Лекциялар жинағы шымкент -2021 Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет25/83
Дата14.10.2022
өлшемі1,12 Mb.
#153019
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   83
Байланысты:
ЕЖЖТ лекция баспа (Восстановлен) (1)
Жумашева А.К, Шрифт 2 , Zhanasbayeva Matem sauattylyq 2 2, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
Қайталауға арналған сұрақтар

  1. Локальді есептеуіш желілер дегеніміз не?

  2. Өндіріс ішіндегі есептеуіш тораптардың ерекешеліктерін атаңыз.

  3. Жұмыс станциясының желілік программалық жабдықтарының қызметтеріне не жатады?

  4. Сервердің қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру мақсатында қандай шаралар ұйымдастырылады?

  5. Желілік адаптерлердің қызметі?



ЛЕКЦИЯ № 6. ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛОГИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАР
6.1 Физикалық құрылымдар
6.2 Логикалық құрылымдар


6.1 Физикалық құрылымдар
Компьютерлер саны көп емес (10-30) желілерде типтік топологияның бір түрі басқаларға қарағанда жиі қолданылады. Бұл топология бойынша бірегейлік қасиеті орындалады, яғни мұндай желідегі барлық компьютерлер басқа компьютерлерге жетуіне бірдей мүмкіндік берілген (тек “жұлдыз” қосылуындағы орталық компьютерден басқалары ).
Мұндай бірегейлік құрылым компьютерлер санын арттырудың оңай жүргізілуіне, желі қызметтерінің оңай әрі пайдалануының қарапайым болуына кепілдік береді. Алайда үлкен желі құру кезінде желінің бірегейлік құрылымы артықшылықтан кемшілікке айналуы мүмкін. Мұндай желілерде типтік құрылымдарға түрлі шектеулер қойылуы мүмкін, олардың ішінде маңыздылары ретінде мыналарды атауға болады:

  • түйіндерінің арасындағы байланыс ұзындығы шектеулі

  • желідегі түйіндердің саны шектеулі

  • желідегі түйіндер әсерінен трафиктің интенсивтілігі шектеулі.

Осындай шектеулерден құтылу үшін арнайы желіні құрылымдау тәсілі мен арнайы құрылымдық құрылғылар – қайталағыштар, концентраторлар, көпірлер, коммутаторлар мен маршрутизаторлар қолданылады. Физикалық байланыс топологиясы (желінің физикалық құрылымы ) мен логикалық байланыс топологиясының (желінің логикалық құрылымы) өз ерекшеліктері бар. Физикалық байланыс конфигурациясы компьютерлердің электрлік байланыстарымен анықталады. Логикалық байланыстар желі түйіндерінің арасында мәліметтерді тасымалдау маршрутын көрсетіп, коммуникация құрылғысын баптау кезіндегі жолы арқылы құрылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет