Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет62/123
Дата08.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#120043
түріЛекция
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   123
Байланысты:
Лекциялық сабақтар
раскраска2, Жасузак Асылзат
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
7-тақырып. Тірек-қимыл жүйесі, оның жас ерекшеліктері 
 
Тірек қимыл жүйесіне адамның қаңқасы мен бұлшықеттері жатады. 


Адамның қаңқасы 200-ден астам сүйектен тұрады. Олар бір-бірімен буын арқылы 
жалғасып қозғалмалы келеді. Қаңқаға бұлшқ еттер бекітілген. Әрбір сүйекке екі немесе одан да 
көп бұлшық еттер ұштасады. 
Бұлшық еттердің негізгі қызметі - сүйектерді қозғау. 
Сүйектің құрылысы. 
Сүйек остеон деп аталатын пластинкадан тұрады. Сүйектің 
сыртында сүйек қабы бар. ек қана буындарда сүйек қабының орнына шеміршек болады. 
Остеондардың орналасуына қарай 2 түрлі заттардан тұрады: тығыз және кемік заттардан. 
Тығыз заттар
кемік сүйектердің сыртында орналасқан. Оның қалыңдығы әр сүйекте 
әртүрлі. Кемік сүйекте остеондар айқыш-ұйқыш орналасқан. Олар қысқа, жазық үйектерде, 
ұзын сүйектердің екі ұшында көп болады. Жілік сүйегінің каналдарындағы майының түсі сары, 
ал кемігіндегі майының түсі қызыл болады. Себебі сүйектің қызыл кемігінде эритроцит, 
лейкоцит, тромбоцит өсіп дамиды. 
Сүйек қабы екі қабықтан тұрады: сыртқы және ішкі. Сыртқы қабығы тығыз, ішкісі жұмсақ 
борпылдақ дәнекер ұлпадан тұрады. Ішкі қабығында остеобластар болады. Олар сүйектің өсуін 
қамтамасыз етеді. Сүйек қабының қантамырлары мен нервтері бар. Сүйектің 1/3 бөлігі 
органикалық және 2/3 бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады. 
Сүйекті күйдіргенде 
оссейн 
жанады да, бейорганикалық заттар қалады. Ондай сүйектер 
тез сынады. Ал сүйекті тұз немесе азот қышқылына алса бейорганикалық заттары еріп, тек 
органикалық заттары қалады. Ондай сүйекті оңай майыстыруға болады. 
Жас балалардың сүйегінде органикалық. ересек адамның сүйегінде минералдық заттар көп 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет