Үлгілер альбомы кодтық белгіленуі: 05/12–14 атауы: іс-әрекет



бет39/143
Дата11.04.2024
өлшемі1,18 Mb.
#200753
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   143
Байланысты:
Алгоритм мейірбике

КӨЗДІ КҮТУ
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау,ауруларының алдын алу, халі ауыр науқас кезинде таңертеңгі тазалықты жүргізу, дәрілік ертіндіні тамызу.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың халі ауыр жағдайдағы көзінде шығындылардың (бөліністердің) болуы.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: дәке тампондарын, латокты, пинцетті (іскекті), ундинканы, көз стакандарын, 1:2000 фурацилин ерітіндісін, вазилин майын, мензуркаларды, физтологтялық ерітіндіні, тамызғыштарды, қолғаптарды, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.


Іс-әрект алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Көздерін қарап, олардың жағдайын бағалаңыз.

  3. Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз.

  4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.

  5. Бір мензуркаға залалсыздандырылған вазилин майын, екіншісіне фурацилин ерітіндісін құйыңыз.

  6. Дәке тампонын пинцеттің көмегімен фазилин майына ылғалдатып, оны мензурканың қабырғасына, аздап қана сығып қысыңыз.

  7. Оң қолға тампонды ұстап, көздің бір қабағын сыртқы бұрышыны, ішкі бұрышына қарай бағытпен сүртіңіз (іріңді қабыршақтың қабатын жұмсаруын қамтамасыз етеді).

  8. Дәке тампонын фурацилин ерітіндісіне ылғалдатып, осы бағытпен сүртуді қайталаңыз.

  9. Іріңді қабыршақтар толық кеткенше сүртуді 4-5 рет әр-түрлі тампондармен қайталаңыз.

  10. Көз бұрыштарында іріңді бөлінулер болған кезде; сол қолдың бас бармағы және сұқ

саусағымен қабақтарын екі жаққа айырып ашып, көздің дәнекер қабығы қуысын физиологиялық ерітіндімен жуып шығыңыз, ал оң қолмен көздің дәнекер қабығының қабына тамызғыштың немесе ундинканның көмегімен шайып шығыңыз, сосын құрғақ тампонмен қабақты осы бағытты сүртіңіз.

  1. Екінші көзді де осындай әдіспен тазалаңыз.

  2. Қолғаптарды шешіңіз, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  3. Қолданылған қолғапты, тампондарды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

Пинцетті (іскекті), мензуркаларды, тамызғыштарды немесе ундиканы ішінде зарарсызданддыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  1. Қолыңызды жуып кептіріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет