Лекциялар жинағы шымкент -2021 Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Қолданбалы деңгей хаттамалары. ARP және RARP хаттамаларының ерекшеліктері



бет35/83
Дата14.10.2022
өлшемі1,12 Mb.
#153019
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   83
Байланысты:
ЕЖЖТ лекция баспа (Восстановлен) (1)
Жумашева А.К, Шрифт 2 , Zhanasbayeva Matem sauattylyq 2 2, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
8.2 Қолданбалы деңгей хаттамалары. ARP және RARP хаттамаларының ерекшеліктері
1. Қолданбалы деңгей хаттамалары. Файлдарды жіберу хаттамасы (File Transfer Protocol - FTP) бір компьютерлік жүйеден екіншісіне файлдарды жіберу алгоритмі болып табылады. ТСР-ді қолданады және қолданушының ID-ін, парольді пайдалана отырып, қосымша қолданушыны аутентификациялауды қамтамасыз етеді. FTP интерактивті қызмет болып саналады, ол алыстағы компьютермен қосылуды орындау, файлдардың көшірмесін алу, беріліс аяқталған соң, байланыс жолдарын жабу сияқты жұмыстарды орындайды. Бұл операцияларды орындау үшін, келесі негізгі бұйрықтар қолданылады:
-Open (Ашу) – алыстағы компьютермен қосылуды орындау;
-Get (Алу) – қосылыс орнатылған соң, компьютерден файлды алу;
-Bye (Жабу) – қосылысты үзу және FTP программасын аяқтау.
FTP – компьютерлер арасында файлдар жіберумен айналысатын ең кең тараған хаттама. Ол мәтіндік және екілік файлдарды жіберуге мүмкіндік береді.
2.Telnet қызметі – Интернеттің алғашқы хаттамаларының бірі.Оны Интернеттің алыстағы хостының терминалы ретінде қолдануға болады. Интернеттің хост-компьютерімен байланыс кезінде, компьютер оның пернетақтасы мен дисплейі алыстағы компьютерге тікелей жалғанғандай жұмыс істейді.Қолданушы жер шарының қарама-қарсы жағында орналасқан компьютердегі программаларды, өзі сол компьютерде отырғандай жеңілдікпен жүктей алады.
3. Электрондық поштаны жіберуші қарапайым хаттама.Бұл хаттама (SimpleMailTransferProtocol - SMTP) электрондық поштамен алмасу үшін қолданатын клиент/серверлік ТСР хаттамасына негізделген. Сервер алынған хабарламаларды пошта жәшіктеріне салады, ал клиенттер оларды пошталық хаттаманың (Post Office Protocol - POP) немесе электрондық поштаға интерактивті ену хаттамасының (Internet Message Access Protocol – IMAP) көмегімен алады
ARP хаттамасы TCP/IP –дің барлық орындалуларында қолданылатын негізгі хаттама болып саналады. Көбінесе оның қызметі қолданылған қосымшалар мен жүйелік администратордың қалауынан тәуелсіз. Біз arp бұйрығын кэшті көру үшін немесе модификациялау үшін қолдандық. Кэштегі әрбір жазба аяқталмаған немесе аяқталған жазбаларды жоятын таймерді қолданады. Arp бұйрығы ARP кэшіндегі модификацияланған жазбаларды көрсетеді.
RARP, көбінесе, қатты дискісіз жүйелерде қолданылады (қатты дискісіз жұмыс станцалары немесе X терминалдар), бірақ мұнда жүйелік администратордың көмегімен қолдан конфигурациялауға тура келеді.

ARP




RARP




32 – биттiк Internet адрес




48 – биттiкEthernet адрес

Адресті анықтау хаттамалары: ARP және RARP.


ARP IP адрестер мен сәйкес аппараттық адрестер арасында динамикалық салыстыруды көрсетеді. Динамикалық терминін пайдалану себебіміз, бұл салыстыру автоматты түрде, әдетте, қолданбалы программалар немесе жүйелік администратордан тәуелсіз жүретіндігінде.
RARP, көбінесе, қатты дискісіз жүйелерде қолданылады (қатты дискісіз жұмыс станцалары немесе X терминалдар), бірақ мұнда жүйелік администратордың көмегімен қолдан конфигурациялауға тура келеді.
Мысал. Егер % ftp bsdi бұйрығын енгізетін болсақ, келесі іс-әрекеттер тізбегі орындалады:
1.FTP клиент қосымшасы хост (bsdi) атын 32-биттік IP адреске конверсиялау үшін DNS функциясын шақырады.
2.FTP клиент көрсетілген IP адреспен TCP қосылысты талап етеді.
3.TCP көрсетілген IP адреске IP дейтграммаларды жібере отырып, алыс хостан қосылыс орнатуды сұрайды.
4.Егер қабылдау хосты желіге (Ethernet, Token Ring, немесе арнаның басқа ұшына) қосылған болса, IP дейтграмма тікелей хостқа жіберілуі мүмкін. Егер қабылдау хосты алыстағы желіде орналасса, IP дейтграмманы оған жіберу үшін, IP бағыттауыш келесі берілістегі тікелей қосылған бағыттауыштың Internet адресін анықтайды. Екі жағдайда да IP дейтграмма берілген желіге тікелей қосылған хостқа немесе бағыттауышқа жіберіледі.
1. Егер Ethernet пайдаланылатын болса, жіберуші хост 32-биттік адресті 48-биттік Ethernet адреске конверсиялауы керек. Басқаша айтқанда, логикалық Internet адресті оған сәйкес физикалық аппараттық адреске түрлендіруді орындауы керек. Мұнымен ARP айналысады. ARP көптеген хостар немесе бағыттауыштар бір желіге қосылған, кең таратылатын желілерде жұмыс істейді.
2. ARP сұраныс (ARP request) деп аталатын фреймді ARP Ethernet-тегі әрбір хостқа жібереді. Жіберудің мұндай әдісін кең таратылған сұраныс (broadcast) деп атайды. ARP сұраныста қабылдаушы хостың IP адресі (оның аты bsdi) және "егер Сіз осы IP адрестің иесі болсаңыз, Өзіңіздің аппараттық адресіңізді маған хабарлаңыз" хабарламасы бар.
3. Қабылдаушы хост ARP деңгейінде бұл кең таратылатын сұранысты алып, жіберушінің нақ өзінің IP адресін сұрап отырғанын анықтайды да оған ARP (ARP reply) жауап қатады. Бұл жауапта IP адрес пен сәйкес аппараттық адрес сақталған.
4. ARP үн қату қабылданады, ARP сұраныс пен ARP жауапты тудырған IP дейтграмманы жіберуге болады.
5. IP дейтграмма қабылдаушы хостқа жіберіледі.
ARP-нің негізіне қаланған іргелі концепцияның мәні желілік интерфейсте аппараттық деңгейде әсерлесуге қажетті Фреймнің аппараттық адресі барлығы және олардың интерфейске дәл адрестелінуі тиіс екендігі. Бірақ TCP/IP өзінің жеке адрестеу үрдісі 32-биттік IP адрестерді қолданады. Хостың IP адресін білу ядроға ол хостқа дейтграмманы жіберуге мүмкіндік бермейді. Деректерді жіберу үшін Ethernet драйверіне қабылдаушы жақтың аппараттық адресін білу қажет. ARP қызметі әртүрлі желілік технологиялар пайдаланатын аппараттық адрестер мен 32-биттік IP адрестер арасындағы динамикалық сәйкестікті қамтамасыз ету.
ARP жұмысының тиімділігі көбінесе әрбір хоста бар ARP кэшке тәуелді (ARP cache). Кэште Internet адрестер мен оларға сәйкес аппараттық адресатер орналасқан. Әрбір жазбаның кэштегі стандартты өмір сүру уақыты ол жазба құрылғаннан бастап 20 минутқа созылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет