Лекциялар жинағы шымкент -2021 Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет37/83
Дата14.10.2022
өлшемі1,12 Mb.
#153019
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   83
Байланысты:
ЕЖЖТ лекция баспа (Восстановлен) (1)
Жумашева А.К, Шрифт 2 , Zhanasbayeva Matem sauattylyq 2 2, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
Қайталауға арналған сұрақтар

  1. UDP (User Datagram Protocol) хаттамасы туралы не білесіз?

  2. Синхронизациялау дегеніміз не?

  3. Қолданбалы деңгей хаттамалары. Файлдарды жіберу хаттамасы (File Transfer Protocol - FTP) қызметін түсіндіріңіз

  4. Адресті анықтау хаттамалары: ARP және RARP туралы не айтасыз?

  5. DHCP хаттамасының функциялары қандай?



ЛЕКЦИЯ №9. КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ ДЕРЕКТЕРДІ ЖІБЕРУ ЖҮЙЕСІ
9.1 Коммуникациялық құрылғылардың негізгі түрлерінің функционалдық қызметі, байланыс сызығы, кабельдер, кабельдердің әртүрлілігі
9.2 Деректерді жіберу жүйесі және олардың сипаттамалары
9.3 Тізбектер және байланыс арналары. Цифлі байланыс араналары


9.1 Коммуникациялық құрылғылардың негізгі түрлерінің функционалдық қызметі, байланыс сызығы, кабельдер, кабельдердің әртүрлілігі
Физикалық орта коммуникация құрылғыларының негізі болып саналады және онда байланыстың физикалық жабдықтары мен физикалық орта арқылы байланысу физикалық деңгейді қамтамасыз етеді. Физикалық орта ретінде эфир, металлдар, оптикалық шыны және кварц кеңінен қолданылады. Физикалық деңгейде тасымалдағыш орналасып, ол арқылы деректер беріледі. Фикалық деңгейде физикалық кабельдер үшін төмендегілерден тұратын ортаның механикалық және электрлік қасиеттері анықталады:

  • Кабель мен разъемдер типі;

  • Разъемдердегі контактілер байланысы;

  • 0 және 1 мәндері үшін сигналдардың кодталу схемасы.

Каналдық деңгей канал бойынша деректерді жіберу процедурасы арқылы жіберуді басқару және ортамен байланыс орнатуды анықтайды. Жергілікті желілерде каналдық деңгей протоколдарын компьютерлер, коммутаторлар және маршрутизаторлар қолданады. Комьютерлерде каналдық деңгей функциялары жиілік адаптерлер мен олардың драйверлерінің үйлесімі арқылы жүзеге асады.
Желілерді құру кезінде әр түрлі физикалық ортаны қолданатын байланыс сызықтары қолданылады. Осы немесе көптеген байланыс сызықтарының типін таңдау кезінде өңдеушілер ең алдымен олардың техникалық сипаттамаларын, бағасын және монтаждау қарапайымдылығын ескереді. Байланыс сызығы жалпы жағдайда физикалық ортадан тұрады, ол арқылы аралық аппаратура, деректерді жіберу аппаратуралары мен ақпараттық сигналдар арқылы беріледі.
Деректерді жіберудің физикалық ортасы кабельден тұруы мүмкін, яғни байланыстырушы разъемдер, қорғау қабықшалары мен бөліктеу қабықшалары, сымдар жиынтығы, сонымен қатар ақпараттық сигналдар таратылатын жергілікті ауа немесе космостық кеңістік жаңа телекоммуникациялық жүйелерде ақпарат электрлік ток немесе қысым, радиосигнал немесе жарық сигналдары арқылы беріледі. Барлық бұл физикалық процестер табиғаты мен жиілігі әр түрлі электромагниттік өріс тербелісінен тұрады.
Деректерді жіберу ортасына байланысты байланыс сызықтарын төмендегілерге жіктеуге болады:

  • Сымдық (ауалық);

  • Кабельдік (мыс және талшықты – оптикалық);

  • Жергілікті және спутниктік байланыс радиоканалдары.

Сымдық байланыс сызықтары бағандар арасына орнатылған және ауада болатын қандай да бір бөлігіне немесе экрандаушы кедергілерсіз сымдардан тұрады. Олардың кемшіліктері – бұл жылдамдық сапасы мен кедергілерден қорғалғандығында.
Кабельдік сызықтар күрделі конструкциядан тұрады. Кабель бірнеше бөлгіш қабаттарда орналасқан сымдардан құралған : электрлік, электромагниттік, механикалық, сонымен қатар климаттық болуы да мүмкін. Бұдан өзге кабель әр түрлі құрылғыларды оған байланыстыруды жылдам орындауға мүмкіндік беретін разъемдермен жабдықталған болуы мүмкін.
Орналастыру және пайдалану шарттарына байланысты кабельдер ішкі кабельдер (ғимарат кабельдері) және сыртқы кабельдерге жіктелді, олар өз кезегінде жер асты, су асты және ауа арқылы жіберу кабельдері болып жіктеледі.
Кабельдің негізгі жоспарлары:

  1. Коаксиальды кабель

  2. Оралған жұп

  3. Экрандалмаған

  4. Экрандалған

  5. талшықты оптикалық кабель

Коаксиальды кабель өткізгіштердің симметриялы емес жұбынан тұрады. Әрбір жұп ішкі мыс сымдардан және онымен негізделген сыртқы сымдардан тұрады, ал ішкі сымдардан коаксиальдық кабель диэлектрлік бөлгіш арқылы жекеленген мыс труба қойылуы мүмкін. Сыртқы сым екі роль атқарады – ол арқылы ақпараттық сигналдар беріледі, сонымен қатар ол ішкі сымды сыртқы электромагниттік өрістерден қорғайтын экран болып саналады.
Коаксиальдық кабельдердің таратылуы екі себеппен түсіндеріледі. Біріншіден, ол салыстырмалы түрде арзан, жеңіл, иілгіш және қолдануда ыңғайлы; екіншіден сенімді және құрылуы қарапайым. Ең қарапайым коаксиальды кабель мыс сымнан тұрады, ол металдық қабықша және сыртқы қабықша түріндегі экранмен бөлшектелген. Егер кабель металлдық қабықшадан басқа, фольга қабатынан да тұрса, онда ол екі мәрте экрандалған кабельдер деп аталады. Сыртынан кабель резина, тефлон немесе пластик секілді өткізбейтін қабатпен қапталған. Коаксиальдық кабель кедергіге тұрақты, оралған жұпқа қарағанда онда сигналдардың кабель өшуі аз келеді.
Өшу – бұл сигналдардың кабель бойынша өту кезінде әлсіреуі. Коаксиальдық кабельді қосу үшін BNC - коллекторлар деп аталатындар қолданылады, олардың жиынтығы бірнеше негізгі компоненттерге бөлінеді:

  • BNC - коллектор кабель сақинаға пайкіленеді немесе қысылады.

  • BNC Т – коллектор. Т – коллектор желілік кабельді компьютердің желілік платасымен байланыстырылады.

  • BNC баррел – коллектор. Баррел – коллектор коаксиальдық кабельдің екі ұшын байланыстыру үшін қолданылады.

  • BNC - терминатор. «Шина» топологиясы желілерде адасып жүрген сигналдарды жұту үшін кабельдің әрбір соңына терминаторлар орнатылады, басқа жағдайда желі жұмыс істемейді.

Осы немесе басқа да коаксиальдық кабельдерді таңдау, бұл кабельдің қайда орнатылатындығына байланысты. Коаксиальдық кабельдің екі класы бар:

  • Поливинилхлоридтік;

  • Пленумдік – пленум облысында қолдану үшін.

Поливинилхлорид – бұл пластик, ол көптеген коаксиальдық кабельде сыртқы қабықша немесе бөлгіш ретінде қолданылады .
Пленум –бұл әдетте вентиляция үшін қолданылатын бөлімнің бергі төбесі мен жоғарғы жағы арасындағы кішкене кеңістік.Өрт қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес бұл жерге орналастырылатын кабельдер типін қатаң шектейді, себебі өрт жағдайында одан бөлінетін түтін немесе газдар бүкіл ғимаратқа тез тарайды.
Сымдардың оралған жұбын виталық жұп деп атайды.Сымдарды орау кабель бойынша берілетін пайдалы сигналдарға әсер ететін сыртқы және өзара кедергілерді азайтады.
Оралған жұп негізіндегі кабедьдерді симметриялық кабельдер деп атайды, себебі олар конструктивті жағынан бірдей екі сымнан тұрады.
Симметриялық кабель экрандалған виталық жұп негізіне –экрандалған, сонымен қатар экрандалмаған оралған жұп негізінде –экрандалмаған болуы мүмкін.
Бірнеше оралған жұп сымдарын бір қорғау қабықшасын жиі орналастырады. Олардың саны мұндай кабельде әртүрлі болуы мүмкін. Экрандалмаған оралған жұп (UTP) IBS-те жиі қолданылып, сегменттінің максималдық ұзындығы -100 метрді құрайды. Электр кабельдерінің кез-келген типтері үшін негізгі қиындықтың бірі аралас сымдардағы сигналдардан пайда болатын бір-бірімен қиылысатын кедергілер. Әсіресе экрандалмаған оралғн жұп қиылыспалы кедергілерге ұшырайды. Оралған жұпты кішірейту үшін (STP) мыс қаптама пайдаланылады да, ол кедергілерден сенімді қорғанысты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, STP сымдарының жұбы фольгамен оралған. Нәтижесінде экрандалған оралған жұп берілетін деректерді сыртқы кедергілерден жақсы қорғайды. Бұлардың барлығы UTP-мен салыстырғанда STP–да электрлік кедергілердің аз кездесетіндігін және деректерді үлкен қашықтыққа өте жоғары жылдамдықпен жібере алатындығын білдіреді.
Талшықты–оптикалық кабель жарықтық сигналдар таратылатын жіңішке шыны талшықтардан тұрады. Бұл кабельдің ең сапалы типі ол деректерді үлкен жылдамдықпен (10 Гбит/с және одан жоғары) жіберуді қамтамасыз етеді және ішкі кедергілерден деректерді басқа орталарға қарағанда жақсы қорғайды.
Әрбір жарық жүргізулері орталық жарық жүргізгіштен (сердцевинадан) тұрады – шыны талшық және шыны қабықша. Орталық жарық жүргізгіш бойынша жарық сәулелері таратылғанда оның сыртына шықпайды. Сыну көрсеткішінің таратылуы мен орталық диаметрінің шамасына байланысты төмендегілерге жіктеледі:

  • Сыну көрсеткіші сатылы өзгеріске ұшырайтын көп модалы талшық;

  • Сыну көрсеткіші балқымалы түрде өзгеретін көп модалы талшық;

«Мода» түсінігі кабельдік ішкі ортасында жарық сәулелерінің таратылу режимін сипаттайды. Бір модалы кабельде жарық талшығының ұзындығы мен өлшенетін диаметрі өте кішкене орталық жүргіш пайдаланылады. Сонымен қатар барлық жарық сәулелері жарық жүргіштің оптикалық осі бойымен таратылады. Бір модалы кабельде өте жіңішке сапалы талшықтарды дайындау күрделі технологиялық процестен тұрады, сондықтан бір модалы кабель бағалы болады. Сонымен қатар, осындай кішкентай диаметрлі талшыққа жарық жиынтығын бағыттау өте күрделі.
Көп модалы кабельдерде технологиялық дайындалуы оңай кең ішкі орталықта қолданылады. Көп модалы кабельде ішкі жүргіште бір мезгілде бірнеше жарық сәулелері болады, олар сыртқы жүргіштен әртүрлі бұрыштар арқылы шағылысады. Сәулелік шағылысу бұрышы сәуле модасы деп аталады. Сыну коэффициенті балқымалы өзгеретін көп модалы кабельдерде әрбір модалық таратылу режимі күрделі сипаттан тұрады. Әртүрлі модалардың сәуле интерференциясы берілетін сигнал сапасын төмендетеді. Көп модалы кабельдерді дайындау оңай, сондықтан олар бір модалардан арзан, бірақ олардың сипаттамалары бір модалықтарға қарағанда төмен. Нәтижесінде көп модалы кабельдер жылдамдығы 1 Гбит/с аспайтын кішкене қашықтықта (300-2000 м) деректерді жіберу үшін қолданылады, ал бір модылылар өте жоғары жылдамдықта секундына бірнеше ондаған гигабит пен бірнеше километрден бірнеше ондаған (жергілікті және қалалық желілер) және тіпті жүздеген (қашық байланыс) километр қашықтыққа деректерді жіберу үшін қолданылады.
Талшықты - оптикалық кабельдерде жарықтың сәулелену көзі ретінде мыналар қолданылады:

  • Жарық диодтары немесе жарық шығаратын диодтар;

  • Жартылай өткізгішті лазерлер немесе лазерлік диодтар;

Бір модалы кабельдер үшін тек лазерлік диодтар қолданылады, себебі оптикалық талшықтың кішкентай диаметрінде жарық диодымен құрылған жарық ағынын талшыққа шығынсыз бағыттау мүмкін емес – оның сәулесінің бағытталу диаграммасы өте кең, ал лазерлік диодта - жіңішке. Сондықтан, арзан жарық диодты сәуле шығарғыштар тек көп модалы кабельдер үшін қолданылады.
Талшықты-оптикалық кабельдер барлық типтердің -электромагниттік, механикалық - жақсы сипаттарын ғана қабылдаған. Бірақ олардың күрделі бір кемшілігі – кабельді ұзарту қажет болған кезде өзара байланыстыру және разъемдермен талшықтарды байланыстырудың күрделілігі.
Талшықты - оптикалық кабельдер бағасы оралған жұп кабельдер бағасынан сәл ғана қымбат, бірақта операциялық еңбек көлемі мен монтаждау құрылғыларының қымбат тұратындығына байланысты опто- талшықтық кабельдерді монтаждау жұмысы қымбатқа түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет