Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет63/123
Дата08.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#120043
түріЛекция
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   123
Байланысты:
Лекциялық сабақтар
раскраска2, Жасузак Асылзат
Қаңқаның құрылысы.
Адам қаңқасы бас, тұлға, аяқ-қол сүйектерінен тұрады. 
І. Бас сүйектері 
– ми сауытынан және бет сүйектерінен тұрады. 
Ми сауыты 
– маңдай, жұптасқан төбе, шүйде, екі самай, негізгі және көз торы 
сүйектерінен тұрады. Ми сауыты сүйектері бір-бірімен жіктесе байланысқан.
Бет сүйектері 
– жоғарғы және төменгі жақ сүйектері, бет, таңдай сүйектері, кеңсірік
мұрын сүйегі, көз қуысы сүйектерінен тұрады.
Бас сүйектерінде бір ғана қозғалмалы сүйек (төменгі жақ сүйегі) болады.
Кішкентай балалардың ми сауыты бет сүйектерінен ертерек дамиды. Бет сүйектері 1 
жаста, жыныстық жетілу кезінде жақсы дамиды. Ми сауытының көлемі бет сүйегінің көлемінен 
(нәрестеде) 8 есе, ересектерде 2-2,5 есе артық. 
Жаңа туған сәбидің ми сауытының сүйектері бір-бірімен жұмсақ дәнекер ұлпадан тұратын 
қабықшамен жалғасады. Бұл қабықша бірнеше сүйектерден қосылатын жерінде үлкен болады. 
Оны 
баланың еңбегі 
деп атайды. Оның саны төртеу. Маңдай еңбегі 1 жаста, қалғандары 2-3 
айда бітеді. 
Нәрестенің жақ сүйектерінде тістері болмайды. Ең алғаш сүт тістері 5-6 айда шыға 
бастайды. 6 жасқа жақындағанда сүт тістері түсіп, тұрақты тістері шыға бастайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет