Лекциялар жиынтығЫ Құрастырушы: арнайы пән оқытушысы Барманбетова А. Н. Алматы 2010 лекция 1



бет22/32
Дата13.12.2021
өлшемі406,75 Kb.
#100273
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32
Байланысты:
РПУ конспект КАЗ
Білімалушыларға арналған ішкі тәртіп ережелері, РПУ конспект КАЗ
Динамикалық диапазон – амплитудалық сипаттама бойынша анықталады.

Жұмыс тұрақтылығы

Берілген жиілік диапазонын жабу – диапазонның кез-келген нүктесіндегі негізгі сипаттамалар берілген мәннен нашар болмау керек.
ЛЕКЦИЯ 19

РЖК-тің принципиалды схемалары.
Радиосигнал күшейткіштерінде күшейткіш аспапты қосудың екі нұсқасын қолданады: биполяр транзистор негізіндегі каскадтарда жалпы эмиттерлі және жалпы базалы; өрістік транзистор негізіндегі каскадтарда жалпы истокты және жалпы затворлы; лампалық каскадтардағы жалпы катоды және жалпы торлы.

Метрлік және одан ұзын толқын диапазондарында жалпы эмиттерлі күшейткіштер (истокпен, катодпен) қуат бойыншв үлкен күшейту алу қабілеті бар. Жалпы базалы күшейткіштер (затвормен, тормен) өзіндік қозуға қарсы тұрақтылықпен ерекшеленеді, сондықтан дециметрлі және сантиметрлі толқын диапазондарында жиі қолданылады. Резонансты күшейткіштердің құру және сараптау принциптері әртүрлі күшейткіш аспаптардың принциптеріне ұқсас.

3.1-суретте өрістік транзистор негізіндегі жалпы ситокты күшейткіштің схемасы көрсетілген. Стоктың тізбегіне Lk, Сk тербелмелі контуры қосылған. Контур Сk конденсаторымен бапталады. Күшейткіште стоктың Rз, Сзфильтрі және индуктивтілік катушкасы арқылы тізбектей қоректенуі қолданылған. Сз 50...100 есе Ск максималды сыйымдылықтан жоғары болатындықтан, резонансты жиілік Lkжәне Сk арқылы анықталады. Бұл жиілікте күшейту коэффициенті максималды. Оның кемуі резонансты жиіліктен ерекшеленетін күшейткіштің селективті қасиеттерін анықтайды.

Затвордағы ауытқу кернеуі исток тоғынан R2 –ге кернеу құлауымен анықталады. С2 сыйымдылығы айнымалы ток бойынша теріс кері байланысты жояды. С1 конденсаторы – бөлгіш. R1ауытқу кернеуін затворға таратуға арналған.



3.2-суретте транзистор истогына контурдың автотрансформаторлы қосылуы көрсетілген. Ол күшейткіштің тұрақтылығын жоғарылату үшін қолданылады. Биполяр транзистор негізіндегі каскадтарда күшейткіш аспаптарға контурдың бөлшектеп қосылуы (трансформаторлы және автотрансформаторлы) тек тұрақтылықты жоғарылату үшін ғана емес, сонымен қатар транзистордың аз кіріс және шығыс кедергілерімен салыстырғанда контурдың шунтталуын азайту үшін де қолданылады. Қоректену кернеуі колекторға R4 фильтрі және L1 катушка орамдары арқылы беріледі. Тұрақты ток бойынша режимді және температуралық тұрақтандыруды R1, R2,R3резисторлардың көмегімен қамтамасыз етеді. С1 сыйымдылығы айнымалы ток бойынша теріс кері байланысты жояды. С3 бөлгіш конденсаторы коллектордың қоректену кернеуінің база тізбегіне түспеуін қадағалайды.



3.3-суреттегі күшейткіште контур трансформатор арқылы берілген каскад транзисторының коллекторымен байланысқан және автотрансформатор арқылы келесінің кірісімен байланысқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет