Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет228/269
Дата25.04.2022
өлшемі3,08 Mb.
#140773
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   269
Байланысты:
Жұбанов Қ.

 
Ұстаздың жарқын бейнесі 
 
Дарынды ғалым, түрколог, педагог Құдайберген Жұбанов 39 жасында 
1938 жылы 25 декабрьде жалған жаланың құрбаны болды. Оның көз 
жұмғандағы бейнесін бала-шағалары да, шәкірттері де

жора-жолдастары да 
көрген жоқ. Сол кездегі қан түкірген қаһарлы күндердің соққысына душар 
болмағанда, Қ.Жұбанов бүгінгі дамыған тіл білімінің төрінде отырар еді! 
Оның жарқын бейнесі біздің көз алдымызда: байсалды, қажырлы, көз 
жанарынан ақыл-ой байлығының нышандары белгі беріп тұрғандай келбетті 
адам ретінде қалыпты. Оның ұшқыр ойлы, байыпты мінезді, ұстамдылығы 
сөзінен де, ісінен де айқын көрінетін. Адамның ондай қасиеттерін 
бағалайтын кісіге оның кемел жасынан гөрі даналығы бұрын байқалады. 


371 
Құдайберген Қуанұлы Жұбанов Ленинград аспирантурасын бітіріп, 
ҚазПИ-дің Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, студенттерге лекция 
оқитын профессор бола жүріп, осы негізгі қызметін қаладағы Қазақ тілі 
пәнінің оқытушылары, ғылыми қызметкерлері үшін өзі ұйымдастырған 
лингвистикалық үйірме жұмысымен ұштастырады. Лингвистикадан білімі 
таяз мамандарға ол оқыған лекциялар тындаушыларын қызықтыра түсті. 
«Қазақ тілінің жоғары курсы» бойынша үздіксіз лекция тыңдағандар: 
Ш.Сарыбаев, Ғ.Бегалиев, Ы.Маманов, Қ.Басымов, Ә.Ермеков, С.Жиенбаев, 
С.Аманжоловтардан басқа қала мектептеріндегі Қазақ тілінің оқытушылары 
болатын. 
Профессор Қ.Қ.Жұбановтың жоғары курста оқыған лекциялары тіл 
білімінің, әсіресе Қазақ тілінің актуалды проблемаларына арналған зерттеу 
жұмыстарының нақты қорытындылары еді. Олар Қазақ тілінің фонетикалық, 
морфологиялық, грамматикалық жүйелері мен алфавит, орфография, 
терминология мәселелері лекцияға қатысушылардың пікір таласы – 
талқысына да салынып, олардың назарын Қазақ тілінің өмірлік те, теориялық 
та мәселелеріне аударатын. 
Қ.Жұбановтың осындай және басқа да еңбектері арқылы қазіргі Қазақ 
тіл білімінің іргетасы қалана бастады. Сондықтан оны біз қазақ тілін ғылыми 
жолмен зерттеу жұмысының негізін қалаушы деп танимыз. 
Қазақ тілі ертеден ғалымдардың зерттеу объектісі болғанымен, оның 
шарықтап дами бастаған кезеңіңде ұлт тілдерінің қызметі де арта түсті. Жаңа 
замандағы өмір талаптары Қазақ тілінің де халық мүддесін өтеуге қызмет ету 
мүмкіншілігін күшейтті. Сол бағыт әдебиеттің, музыка, театр өнерінің, 
әсіресе жалпы бұқараның тіл мәдениетінің, ғылымның дами түсу, көркею 
өрісін кеңейтті. Солар үшін маман кадрлар даярлана бастады. 
Ненің де болмасын басталуы қиын да, жетілуі одан гөрі оңай сияқты. 
Бұлардың ара салмағы көш бастаушының әрекетімен байланысты. Қазақ тіл
білімінің де жоспарлы түрде белгілі талаптарға сәйкес зерттеле басталған 
қыруар жұмыстарының басында ерекше дарынды білімді ғалым Құдайберген 
Қуанұлы Жұбановтың болуы – ғылымымыздың жұлдызы оңынан 
туғандығының белгісі еді. 20-30 жылдары осы ғалымның басшылығымен тіл 
біліміне жүктелген ірі жұмыстар қолға алынды. Тіл білімі мамандарын 
даярлау, қазақ жазу мәдениетін, терминология принциптерін дұрыс жолға 
қойып, ілгері дамыту, фонетикалык, грамматикалық, лексикалык, 
зерттеулердің негізін қалау, студенттерге, қазақ тілін оқытушыларға, жас 
мұғалімдерге білім беру т.т. бәрі де сол бір шарапатты адамның ықыласының 
арқасында жас ғылымның беймаза қомқоршысы болуы нәтижесінде 
басталды. 
Қ.Қ.Жұбанов өзінің әр алуан зерттеу жұмыстары арқылы өнегелі ірі-ірі 
еңбектерге бас-көз әрі зерттеушісі болғандығынан біз оны қазіргі тіл 
білімінің аса әйгілі құрметті ғалымы деп танитынбыз. М.О.Әуезов пен 
I.Кеңесбаев 1957 жылы «Профессор Қ.Жұбанов – қазақ тіл білімінің негізін 
қалаушы» деген мақаласында, Рәбиға Сыздықованың «Ғалым – азамат» атты 


372 
Қ.Жұбанов туралы кітапшасында және басқа да мақалаларда Қ.Жұбановтың 
еңбегіне осындай дұрыс баға беріліп келген болатын. 
«Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын» дегенде, ғалымның 
жақсылығы басынан асып жатса, оның мерейі де үстем болсын деуге болады. 
Қ.Жұбанов өзімшілдікті білмеген, өзгелердің де өзі сияқты өсіп-жетілуіне 
қамқоршы болған, көмектескен ақ ниет, адал пейіл, аға тұтатын ғалым. Осы 
қасиеттер бір адамның басына шоғырланса, оны қалайша мақтан етпессің? 
Профессор Қ.Жұбанов сондай адам еді. Ғылымда жеке адамның 
қызғаншақ, монополист болғаны жаман нәрсе. Бізде қолы тиіпкеткен белгілі 
проблемаларды қызғыштай қорғайтындар бар.Ғалымның дамуына кеселді 
кесірін тигізетін ондай келеңсізқылықтар ғылымда тоқырау туғызады, 
маңына өзгелерді (әсіресеғалымдарды) ұйыстыра алмайтын, даму бағдары 
айқындалған тақырып маңына басқаларды тартуды ұнатпайтын ғалым 
ғылымсалаларын 
жан-жақты 
дамыту 
мектебін 
құра 
алмайды. 
Қ.Жұбановосыны жақсы білді. Өкініші – игілігі мол әрекеттерге енді-енді
бастағанда, қаһарлы зұлматтың қырсығына душар болып, алға қойған үмітті 
кілт үзілгендей болды. Бірақ одан сабақ алған, еңбектерін пайдаланған адал 
шәкірттері, қазақ тілін зерттеушілерөздерін Қ.Жұбанов бастаған ғылымды әрі 
қарай дамытушыларымыз деп біледі.
30-шы жылдар Қ.Қ.Жұбанов үшін қажымай-талмай істейтін уақыт 
болды. Жұмыс көп, міндет ауыр. Кезек күттірмейтін, жедел істеп бітіруге 
тиісті міндеттер алфавит, орфография, терминология жасау, оқулықтар жазу 
жұмыстары – бәрі де өмір талабына лайық істелуге тиісті қауырт жұмыстар. 
Бұл жұмыстарға Қ.Жұбанов сол кездегі жас ғалымдар I.Кеңесбаев, 
С.Аманжолов, С.Жиенбаевты тартып көрді. Сол кездегі оқу құралдарының 
сапасы нашар болу себептері туралы Халық ағарту комиссары Т.Жүргенов 
арнайы мақала жазып (Мектептің оқу-тәрбие жұмысы және«дүмше 
молдалар». «Социалистік Қазақстан», 28. II. І937 ж.), онда II класқа
арналған окулықтың авторы I. Кеңесбаевты сынады. 
30-жылдарда бастауыш мектептің 3-класына арналған Аманжоловтың 
оқулығы да сынға ілініп, жарамсыз деп табылды. Т.Шонановтың сол кезде 
шыққан мектеп оқулығы жөнінде «тіл білдіру емес, тіл бүлдіру» деген сын 
мақаласы жарияланды. Енді оқулықтар сапасын жақсарту, жаңа оқулықтар 
жазу міндеті ең алдымен Қ.Жұбановқа міндеттелді. 
Мектептерге оқулық жазудың жағдаяты осылай болған соң Қ.Жұбанов 
бұл жайында өзіне жүктелген міндеттерге барынша үлкен жауапкершілікпен 
қарады. Онымен бір кездескенімде: «Оқулық – жүрдім-бардымның жұмысы 
емес, өте жауаптыжұмыс. Қазіргі ғылымымыздың түп қазығы сол оқулық 
болу керек.Оның ғылыми назарын жастар жақсы білу үшін
тіліміздіңқалыптасқан заңдылықтарын айқындап алуға тиіспіз. 
Орысоқулықтарынан, одан-бұдан көшірілген ережелер жастардыңбілім 
жұмырына жүк болмайды. Маған 5-6 класс оқушыларынаарнап кітап жазу 
тапсырылып еді. Мен оны бітіру мерзімін созыпалдым. Себебі – фонетика, 
грамматика құрылыстарыныңзаңдылықтарын әлі айқындай алмай 


373 
жатырмын. Оларды жақсыбілмей, жақсы оқулық жазу мүмкін емес», – деген
еді. 
Қ.Жұбановтың сол айтқан оқулығы 1936 жылы бітіп, баспадан шығып, 
мектептерде енді-енді қолданыла бастап, мұғалімдерден жақсы бағасын алып 
жатқан кездерде жалақорлар оқулықтың авторын «халық жауы» деп қамауға 
алдырды. 
Әлі есімде, 1934-1938 жылдары біз Ленинградта оқып жатқан 
аспирантпыз. Алматыдан келген хабарға құлақ түреміз, келген таныстар 
болса, шүйіркелесе кетеміз... 
Бір күні Ленинградта Қ.Жұбанов келді. Ол Невскийдегі үлкен қонақ 
үйінің люкс бөлмесіне орналасыпты. Біз барып едік, кәдімгі қадірмен 
қонақтары келгендей, құшақ жайып қарсы алды. Әңгімеге кірісе беріп едік: 
–Мен де аспирант болғанмын. Олар әңгімеден бұрын, тойып тамақ ішіп 
алмаса, көңілдері көншімейтінін білемін, – деп даяршыны шақыртып, 
тамақ-шарап заказын берді. 
Аспиранттың бір тойғаны – шала байығаны демекші, әбден көңілденіп 
алып, ұзақ әңгімеге кірістік. Біз оқуымыз, тұрмыс-халімізтуралы сұрақтарға
жауап бердік. Құдайберген ағай әрқайсымыздың бетімізге бір-бір қарап 
алып, оқу бітіріп, Алматыға барғанда Қазақ тіл білімі бізден қандай үміт 
күтетінін, алдағы уақытта ғылым-білімге аңсаған Қазақстанда бізге 
жүктелетін нелер екенін, тіл білімінің қазіргі хал-жайын, өзінің, өзгелердің 
істеп жатқан еңбектерін айтты.
–Қазақ тілінің мәселелерін зерттеу деген сөз дайын схемаға, 
ережелерге сай келетін жаңа мысалдар теріп жазу емес, материалдарды 
ұқыпты түрде жинап, соларды салыстырып, салғастырып отырып, содан 
қорытынды шығара білу. Олай етпегенде зерттеуші көп қойға шағын қора 
салып, оған қамалатын қойлары сыймай қалатындай, немесе дайын қораға 
азын-аулақ қойды қамай салғандай болмауы керек. Сөз таптарын сөз 
етушілер де сол сияқты ертеден үйреншікгі болған түр-түрін қайталамайды 
да, солардың әрқайсысына мысалдар іздейді. Ол схемаға енбейтін сөздер сөз 
таптары жүйесіне ене алмай, сыртта қалып қояды. Ненің де болмасын
қандай-қандай түрі (тобы) бар екенін әрбір тілдің өз материалын айтып 
тұратын болғаны жөн. Сондай материал-фактілерді сөйлете білу – бұл 
зерттеушінің қабілетімен, шеберлігімен байланысты, – деді профессор 
Қ.Жұбанов. 
–Біздер, 
аспиранттар, 
диссертация 
тақырыптарына 
қатысты 
материалдарды қарастырғанымыз болмаса, Қазақ тілі курсын өтпейміз, – деді 
аспиранттардың бірі Ордабай Ағыбаев. 
–Бұл жерде Қазақ тілінің маманы жоқ. Қазір сендерге оның керегі де 
жоқ. Алматыға барған соң өздерің-ақ ондай курсты оқып, оқытып біліп 
аласыңдар. Сендер бұл жерде жалпы тіл білімінің мәселелеріне арналған
әдебиеттерді оқып, лекциялар тыңдаңдар. Младограмматиктер мектебі
сияқты шетел оқымыстыларының жазғандарын біліп алыңдар», – деген 


374 
сияқты ақыл-кеңестерінің үстінде Құдайберген ағай біздің білімімізді 
сынағандай болып, оны-мұны сұрап қояды. 
Қысқасы, қарнымыз тойып, ақыл-кеңеске қанығып, бүгін бір жасап 
қалғандай, Невскийге шыққанымызда, Ордабай Кәрім Бекеновке (ол да 
аспирант) қарап: 
–Міне, ғалым да, кішіпейіл адам да осындай болу керек, – дейді. 
Мен Алматыға аспирантураны бітіріп келгеннен кейін де Құдайберген 
ағаймен көп кездесіп жүрдім. Сонын, бәрінде тіл білімі жайындағы жанға 
жағымды, көңілге қонымды ой-пікірін айтатын. Алдағы жоспарларының 
нелер екендігін, біздерге жүктелген міндеттердің нелер екендігін дәлелдеп 
түсіндіретін. Сондай ұстаздардың, ардагер ғалымның ойламаған жерден 
арамыздан ерте кетуі өкінішті-ақ. Бір жақсысы – оның жазып қалдырған 
қолда бар еңбектеріне сүйеніп, тіл білімі мамандарының әр түрлі тақырыпқа 
әралуан кітап, мақалалар жазып, диссертациялар қорғалып, ілгері аяқ басып 
жатқаны сол проф. Қ.Жұбанов сияқты ғалымның игілікті істері деп білемін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет