар: 5 сағ. Практикалық сабақтар: 25 сағ: СӨЖ: 30 сағ. ОбсөЖ: 30 сағ. Барлық сағат саны: 90 сағ



бет3/4
Дата28.06.2017
өлшемі0,69 Mb.
#20317
түріЛекция
1   2   3   4

ЛЕКЦИЯ ҚЫСҚАША КУРСЫ



8. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

1-кредит

Лекция 1.



Тақырыбы: “Дизайн негізі”пәнінің курысының тапсырмалары мен әдістері.

Жоспар


1. Пәнің мақсаты мен міндеттері, оның оқу процесінің орны.

2. Дизайнның негізгі түсініктері.

3. Адамның тұратын жерін қолдан жасап шығару.

Дизайын негізі курсының мақсаты студенттер алдына қойған мақсатты көру арқылы зеттеп дамытып және қойылған құрылымды жан жақты ізденіп зеттеу, сурет пен графика негіздерін болашақта игеру, сонымен қатар кәсіби денгейіне қалыптастырып кәсіби-педагогикалық жолмен болашақ суретші педагогты шығару.

Болашақ дизайнер өнерінің негізін жобалау графика жолмен қалыптастыруда, берілген көрінісін дизайының көлемді-кеңістікті түрде құрыастыру, композицияның тұтастығын ұстай отыра көркем-мәнерлі орындау. Болашақ педагогикалық жолда студенттердің ой өрісін қалыптастырып дамытуда, қоршаған орта мен кеңістікті біртұтас ойластыру, сәулет өнерінің әдістерімен танысу және осының бәрін жинақтап графикалфқ дизайын тұрғысында практикалық жұмыс орындау.

Дизайын маманы бірнеше мамандықтарды кәсіби денгейде оқу процесі барысында қалыптастыра алады. Ол жергілікті жердің, ұлттық дәстүрін ескере отыра көркем безендірілген дизайынын құру, дизайынерлік ойдың өркендеу тарихын жақсы білу, үйдің ішкі-сыртқы құрлымын жақсы меңгеріп игеру қажет.

Дизайнер жобаны практика жүзінде жасап білу қажет және макетті жасап үйрену, жобаның эскизін басынан аяғына дейін бірнеше көріністе жасап көрсете білу, жаңа әдістері, жаңа материал түрлерін білу оны дұрыс қолдану қажет “Дизай негізі” мамандығының мазмұны осы жайлы айтылуы керек.


  • графикалық жобаны үйренуді қалыптастыру;

  • жоба ісінің негізгі әдістерін игеру;

  • дизайнерлік жобаның ерекшелігімен танысу;

  • сәулет өнерінің композициялық ережелерімен және негізгі заңдылық принциптерін меңгеру;

  • көріністің кеңістікте композициялық тұтастығын құрастыруды практикада дамыту;

  • дизайерлік кәсіби тұрғыдағы графикалфқ материалдардың техникалық әдістерін игеру;

  • түстік, реңдік ерекшеліктерді байланыстыруда, көлемі арқылы көрінісін сызық немеседаққа дейін жеткізіп көрсету;

  • түстерді қолдана отыра сәнді қолданбалы арнайы композициялық әдістерді игеру;

  • “Дизайн негізі” пәніне студенттер архитектура композициясымен, графика, макет жасау мен жобалдау негіздерін игереді. Композициялық құрылымға көніл бөле отыра графикалық тұрғыда шешу. Сонымен қатар студенттер қоршаған ортамен байланыстыра отыра құрылыстың көрінісін көрсетуді үйренеді.

Лекция 2.



Тақырыбы: Дизайның дамуы мен шығу тарихы

Жоспар


1. Дизайнның дамуы мен шығу тарихы?

2. АҚШ-та, Ресейде, Батыс Европадағы дизайның дамуы.

3. Түрлену әдісі мен бағыты. Жаңаша тұрғыдағы дизайн.

4. Қазақстандағы дизайн.


Бізді қоршаған заттар: киім және аяқкиім , ыдыс аяқ және үй жиһазы, сумка және қалам... адам оны ойлап тапты, себебі өмірдін жеңілдету үшін және де ұнамды және қолайлы етіп жасады. XVIII- ғасырдың атақты неміс фолосовы И.Кант былай деді. Бұл “екінші табиғат” – бізді қоршаған мамандықтар әлемі деп атады.

Дизайн (ағылшын design – жоба, , жобалау, сызу, жоспар, сурет) – көркемсурет және сәулет өнерімен өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы. Дизайн қызметінің ерекшелігін - әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асыруып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу.

“Дизайн” атауы 1928 жылы АҚШ – та пайда болды. Дизайнның терминдік атауы жаңа болғанымен , оның негізі ерте замандардан - ақ қалыптасқан.

Мысалы, қазақ халқының қолөнер бұйымдарының қайғыланбас түрлері этнодизайндық үлгіде жасалған (қобыз, домбыра, сандық, ожау, торсыз, қару – жарақтар, сәндік әшекейлі бұйымдар, т.б.).

Дизайн өнері заттар мен нысандардың эстетикалық және тұтынушылық сапасын олардың тікелей қолданысына арналған тиімді құрылыммен , дайындалу технологиялық байланыстарын көптеген әдістерге жүгінеді.

Безендіру өнерінде де дизайнның әдіс – тәсілдері мен тәжірибесі кең қолданылады. Қоғамдық – мәдени өмірде дизайнның қолданылмайтын орны сирек дизайн өнері орындалу тәсіліне және қолдану саласына байланысты көптеген түрлерге бөлінеді , өндірісті дизайн , қоршаған орта дизайны , графикалық дизайн, киім дизайны, интерьер дизайны, экстерер дизайн, көркемдеп құрастыру дизайн, жиһаз дизайн, гүл дизайны, компютерлік дизайн т.б.

Сондықтан дизайн жасаушы суретші не сәулетші ғана емес, саулолог, психолог, инженер дизайн өнері заман талабына орай үнемі өзгеріп, дамып отырады. ТМД елдерінде , соның ішінде Қазақстанда да 1960 жылдың бастап дизайн өнері жүйелі түрде қалыптасып, дами бастады. 1987 ж. Қазақстан дизайнерлер одағы құрылды. Дизайн өнері қазіргі өскелең тұрмыстық жағдайлар мен талап-сұраныстарға байланысты жаңа сипаттарға ие болуда. Жарнама, пракаттар, кітап безіндіру, өндіріс бұйымдарын жасау, жиһаз бұйымдарының жаңа үлгілерін өмірге әкелу т.б. қазіргі заманғы кәсіптердің дамып – жетілуі дизайн өнерімен тығыз байланысты.

Сондықтан дизанйның қоғамдық өмір мен өнеркәсіптің , өндіріс пен тұтынушының орақатынасындағы рөль мен маңызы үлкен.

Ұлттық этнодизайн да сезімдік қолтаңбасы бар өнер ретінде заман талабына сай дамыу үстінде.
Лекция 3.
Тақырыбы: Сәулет өнері және интерьер.

Жоспар


1. Сулер өнері және интерьер.

2. Дизайнның негізгі міндеттері. Жарнамадағы біртұтастық пен

бірлестік. Жарнамадағы тепе-тендік, жарық-көлеңке бірлестігі.


  1. Интерьерді құрудағы негізгі міндеттер.

Архитектура (тат. Architectura- құрлысшы), сәулет өнері- қоғамның материалдық,

идеялық- эстетикалық қажетін өтейтін ғимараттарды, басқа да мекен-жайларды жобалау, салу өнері. Материалдық игілікті жасаудың басты саласы бола отырып, архитектура қоғамның экономикасымен, өндіріс дамуының дәрежесімен және өндірістік қарым-қатнас сипатымен, ғылым және техника жетістіктерімен тығыз байланыста болады. Сәулет өнері шығармалары тек практикалық мақсаттар үшін емес, адамды қоршаған ортаның эстетикасын қалыптастырып, қоғамның белгілі бір идеялық мақсат-мұратын, эстетикалық мұқтажын бейнелі түрде баяндайды.

Сәулет өнері адам қоғамы дамуының ерте кезеңінде пайда болған. Ертеде адамдар өз тіршілігін сақтауда табиғаттың дүлей күштерімен үздіксіз күресе жүріп, алғашқы мекендерін тек жыртқыш аңдардан қорғану үшін жасаған. Баспана ретінде салынған үнгірлер, күркелер, шұңқырлар, орамдар, басқа да дөрекі орындардың тек практикалық жағы басым болған. Бірак тағылық дәуірінің жоғарғы сатысында сәулет өнерінің белгілері пайда болды. Бұдан кейін ғимараттарды қажеттілік заңы да әсер ете бастады. Қоғамның талап-талғамы, оның қажетінің күн санап өсуі-сәулет өнері шығармасының әр түрлі салалары мен түрлерінің дамып, жетілуіне әсер етті. Солардың ішінде айрықша маңыздылары: тұрғын үйлер мен өнеркәсіп орындары мен әр түрлі қоғамдық мекемелер.

Архитектураның тарихи дамуы, оның әр елде әр дәуірде әр басқа болуы қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылысының өзгеруіне , тұрмыс-салт ерекшеліктеріне, құрылыс техникасының өркендеуі мен ұйымдастыру тәсіліне, табиғи жағдайларына, рухани жағы мен мәдениеттің , эстетик талғамының өсуіне байланысты. Иархитектураның шығуы дөрекі тұрғын үйлер мен мінажат орындарын пайда болған алғашқы қауымның құрылыстың кезеңіне саяды. Сол кездің өзінде-ақ жобалаудың алғашқы әдістерін (мекен-жайлар, құрылыстар), конструкциялық жүйе (тіреу, қорған, каркас) туа бастады. Архитектураға әуелі табиғи құрылыс материялдары – тас, ағаш пайдаланылып, одан кейін пахса және қам кірпіш араласты. Адамдардың құрылысы тәжірибесі жинақталып , архит, өрнектің қажеттілігі ұғынылады.

Бүкіл әлемнің түкпір-түкпірінде халықтар мекен-жайдың қара дүрсін түрі-лашық, жер кепеден қол үзіп, ірілі-уақыты қауымдық баспаналарға, бағаналы құрылысқа көшті, бертін келе жеке семьяға лайықты бөлек үйлер салынды. Таптық антогонистік қоғамның шығуымен , мол материялдың ресустардың билеуші топтың қолына жиналуымен байланысты солардың игілігіне арналып , зәулім ғимараттар салынса, қаналушы халықтың еншісіне лашықтар тиді. Бұл алғашқы мыңдаған жылдар бойы өмір сүріп келеді. Билеуші таптың қажетін өтейтін зәулім де монументті үйлер сол кездің прогрессвті үлгісімен бағалы, берік материялдардан салынады. Сәулетшінің творчестволық ақыл-ойынан , халық өнерпаздығынан туған бұл сарайлар мен тұрғын үйлер , ғибадатханалар , монастрылар. Замоктар мен каналдар, көпірлер т.б. ерекшелігін және қоғамдық сана-сезімнің өз дәуіріне тән дәрежесін танытады. Қоғамның әлеуметтік жағдайының өзгеруіне сәйкес және әр елдің әр кезеңдегі архит. Стильдері бұл құрылыстарда айқын із қалдырып отырды. Ерте кезеңдегі Қосөзен елдерінде ғимараттардың негізгі түрлері – мінажат үшін салынған сатылы зиккураттар, ғибадатханалар , сарайлар , тұрғын үйлер , каналдар болды. Шумери мәдениетінің қалған монументті сәулет өнерінің үлгісі – Эль-Обейдадағы ғибадатхана. Оның құрылысына бағына-тіреулер тұңғыш рет енгізілді.

Қазақстан жеріндегі ең байырғы құрылыс ескерткіштер сақтар мәдениетімен байланысты. Солардың бірі – сырдарияның төменгі ағысында, Қызылорда облысынан табылған “Шірік Рабат” атты қоныс С.П.Толстовтың зерттеуінше, бұл - егін, мал баққан сақтардың тұрақты бекініс жайы. Оның ішінде көп бөлмелі тұрғын үйлер, кірпіштер қаланған екі қабатты, зәулім бекініс бар (30х30х9см). Жетісу өлкесін мекендеген сақтардан қалған көптеген оба қорғандардан Бесшатыр атты алып оба-молалардан атауға болады. Олар патшаларға, әулетті ру басшыларына арнап салынған. Ескерткіштердің конструкциясы мынадай: жуан, жұмыс бөренелерден қиюластырған қабір үстіне конус формалы тас-топырақ үйіріп, сырты ірі таспен өріледі. Ал Тараз, Құлан, Сайрам , Отырар, Сығанақ, Құмкент сияқты ірі қалалар б.з-дың 6-7 ғасырларында белгілі болса, бұлар феодалдық қарым-қатнас пен сауда-саттықтың күшейген кезінде 10-12 ғасырда дамудың жоғарғы сатысна көтеріледі. Осы кездің өзінде-ақ қазақтың ұлттық архит-құрылыс әдістері мен монументті ескерткіштердің формалары (ғимаратты күмбездеп жабу, қабырға кіріктірген жартылай бағаналарды қолдану) қалыптаса бастайды. Ғимараттарды көркемдеуде оюланған террксттарды плиталар , мықты құрылыс материял ретінде 9 ғасырдан бастап кеңінен пайдаланылады. Ал ішкі қабырғалар жабсырмалы әшекейлермен және фрескалармен көркемделеді. Қабырғаны әшекейлеу , оюлар тіпті шикі кірпіштен салынған үйлерде де қолданылады. Қазақтың 11-12 ғасырдағы архит. Ескерткіш мұралардың біздің заманымызға жеткені - Жамбыл қаласының маңындағы Бабаша хатун (10-11ғ) Аиша бибі (11-12ғ) ескерткіштері болса, 14ғ асырда Түркістандағы атақты Ахмед Яссауи комплексі ірге көтерді.

Архит композициясының байлығы және алуан түрлілігі, қалалық ансамбілінің өрістілігі, архит, образдарының бейнелелігі жөнінде орыс архитектурасы 18 ғасырдың аяғы, 19 ғасырдың басында дүние жүзілік архитектурада жетекшілік орын алды.

Интерьер (франц. Interieur – ішкі ) – 1) архитектурада ғимараттың ішкі кеңістігі. Интерьер салынған құрылыстың атқаратын қызметіне, идеялық мазмұнына қарай жасалады. Ол үшін үй құрылысының арнайы жоспары жасалып, нақыштау, бөлмелерге бөлу материялдар белгіленеді. Ежелгі Египет пен орта ғасыр ғибадатханалары интерьерлердің алып аумақты , үрей шақырар мистикалық қара көлеңкелі болып келуі сананың құдай алдындағы қауқарсыздығын уағыздаса, салтанатты патша сарайлары үстем тап өктемдігін мадақтаған. 18-19 ғасырда орыс архитектурасы интерьердің клссикалық түрлерін жасады. Сәулетші өзі салатын үйдің тек сыртқы ажарын ғана емес, ішкі көркіне де көп көңіл бөледі. Үйдің ішін безендіру өнерін “интерьер” деп атйды. Ол франсуздың “ішкі ” деген сөзінен шыққан. Бұл сөздің басқа да мағынасы бар. Бөлменің ішіндегі бүкіл жиһазы мен тұтас көрінісін де интерьер дейді.

Сәулет өнерінде интерьердің халық игілігіне, эстетикалық ләззат дүниесіне , өмір сүрер ортаны жағдайлы жасауға арнап отыр. Біздің елімізде тұрғын үйлер және ғимараттармен қатар метрополитен сияқты қарапайым орындардың да интерьерін сәулетті жасау көзделеді. Алматыдағы В.И.Ленин атындағы Сарайдың , Неке сарайының , Цирк ғимаратының интерьерлері қазіргі архитектуралық үлгінің тамаша туындысына жатады. 2) Кескіндемеде голланд (П.Санредам, Э. Да Витте) және фламанд кескіндемесінің 17 – ғасырда өркендеген жанры. Интерьермен 19- ғасырда венецианов мектебі суретшілер айналысқан. Тұрмысқың және тарихи тақырыптағы картиналарда интерьер үлкен роль атқарады.

