Үлгілер альбомы кодтық белгіленуі: 05/12–14 атауы: іс-әрекет



бет111/143
Дата11.04.2024
өлшемі1,18 Mb.
#200753
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   143
Байланысты:
Алгоритм мейірбике

Ескерту:

  • жұтқыншақтан жағынды таңертең, аш қарында немесе тамақ ішкеннен кейін, су ішкеннен кейін, тамақ шайқағаннан кейін 2 сағаттан соң (дәрілік препараттар қабылдаудың алдында) алынады;

  • бактериологиялық зерттеудің нәтижесі 5-7 күннен кейін дайын болады, егер науқас дұрыс дайындалса және жағынды дұрыс алынса;

  • егер де жергілікті өзгертулер айқын белгілі болса зерттеуге материалды қабынған жер ошағынан және басқа да жерлерден екі тампонмен алынады.


МҰРЫН ҚУЫСЫНАН ЖАҒЫНДЫ АЛУ
Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздырғыштарын анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: мұрын микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруға күдік болғанда (дифтерия).
Дайындаңыз: штативті мақта-дәке тампондарымен тығыз жабылған залалсыздандырылған пробиркалармен, материал алу үшін құрғақ мақта тампондары,бұралып жасалған темір өзегі бар таяқшаны, крафт пакетіндегі залалсыздандырылған шпательді; пробиркаларды тасымалдауға арналған биксті, штативті, стеклографты, жолдама бланкісін, резеңке қолғапты, масканы, вазелин майын трундаларды, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа жасалатын емшараның барысы мен мақсатын түсіндіріп, оны жүргізуге келісімін алыңыз.
2. Бактериологиялық лабораторияға жолдама жазыңыз.
3. Жолдама нөміріне сәйкес нөмерді стеклогграфпен пробиркаға белгілеңіз: «Мұрын-2», пробирканы штативке орнатыңыз.
4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Маска мен қолғапты киіңіз.
5. Науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызып, басын сәл артына шалқайтуын сұраңыз.
6. Науқасқа қарама-қарсы отырыңыз. Науқастың мұрын қуысын қараңыз.
7. Қажет болса мұрын қуысының алдыңғы бөлігін тазартып алыңыз (науқастан мұрнын сіңбіруін сұраңыз), вазелин майымен оларды жібітіп алып мұрын ішіндегі қабыршақтарды тазартып шығарыңыз. Содан кейін құрғақ мақта турундасымен тазартыңыз.
8. Беті жабық «Мұрын-2» деген пробирканы сол қолдың ІІІ-ІV-V саусақтары астына алыңыз, ал оң қолмен тығынынан ғана ұстап, тампонды (оң қолдың саусақтары тек пробирканың тығынына ғана тиюі тиіс) ішіндегі мақта оралған темір өзекті шығарып алыңыз.
9. Науқастың мұрнының ұшын сол қолдың үлкен саусағымен көтеріңіз, ал оң қолмен тампонды жеңіл айналмалы қозғалыспен бір мұрын қуысына, содан кейін екінші мұрын қуысына 1,5-2 см тереңдікке, мұрын қабырғалары мен пердесіне тығыз жанастыра тигізіп енгізіңіз.
10. Мұрын қуысынан тампонды шырышпен шығарыңыз.
11. Ептеп пробирканың жиегіне немесе сыртқы беттеріне тигізіп алмай тампонды енгізіңіз.
12. Пробирканың ауызы тығыз жабылғанын қадағалаңыз.
13. Пробирканы штативке орналастырып, сосын бикске оны «кілтке» жабыңыз
14. Қолғапты, масканы шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
15. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
16. Алынған материалды бикспен және жолдамасымен бактериологиялық лабораторияға 2 сағаттан кешіктірмей жіберіңіз.
17. Зерттеуге алынған материалды бикспен және жолдамасымен бактериологиялық лабораторияға 2 сағаттан кешіктірмей жеткізіңіз немесе бактериологиялық лабораторияға жөнелтпес бұрын 370 термостатқа
орналастырыңыз.
Ескерту:

  • материалды апарғанға дейін t 4-60С тоңазытқышта сақталуы қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет