Қыртысасты ядролар . Ми сыңарларының ақ заттарының ішінде қыртыс асты ядроларының сұр
заттары болады. Олардың ішінде ең маңыздысы – бозарған ядро, қауызды ядро және құйрықты ядро.
Бозарған ядро ортаңғы мидағы қызыл ядроны тежейді. Бұл ядроның қызметі күшейгенде қосымша
қимылдар көбейіп (қолдың еріксіз қимылдары, бет тыржияды), бұлшық еттің тонусы төмендейді.
Бозарған ядроның қызметі нашарлағанда бұлшық еттің тонусы күшейіп, көмекші қимылдар
мүлдем жойылады. Ондай адамдардың беті маска тәрізді болып, қимылдары икемсіз бір-бірімен
үйлеспейді.
Құйрықты ядро мен қауызды ядро бозарған ядроның қызметін тежейді. Сондықтан бұлардың
қызметі күшейгенде бозарған ядроның қызметі төмендейді, ал қызыл ядроның қызметі күшейеді.
Мұндай да паркинсон ауруындағы белгілер байқалады, ал қызметі нашарлағанда хореяға ұқсас
кемшіліктер пайда болады.
4-6 жаста қыртыс асты ядролары ересек адамның 80%-дай болады.
7-13 жаста оның аксондары толық миелинденіп, ересектердің ядроларына жуықтайды.