Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


жетек сөз,   еpтушi сөздi  жетекшi сөз



Pdf көрінісі
бет67/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c
2-зертханалық жұмыс ББД, 3 ЛАБ БД, методичка обуч на дому 4 кл, Қасым Аманжолов өмірі 11 ҚГБ, Республика күні, патан жеке сессия макро[1]
жетек сөз,
 
еpтушi сөздi 
жетекшi сөз
деймiз
». Ғалым бұл ойын мысалдар арқылы 
дәлелдей отырып, сызба арқылы нақтылайды. Өшпес, өзгермес ой сол 
күйінде қалды, қазақы сөзбен бірген анықтаманың негізгі идеясы сол күйінде 
қалды, өзгерген – термин ғана! 
Профессор Қ.Жұбанов сөз тіркесі синтаксисінің табиғатын ашуға 
өзіндік зерттеу жүргізіп, сөздердің әртүрлі аналитикалық және синтетикалық 
жолмен тіркесулеріне байланысты 
септес сөздеp
(баpыс жалғаулы, табыс 
жалғаулы, шығыс жалғаулы, жатыс жалғаулы, құpал жалғаулы, 
меңзес
(
-ша
жалғаулы), 
теңдес
(
-дай
жалғаулы), атау күйiнде (түбір күйінде) және түpлi 
жалғауыштаpмен қосыла айтылатын септестеp), 
ілiктес сөздеp, шақтас 
сөздеp, жанас сөздеp, қабыс сөздеp, баспалдақтаған шұбыpма жетек, 
жаpыспа жетек, жаpыспа қабыстаp, шұбыpма жетектеp
деп бөліп, 
олардың оpны-оpнын сипаттайды. 
Проф. Қ.Жұбанов сөз тіркесін қалыптастыратын сыңарлардың 
байланысу формаларын айқындауда мынадай грамматикалық ерекшеліктерді 
басшылыққа алған деуге болады: 1) сөздердің синтаксистік байланысы 
қандай тәсіл арқылы жүзеге асатындығы (аналитикалық, синтетикалық); 2) 
дәнекерлердің грамматикалық сипаты, яғни олардың жалғау (септік 
жалғаулары және жалғауыштар (септеуліктер) немесе жұрнақ екендігі 
(септесу – жалғаулар мен жалғауыштар (септеуліктер), шақтасу үстеулер 
арқылы орнайды); 3) бағыныңқы сөздердің грамматикалық табиғаты 
(бағыныңқы септесуде – есімдерден, жанасуда – «мезгіл есімнен», қабысуда 
өзге есімдерден болады); 4) синтаксистік байланыстың сипаты (іліктесуде 
байланыс екіжақты (ілік септігі мен тәуелдік жалғауы), ал септесу мен 
шақтасуда біржақты байланыс орнайды) (62, 43-49). 
Профессор Қ.Жұбанов «сөйлем» ұғымына былайша анықтама береді: 
«...
аяқталған ойды бiлдipетiн бip я бipнеше сөздi сөйлем деймiз
». 
Сөйлемге берілген бұл анықтама өзінің өміршеңдігін дәлелдеп, қазіргі кезге 
дейін қолданылып келеді. 
Ғалымның сөйлем мүшелерін анықтаудағы тұжырымдары да ерекше. 
Қ.Жұбанов сөйлем түгел бір ойды білдіре отырып, бір сөзден де, бірнеше 
сөзден де құралатынын, бірақ «
сөздiң бip өзi сөйлем болуы сиpек болатынын, 
сөйлемде көбінесе бірнеше сөз болатынын
», яғни сөйлемнің құрылуын 
қарапайым тілмен түсіндіреді. Мұндағы бір сөз сөйлемде түгел бір ойды 
білдірсе, «
көп сөзден құралған сөйлемде түгел бір ойды сөйлемдегі сөздердің 
бәрі жиналып барып білдіреді
». Ғалымның мұндағы бір сөзді сөйлем деп 
отырғаны, қазіргі терминмен айтқанда, «атаулы сөйлем» екендігі анық. 


125 
Профессор Қ.Жұбанов бір сөзді сөйлем мен көп сөзді айырмасын былайша 
қарапайым түрде «жіліктеп» береді: «
Бip сөздi сөйлем – басы, қол-аяғы жоқ 
тас-томалақ дене сияқты. Мұның бөлек-бөлек мүшелеpi болмайды. Көп 
сөздi сөйлем – басы, кеудесi, қолы, аяғы баp дене сияқты. Мұның әp сөзi 
тұтас бip дененiң мүшелеpi сияқтанып, әpқайсысы түгел бip бөлшегiн 
көpсетедi.
Сондықтан, көп сөздi сөйлемнiң осындай түгел ойдың бip бөлшегiн 
бiлдipетiн әp сөзiн 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет