Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет227/269
Дата25.04.2022
өлшемі3,08 Mb.
#140773
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   269
Байланысты:
Жұбанов Қ.

(«Оңтүстік Қазақстан», 1969 жылғы 10 декабрь) 
 
Ғ.Орманов 
Профессор 


368 
Бәрі бір күнгідей болған жоқ. Қазір ойласаң, оның өзі бір күлкі сияқты. 
Солай болып еді дегенге, тіпті, кісі сенбейтіндей. Бірақ солай болған... 
Ол жиырма екінші жылдар еді. Темір уезінің 9-шы ауылында бір 
мектеп ашылды. Мұның өзін пәлендей мектеп еді деуге де келмейді: сауат 
ашу орны сияқты бірдеме еді. 
Осы мектептегі мұғалімдердің біреуі – көзі күлімдеген қара бала. 
Сығырайған жер тамның «бөлмесінде» қара қожалақ балаларды оқытып 
жүреді... Оған бәрі қызық, үміт сәулесі ілгері алып ұшады. 
Бірақ оның өрге ұмтылған осы талабын орағытып, алысқа жібермейтін 
бір нәрсе – оның қаулаған жігерін жетелеп, қиырға жол сілтерлік құнарлы 
білімі жоқ еді. Оның сондағы білім өрісінің жеткен жері – Орынбордағы 
«Хусайния» медресесінің бір жылдық даярлық бөлімі мен орыстың бастауыш 
мектебінің сегіз айлық оқуы. Соны талабына талшық қылып тырбанып 
жүрген кезі ғой бұл
*

Ол ептеп (мәнісіне түсінбесе де) орыс кітаптарын оқиды. Оңай-оспақ 
қазақ кітаптары қолынан түспейді. Солардан алған нәріне қарап ғылымның 
мөлдіреген тұнығы көзіне елестейді. Қазір соның бір тамшысына ғана ерні 
тиіп тұрған сияқты. 
Мұғалім бала көп нәрсені қиялдайды. Бірақ білім өрісінің қысқалығы 
өрелеп, бүгежектетіп жіберер емес. Осыны ол кейде ұзақ түнде ойлай-ойлай 
жатып, ақырында келіп ойын бір ғана қорытындыға тиянақтайтын еді: 
– Оқу керек! 
*
* * 
1928 жылдың аяғында Ленинградтағы Күншығыс институтына бір 
қазақ жігіті тосынан келіп, барлық программаларынан экзамен беріп шықты. 
Экзаменді жақсы берді, институтты бітіргендердің правосын алды. Институт 
басқарушылары бұл жас жігіттің ғылыми талантына қарап, институтқа 
аспирант етіп қалдырды...
Қазақта тұңғыш аспирант болған жігіт осы еді.
Естеріңізде шығар, анау жиырмасыншы жылдары Темір уезінің 9-шы 
аулындағы мұғалім бала осы болатын. Енді бұл ғылымның тұрғысына 
шыққан, ойы қиырға құлаштап, білімнің тұнығына жүзген кісі болып отыр-
ау. Санасы бар адам күн санап дамитын заман ғой. 
Біз енді бұл жерде кейінге көз саламыз. Әлгі мұғалім болып жүрген 
кезінде бұл жігіттің күні-түні шөлдейтіні ғылым екенін біз ескерткенбіз. Бұл 
жігіт сол ниетін орындады. Қаулаған талабының арнасын ағытты. Оның 
құралы ғылым еді, соған келіп араласты. Ол «кішкене» қызметін істей жүріп, 
Мәскеудегі университетке әзірленді. Тынбай сырттан оқыды. Сонда оның 
ойлағаны: Октябрь революциясы бізге ғой ғылым есігін ашып беріп отыр. 
Енді оны оқи алмау – өзімізге ар! – Оқимын! – деді. 
Оқыды! 
*
Мақала авторы жаңылысып отыр. Ел ішінде Қ.Жұбанов 1919 жылға дейін ғана болған, ал 1922 жылы ол 
толық орта білім алып, Темір қаласындағы уездік оқу бөлімінде т.б. мекемелерде қызмет атқарып жүрген. 


369 
Ғылымға жүзген сайын әлі білмейтінің көп екенін аңғарасың. Бұл жігіт 
институт аспирантурасын бітіргенде, өзіне білім әлі олқы көрінді. Ол өзінің 
алдындағы сонау ғылым шыңдарына шыққан академик, профессорларды 
көрді ғой. Осыны аңғарған ол «әлі оқу керек» деген қорытындыға 
тиянақтайды. Енді ол келіп бүкіл союздық ғылым академиясының 
аспирантурасына түсті. Мұны ол 1932 жылы бітіргенде тіл ғылымның 
профессоры болып шықты. Сонда ол сонау 1920 жылға дейінгі өмірін шолып 
тұрып: – Айналасы он жылдың ішінде осы дәрежеге жеткізген «Оқы, оқы 
және оқы!» – деген ұлы ұстазымыз Лениннің данышпан өсиетін орындаудың 
нәтижесі ғой! – деп тиянақтайды. 
* * * 
Ол қазір сол жинаған білімдерін социализм игілігіне ірікпей жұмсауда. 
Социализм заманының ғылым ордасында халқымыздың қаулаған жас 
өспірімдерін тәрбиелеуде, оқытып үйретуде. Үйреткенде баяғы әліппе емес, 
жоғары ғылым ғой, тіл ғылымының жалпы теориясы мен қазақ тілінің 
ғылыми ережелері ғой. 
Бұл осы Қазақ педагогика институтына келгелі жүз шамалы жастарға 
жоғары білім берді. Олар әлденеше жүздеген жастарды оқытады ғой. Оның 
бірсыпырасы аспирантураны бітіріп, «ғылым кандидаты» дәрежесіне жеткелі 
отыр-ау әлі! 
Астанамыздың орта, жоғары дәрежелі мектептерінің отыз оқытушысы 
осыннан үйреніп, енді біраз уақытта тіл ғылымы жөнінде жоғары дәрежелі 
білім иесі боламыз деп қуанып отырған жоқ па? Талай институттарымыздың 
тіл кафедрасында қаншама жастарымыз ұйып, осы жігіттің ғылыми сабағын 
тындап отырғанын көресің. Ол – оқу істері комиссариатының термин 
комиссиясының председателі. Жаңа әліп комитетінің оқымысты секретары. 
Ғылым академиясы филиалының тіл ғылымы секторының бастығы. Ол 
қазақтың әдебиет тілі мен басқа ғылымдар жөніндегі терминдерін жасасты. 
Орта мектептердің грамматикасы мен жоғары мектептердің қазақ тілі 
Ғылыми грамматикасын жасап беріп отыр. Мұғалімдерге орта мектеп 
грамматикасының жайын түсіндіретін бір кітап, «Емле, термин мәселелері» 
деген бір кітап жазып жатыр. Қазақ тілі жайын зерттеу деген тақырыпта орыс 
тілінде он кітапша жазып, алды баспадан шықты. «Қазақ тілі мәселелері» 
деген ғылыми (академиялық) сөздігі жасалып жатыр. Бұл жұмыс 1942 жылы 
бітеді. Соны бұл да басқарады. 
Мұның қаулаған талабын жетелейтін ғылым іздегенде, істемек қызметі 
осы еді. 
Қазақстанда емле, термин мәселелері реттелмеген ұлттар бар: мәселен 
ұйғыр, дүнген делік... 
Ұйғыр халқының республикалық мәдениет съезі емле, термин 
мәселелерін қарағанда осы профессордың аянбай ат салысқанын көрдік. 
Талай ғылымитүйіндерді шешіп берді. Ұйғыр халқы қандай риза болды 
десейші. 


370 
Биыл ол ұйғыр халқының толық тіл грамматикасын жазып береді. 
Дүнген халқының тіл маманын әзірлеуге ат салысып жүр. Осыны көргенде 
халықтар арасындағы достық, туысқандықтың мейлінше бекігенін түйгендей 
боласың. 
Ленинизм ғылымы ешбір ұлтты, ешбір тілді алаламайды. Ол бәріне 
бірдей ғылым. Ол ғылыммен тәрбиеленген кісі де барлық ұлттқа бірдей кісі, 
барлық тілге де өз ана тіліндей қарайтын кісі болатынын терең ұғынасың. 
* * * 
Оған мұғалімдеріміз де көп көз тігіп, көмек күтеді. Сондықтан да оның 
алдынан мұғалімдердің хаты үзілмейді. Кейбіреулер, тіпті, келіп те 
жолығады. Осының бәріне ауызекі де, хат арқылы да жауап қайтарып, жөн 
көрсетіп үлгереді. Соның ішінде мына сияқты тамаша әңгімелердің де 
тақырыбы кездесіп қалады. 
Ол бір күні кафедрадағы жұмысын бітіріп, оқу бөліміне келгенде, 
столда жатқан хатқа көзі түсті. Алып қарады, алыстан екен. Ашып оқығанда 
бұл өз өмірін аралап шыққандай болады: оның баяғы монтиған кезінде өзін 
оқытқан бір оқытушы есіне түсті. Сонда бұл: «Осы мұғалімнен өтер білімді 
кісі жоқ шығар!», – деп ойлайтын еді. Тегінде, балалар солай ойлайды... Бірақ 
өзің есіп, білімің ұлғайған кезде ғана барып, оның жайын түсінесің. 
Мына хат жазып, ақыл сұрап отырған да сол сияқты осы профессорды 
бір кезде оқытқан Абдолла Беркінов деген жолдас екен. 
Бұл оған толық түсінік беріп хат жазды да, аяғына қол қойды: 
«Профессор Құдайберген Жұбанов», – деп. 
(«Социалистік Қазақстан», 1937 жылы, 21 март) 
 
 
 
М.Балақаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет