Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет65/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c
2-зертханалық жұмыс ББД, 3 ЛАБ БД, методичка обуч на дому 4 кл, Қасым Аманжолов өмірі 11 ҚГБ, Республика күні, патан жеке сессия макро[1]
Сөз бөлшектерінің 
жасалуы үйдің салынуы сияқты. Ағаш, тас, кірпіш, балшықтарды қалай 
болса, солай құрастырып, үйе салса, үй болмайды, тек үйіншік болады. Үй 
болу үшін қыйынын тауып қалап, байлауын тауып ұстатып; адам тұратын 
бөлме ме, мал қамайтын қора ма, астық жинайтын сарай ма? Қайсысы 
екеніне – керегіне қарай тиісті түр беру керек.Қиынын тауып қаламасаң, 
байлауын тауып ұстатпасаң, сөз бөлшектері де сөгіліп кетеді

Ондай 
сөгіліп кеткен сөз не тіпті сөз болмай шығады да, немесе, адамға арнап 
салған үйің құстың күркесі болып шыққандай, керекті сөзің болмай, басқа 
бір сөз болып шығады
» (8, 148). 
Қ.Жұбанов грамматика саласының күрделі бөлігі саналатын синтаксис 
бөлігін «сөйлем жүйесі» деп өте кең көлемде қарастырғандығы аңғарылады. 
Ғалымның синтаксис мәселелеріне арнаған еңбектерін: 1) синтаксис 
мәселелерін арнайы сөз еткен зерттеулері, 2) синтаксистің заңдылықтарын 
ғалым өзге сала проблемаларын талдау барысында қосымша дерек сапасында 
пайдаланып, тілген тиек еткен зерттеулері ретінде бөлуге болады (60, 204-
207). Бұл – әрине ғылыми зерттеу нәтижесінде туындаған жіктелім. Бірақ 
оның астарында ғалымның әдіскер ретінде қолданған «жалпыдан жекеге, 
жекеден жалпыға» қарайғы, индуктивті-дедуктивті әдістерін бағамдаймыз. 
Бұл әдіс түрлерінің атаулары ғалым өмір сүрген дәуірде айтылды ма, 
айтылмады ма, ғалымға таныс болды ма, жоқ па – ол жағы беймәлім, тіпті 
мәселе онда да емес. Ғалымның ішкі пайымдауының дұрыстығында, табиғат 
берген талантында. 
Профессор Қ.Жұбановтың тіл білімінің салаларын бір-бірінен бөлек 
құбылыс ретінде емес, тілдік бірліктерді бір-бірімен байланыстыра, сабақтас 
органикалық бірліктегі құбылыс ретінде қарастырғандығына синтаксистің 
лексикамен байланысын сызба арқылы көрсетуін айтуға болады. Ғалым 
сөйлем мүшелерін «
бірде құралса, екінші жолы таратылып, қайта құрыла 
беретін баспахананың харіптері сияқты
» нәрсе ретінде сипаттайды. Біздің 
ойымызша, бұл жерде ғалымның негізгі пікірі сөз тіркесі синтаксисінің 
төңірегінде өрбитін сияқты. Тілдегі сөздер өздерінің тіркесімділік қабілетіне 
қарай өзгеріп тұратын болса, синтаксистен лексиканың ерекшелігі – ол 
тұрақты болып, «заттың атын өзгертуге болмайтындығында». «
Сөйтіп тілдің 
бір басына сиысатын екі түрлі қайшылықтан – бүтін мен бөлшектен – екі 


121 
жақтың теңдігі туады. Кейде бұл екі жақтың бірі басым болады
(
ала бер, 
тайға таңба басқандай, әй!
). 
Бұл мысалдардың алғашқы екеуінде лексика 
жағы басым болып кеткен де, соңғысында синтаксистік жағы – хабар беру 
жағы – басым болып кеткен
». Біздің пайымдауымызша, ғалым бүтін деп 
синтаксисті, яғни сөйлемді меңзесе, бөлшек ретінде лексикалық бірліктерді 
қарастырған деп ұғынуға негіз бар. 
Профессор Қ.Жұбановтың лексика мен синтаксистің байланысына 
қатысты жасаған сызбасын, ойларын тереңірек зерделей келсек, олардан 
сөйлеудің туу механизмі жайлы ой қылаң беретіндей. Қ.Жұбанов мынадай ой 
тұжырымдайды: «
Сөз белгілі тәртіппен тізіліп барып, хабар болады. Сөздер 
жеке-жеке жүреді, бірақ олар жекелік үшін жасалған емес, басқаға 
жанасым тауып үйлесерлік болып жасалған. Өз басы атау болуға жаралған 
сөзді бүтін дейміз. Бүтін, әрине, бөлшек емес. Сөйте тұра, олар құрамды 
бөлшек болып барып материал болып тұтас ой туғызатындықтан, жеке 
сөздерді үйлесім табушылар тобының бір бөлшегі дейміз
». Ғалым 
К.Қ.Садирова ғалымның бұл ойын: «Байқап отырғанымыздай, сөз – бүтін, 
бүтін бола тұрып хабар беруші бөлшек. Хабар (синтаксис) – бүтін, лексика – 
бүтін, сондай-ақ құрамды бөлшек. Үйлесім табушылар тобы – тіл 
деңгейлері», – деп түсіндіреді (60, 205).
Лексика мен синтаксистің бір-бірімен тығыз бірлігі туралы ғалымның 
мына ойы да аса маңызды: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет