19
қазақ педагогикалық институтының (ҚазПИ-дің)
профессоры қызметіне
тағайындалады. Сәл кейінірек, 1932 жылдың 1
қазанынан бастап
директордың (ректордың) бұйрығымен қазақ тілі мен әдебиет зерттеулерін
біртұтас шоғырландыру мақсатымен екі кафедра біріктіріледі де, оның
меңгерушісі болып бекітіледі. Осы қызметке қоса,
оған аспирантураға
шәкірттер даярлайтын курстың бастығы міндеті жүктеледі. Ал 1934 жылдың
қыркүйегінен бастап Қ.Жұбанов ҚазПИ-де тек кафедра меңгерушісі ғана
емес, декан міндетін де бірге атқарады.
ҚазПИ-де қызмет еткен жылдары беделді профессор Қ.Жұбанов
Қазақ
КСР Ағарту халық комиссариаты оқу-методикалық кеңесінің жетекшісі,
КСРО Ғылым академиясының Қазақстан филиалы Лингвистика секторының
меңгерушісі секілді аса абыройлы жұмыстарды қоса атқарады. 1933 жылдың
1 қыркүйегінен бастап ол Қазақ КСР Халық ағарту комиссариаты жанындағы
методика,
программа, оқулықтар секторының бастығы болып қызмет етеді.
Қазақ тілі жөніндегі тұңғыш монографиялық зерттеу жазып, алғашқы мектеп
оқулығы мен оқу бағдарламасын жасайды. Ғалым Қ.Жұбанов қазақ
филологиясы кадрларын даярлап, түлетіп өсірудегі қызметі өз алдына ұшан-
теңіз. Республикамыздағы аты белгілі ірі-ірі ғалымдар өздерін Қ.Жұбановтың
шәкіртімін дегенді мақтан тұтады.
1934 жылы тіл білімі салысындағы тұңғыш профессор атағына ие
болған
ғалым Халық ағарту саласындағы ерен еңбегі үшін 1935 жылы
«Қазақстанның 15 жылдығы» атты құрметті белгімен наградталды. 1935
жылы Қазақстан Орталық атқару комитетінің мүшелігіне сайланады,
кәзіргіше
айтқанда, парламент депутаты болады.
Достарыңызбен бөлісу: