Психологиялық тренинг - Сұрақтар:
- 1.Өнерлі жастарды қандай мамандар дайындайды?
- 2.Кәсіби өнерлі жастарды қандай оқу орындарында оқытылады?
- 3.Кәсіби өнер ордалардың мақсаты не?
- 4. Ұлы күйшінің атымен аталатын өнер ордасын білесің?
Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы - Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы – Қазақстан мен шет елдерде қажет білікті мамандарды дайындауды жоғары деңгейде қамтамасыз етіп келе жатқан Қазақстан Республикасының жетекші музыкалық жоғары оқу орны. Консерватория – Қазақстандағы алғашқы музыкалық жоғары оқу орны. 1944 жылы 24 шілдеде Қазақ КСР Халық Комиссарларының Кеңесі осы жылдың 1 қазанынан бастап Алматы қаласында Мемлекеттік өнер институтын ашу туралы қаулы қабылдады. Кейіннен ол Мәскеу және Ленинград консерваторияларының үлгісінде Алматы консерваториясы болып өзгертілді.
- 1945 жылы оқу орнына ХІХ ғасырдың атақты күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлының аты берілді. Ол жылдары консерватория құрамында 5 факультет: тарихи-теория-композиторлық, вокалды, фортепианолық, оркестрлік, дирижерлі-хорлы, ұлт аспаптар бөлімі, сонымен қатар опера студиясы мен қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын жасайтын және дайындайтын ғылыми-тәжірибелік шеберхана болды.
- Бүгінгі күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория екі оқу корпусында орналасқан. Оқу орнының студенттері мен оқытушыларына – кең оқу аудиториялары, 170 орындық Камералық зал, 236 орындық кіші Концерт залы, спорт залы, оқу залы, сынып абонементі қызмет етеді.
Консерватория түлектері еліміздің барлық шығармашылық ұжымдарында (Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Күләш Байсеитова атындағы Ұлттық опера театры, президенттік, симфониялық, үрмелі оркестрлер, камералы ансамбльдер, ұлт аспаптар оркестрлері), сонымен қатар білім мекемелерінде (Қазақ ұлттық музыкалық академия, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты, көптеген музыкалық колледждер, мектептер және т.б.) қызмет етеді. Қазақ ұлттық консерваторияның түлектері сонымен қатар Ресей, Германия, Грекия, Голландия, Израиль, АҚШ, Франция, Чехия, Канада, Корея, Қытай және т.б. жақын және алас шетелдегі профессиональді ұжымдарда табысты еңбек етуде.[1] - Консерватория түлектері еліміздің барлық шығармашылық ұжымдарында (Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Күләш Байсеитова атындағы Ұлттық опера театры, президенттік, симфониялық, үрмелі оркестрлер, камералы ансамбльдер, ұлт аспаптар оркестрлері), сонымен қатар білім мекемелерінде (Қазақ ұлттық музыкалық академия, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты, көптеген музыкалық колледждер, мектептер және т.б.) қызмет етеді. Қазақ ұлттық консерваторияның түлектері сонымен қатар Ресей, Германия, Грекия, Голландия, Израиль, АҚШ, Франция, Чехия, Канада, Корея, Қытай және т.б. жақын және алас шетелдегі профессиональді ұжымдарда табысты еңбек етуде.[1]
- Соңғы үш жыл ішінде консерватория қабырғасында Қазақстанның музыка өнерін мақтанарлықтай танытатын жас ұрпақты - 50-ден астам халықаралық және 200-ден астам республикалық конкурстардың лауреаттарын дайындады.
- Ғимараттың сыртқы көрінісі
Үлкен концерт залы Иван Васильевич Круглыхин - Консерваторияның ең алғашқы ректоры - Иван Васильевич Круглыхин - Консерваторияның ең алғашқы ректоры
Ахмет Куанұлы Жубанов- композитор, музыка зерттеушісі,этнограф, дирижер - Ахмет Куанұлы Жубанов- композитор, музыка зерттеушісі,этнограф, дирижер
Куддус Ходжамьярұлы Кужамьяров - консерваторияны 1957 -1967 жылдары басқарған. - Куддус Ходжамьярұлы Кужамьяров - консерваторияны 1957 -1967 жылдары басқарған.
Еркегали Рахмадиұлы Рахмадиев - 1967-1975 жылдары аралығында басшылық еткен. Композитор. Өнер қайраткері - Еркегали Рахмадиұлы Рахмадиев - 1967-1975 жылдары аралығында басшылық еткен. Композитор. Өнер қайраткері
Ғазиза Ахметқызы Жубанова- 1975 -1987 жылдары ректор қызметін атқарған. Композитор. Симфония жанрының шебері. - Ғазиза Ахметқызы Жубанова- 1975 -1987 жылдары ректор қызметін атқарған. Композитор. Симфония жанрының шебері.
Дюйсен Курабайұлы Касеинов - ректор қызметін 1987 жылдан 1997 жылға дейін атқарып, қазіргі ретор Ж.Әубәкіроваға тапсырды. - Дюйсен Курабайұлы Касеинов - ректор қызметін 1987 жылдан 1997 жылға дейін атқарып, қазіргі ретор Ж.Әубәкіроваға тапсырды.
Ж.Әубәкірова – пианист, көптеген халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Талантты өнер қайраткері.қазақстанның халық әртісі. 2014жылы қараша айында консерваторияның 70жылдық мерейтойы атап өтілді. Осы оқу орнының басшысын Елбасымыз өзінің кезекті кездесуіне шақырып, ыстық лебіздерін білдіріп, ұстаздық қызметте жүрген көптеген мамандарға құрмет ордендерін табыстады. - Ж.Әубәкірова – пианист, көптеген халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Талантты өнер қайраткері.қазақстанның халық әртісі. 2014жылы қараша айында консерваторияның 70жылдық мерейтойы атап өтілді. Осы оқу орнының басшысын Елбасымыз өзінің кезекті кездесуіне шақырып, ыстық лебіздерін білдіріп, ұстаздық қызметте жүрген көптеген мамандарға құрмет ордендерін табыстады.
Музыка тыңдау: “Қыз қуу” Авторы: Тілес Қажығалиев Тілес Шамғонұлы Қажығалиев (25.4.1949. Алматы - 26.7.1996, сонда) - композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1987). Мәскеу консерваториясын (1974), Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) аспиратурасын бітірген (1981). 1974 - 79 жылдары Қазақстан Композиторлар одагында шығарм. секцияның меңгерушісі, 1982 жылдан өмірінің соңына дейін тәрағаның орынбасары міндетін атқарды. Қажығалиев альт пен оркестрге арналған концерт (1970), "Отан туралы" оротория (1973), фортепьяно, ұрмалы және ішекті аспаптарға арналған концерт-симфония (1974), фортепьяно мен оркестрге арналған екі концерт (1976, 1982), әндер, ро-манстар, спектакльдер, көркем және деректі фильмдерге арналған музыка шығармалар жазды - Тілес Шамғонұлы Қажығалиев (25.4.1949. Алматы - 26.7.1996, сонда) - композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1987). Мәскеу консерваториясын (1974), Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) аспиратурасын бітірген (1981). 1974 - 79 жылдары Қазақстан Композиторлар одагында шығарм. секцияның меңгерушісі, 1982 жылдан өмірінің соңына дейін тәрағаның орынбасары міндетін атқарды. Қажығалиев альт пен оркестрге арналған концерт (1970), "Отан туралы" оротория (1973), фортепьяно, ұрмалы және ішекті аспаптарға арналған концерт-симфония (1974), фортепьяно мен оркестрге арналған екі концерт (1976, 1982), әндер, ро-манстар, спектакльдер, көркем және деректі фильмдерге арналған музыка шығармалар жазды
Ән орындайық: “Ақ көгершін” Әнін жазған: А.Жұбанов Сөзін жазған: Н.Баймұхамедов - Ақ көгершін , көгершін,
- Қолқанат құс сен едің.
- Бар, кезіп қайт, ел үшін.
- Кең дүниенің көлемін.
- Әділеттің құсы деп,
- Көз алмастан жолыңнан,
- Ұшырамын қолымнан.
-
- Ел тілегін алып ұш,
- Адамзаттың бағына.
- Қара бұлтты жарып ұш,
- Мұхиттың арғы жағына.
-
- Көзін сенен алмайды
- Ақ ниеті бар адам.
- Ақ қанатың талмайды
- Әділеттен жаралған.
- Тыныш бейбіт өмірдің
- Белгісі боп қанат қақ.
- Әлемге ортақ көңілдің
- Қайт шыңына қонақтап.
-
- Ел тілегін алып ұш,
- Адамзаттың бағына.
- Қара бұлтты жарып ұш,
- Мұхиттың арғы жағына
Үйге тапсырма:
Достарыңызбен бөлісу: |