Зәулім құрылыстардың идеялық көркемдік мағанасын арттыруға ұмтылыс, классикалық архитектура мен дәстүр мұраларына сүйенудің пайдалы жақтары мол, ал кейде көзсіз көшіру архитектураға жат элементтердің бой көрсетуіне әкеп соқтырады.


Пайдаланған әдебиеттер.

1. Интерьер жилого дома. Сб.ст.., М., 1954ж.

2. Басенов Т.., Маргулан А., Мендукулов М. Архитектура Казахстана. А. 1959 г.

3.Массон М.Е. Мавзелей Ходжа Ахмеда Ясеви . Ташкент 1930 г.


Лекция 4.
Тақырыбы: Фирмалық стиьді түсіну, оның негізгі элементтері.

Жоспар


1. Фирмалық стиьдің элементтерінің құрылымы.

2. Фирмалық стиьді көрсететін негізгі элементтер.

3. Фирмалық белгілерді түсіну оған қойылатын талаптар.
Фирма (италияның firma – қол қою; лат. Firmus- берік, сенімді) 1. буржуазиялық

азаматтық правода заңды правалары бар сауда не өнеркәсіп орындарының аты.

2. СССР-де бірқатар өнеркәсіп орындарын біріктіру негізінде құрылған, заңды праволары бар және шаруашылық есепте тұратын ірі шаруашылық бірлестігі.

Фирманың кәсіпорындарды басқаруды жақсарту, басқару шығындарын қысқартып, шикізатты, материалды, өндіріс алаңын неғұрлым тиімді пайдалану сияқты экономиялық артықшылығы бар. СССР-де тұңғыш фирмалар 1961 жылы құрылды. Аса ірі фирмалар: Ленинградта “Электросила” (электр машинасын жасау), Москвада “Юность” (балалар киімі), Алматыда “Жетісу” (аяқ киім) тағы басқалар бар.

XX- ғасырдан бері жаңа заман талабына сай Кеңестер одағы тарағанан кейін

Қазақстанда да өзгерістер болды. 1991 жылдан бастап жеке меншік фирмалар жұмыс істей бастады. Ең алғашқы жылдары шет ел фирмаларымен бірлесіп жұмыс істегенде солардың фирмалық стильі мен элементерін қолданды. Қазіргі кездерде Қазақстан ұлттық фирмалар бар. Мысалыға: соның бірі “Сымбат”, “Тұскиз”. т.б бар.

Фирмаға керекті негізгі элементтер:


  1. Фирманың аты;

  2. Фирманың эмблемасы;

  3. Фирманың визиткасы;

  4. Фирманың сумкасы;

  5. Фирманың пакеті;

  6. Фирманың мөрі;


Әдебиеттер.

  1. Байжігітов Б.К. Бейнелеу өнернің философиялық мәселесі.

  2. Кеңістік пен уақыт арлығындағы сурет үлгілері Алматы. Ғылыми өлке 1998- 192 бет.

  3. Кононов А.Н.Семантика цветовых обазначений в тюрских языках.

  4. Тюркологический сборник. М.Наука 1978. стр 159-178

Лекция 5.



Тақырыбы: Сәулет композициясының көрінісі.

Жоспар


1. Сәулет композициясының куралы.

2. Кеңістіктік пен уақыт. Үш жақтан көрінісі.

3. Кеңістікте құрудың композициялық заңдылықтары. Композициялық

құрылым ырғақты, өлшемді кеңістікті көрсету.

Композиция туралы ғылым дизайндағы және өнердегі жалпы ішкі өлшем

заңдылықтары мен құрылымдарының түрлерін зерттейді сондай ақ заттың тұтастығы мен бірегейлігіне жетудің нақты тәсілдерін үйретеді. Дизайндағы композицияның мақсаты эстетикалық бағалы, конструктивті, функционалды құнды заттардың дәлелденген түрі. Заттардың құрылымы композиция заңына сәйкес заттардың белгіленген ең тәуір функционалды және конструктивті ерекшеліктерін ие болады.

Жеке үйлер мен құрылыстарды,елді мекендерді салу алдында жобалау, қажетті чертеждар мен болжамдарды дайындау кезендері болады. Жобалау кезінде архитектор мен инженер Архитектуралақ заңдылықтарына сүйене отырып, құрылыс материалдарын қалай пайдалану керектігін, салынатын ғимараттардың арналуына және маңызына сәйкес оның техникакалық экономикалық жағдайын, климат өзгешігігін тағы басқаларын алдын ала конструкциялық жүйеге сәйкестендіреді. Функционалдық, конструкциялық техникалық және экономикалық мақсаттардың шешіліміне сай архитектор архитектуралық композицияның негізгі құралдары, құрылыстың көлемдік кеңістік струтурасы, техтоникасы, масштабы, үйлесімдік, ритмикалық арақатнастары, құрылыс материалдарының фактуралары мен түр-түсі сияқты көркемдік мақсаттарды да шешуге тиіс.

Композиция көркемдік – шығармашылық процестің кез-келген түрінде үйлесімділік негізін ұсынады және көркемдік форманың әртүрлі элементтерін біртұтастай үйымдастыру болып табылады.

Композицияның талдануы екі кезеңнен тұрады:


  • композицияны құрайтын элементтерді және оның үйымдастыру деңгейін анықтау;

  • өлшем заңдылығының бұтіндей композицитяда біріктірілуі , оның үйлесімділігіне жетудің жолдарын анықтау.

Жалпы кеңістік пен уақыт философиялық , этнографиялық , фольклор, ұлттық мәдени мұра, сәулет өнері тұрғысынан бір қатар еңбектерде зерттелген оның ішінде кеңістік пен уақыттың мәні (И.Кант, Гегель), ұлт болмысының рухани – мәнеди құндылықтары, өнердің эстетикалық табиғаты (А.Айталы, Б.Қазықанова, Б.Байжігітов, А.Сейдімбек) халықтық таным түсініктің тарихи өрісі анықталған. Ағаларымыздың бұл еңбектерде кеңістік пен уақыт –халықтық рухани мұраның бастау бұлағы , таным-тұсінігі, өмір сұрудің көрінісі, шексіздік әлемі- дүние танымдылығы екенділігі тұжырымдалған.

  1. Уақыт-космогония, өмір басы және ұлттық жаңару. Аспан

әлеміндегі ай,күн, жұлдыздың қозғалысы және жыл мезгілдердің , күн мен түннің алмасып келуі көпбөрі, көктәңірі түсініктерін қалыптастырады.

  1. Кеңістік- тіршілік тынысы, яғни жер бетіндегі тау,тас,

су көріністерінде атамекет,туған жер , туған ел, жат жұрт, ал уақытпен кеңістіктің бір тұтастығы мәңгілік пен бұтінділікті қалыптастырылады.

Студенттер сәулет композициясының заңдылықтарын білуде бірнеше жолдардан өтеді.



  1. Ырғақ .

  2. Сәулет өнеріндегі кеңістік ритмі .

  3. Уақытты субъективті қабылдау білу.

  4. Сәулет өнеріндегі дизайнда , жарнамадағы кеңістіс пен уақыттың өзара байланысы.

  5. Сәулеттік кеңістіктің анықтамасы.

  6. Сәулеттік кеңістіктің сипаттамасы (қасиеті), сыртқы және ішкі кеңістіктер

Әдибеттер.



  1. Гинзбург М.Я. Ритм в архитектуре. – М., 1992ж.

  2. Байжігітов Б.К. Бейнелеу өнернің философиялық мәселесі.

  3. Кеңістік пен уақыт арлығындағы сурет үлгілері Алматы. Ғылыми өлке 1998- 192 бет.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі


«Сырдария» университеті



«Педагогика және экономика» факультеті


«Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы

«Дизайн негіздері» пәні бойынша

050107 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтанының студенттері үшін



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет