«логистика жəне көлік академиясы» «Əгп жəне дт» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет45/82
Дата05.06.2023
өлшемі3,62 Mb.
#178253
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82
Байланысты:
umkd

Саяси мінез-құлық 
– 
саяси билікті жүзеге асыру, өздерінің саяси мүддесін қорғауға адамдардың əлеуметтік 
қауымдастығының, тұлғалардың қатысу түрі.
Саяси мінез-құлықты зерттеуде саяси ғылымда келесі бағыттар қалыптасып отыр: 
социологиялық, əлеуметтік-психологиялық жəне тиімді таңдау. Сонымен, саяси мінез-
құлықты зерттеудің бір бағыты – 
социологиялық модель
. Социологиялық модельдің 
пайда болуын ХХ ғ. басындағы А.Зигфрид, П.Лазарсфельд, Б.Берельсон еңбектерімен 
байланыстырады.
Саяси мінез-құлықты зерттеудегі келесі əдіс – 
əлеуметтік-психологиялық модель. 
Əлеуметтік-психологиялық тұжырым өкілдері сайлаушылар таңдауы мен оның өзгеру 
тетігін түсіндіретін бірнеше қағидаларды ұсынады: біріншіден, сайлаушылардың басым 
көпшілігіне өздерін қандай да бір партияға жақын сезіну тəн. Екіншіден, партиялық 
идентификацияны қалыптастыратын отбасы. Үшіншіден, партиялық идентификация 
маңызды қоғамдық-саяси мəселелерге байланысты өзгеруі мүмкін. 
Келесі бағыт – тиімді 
таңдау теориясы. 
Ол – американдық саясаттану мектебінің танымал бағыттарының бірі. 
Бұл
теорияға сəйкес саясат саласында барлық адамдар балама мақсаттар мəнін есепке ала 
отырып əрі өз мақсатына қол жеткізу үшін тиімді əрекеттер негізінде өз мүдделерін 
жүзеге асыруға саналы түрде ұмтылады. Жалпы бұл теория шеңберінде жеке таңдау 
үрдісіне көп көңіл бөлінеді. Əлеуметтік-психологиялық жəне социологиялық əдістермен 
салыстырар болсақ, бұл əдістің ерекшелігі индивидке əсер ететін сыртқы факторлардан 
гөрі, оның ішкі əлеміне көп мəн берілуінде. Яғни, адамдардың мінез-құлқының ішкі 
жағдайы бірінші орынға қойылады. 
Жалпы саяси таңдауда, саяси шешімдерді дербес қабылдауда адамның 
дүниетанымының орны зор. Саяси мінез-құлықта саналы тұлғалық саяси мүдделер мен 
құндылықтардың болуы шешуші мəнге ие. Саяси мəдениетте саяси мінез-құлық маңызды 
рөл атқарады. Оны білу үшін əлеуметтанулық сауалнамалар, сұхбаттасу, түрлі 
тəжірибелік əдістерді қолдана отырып, қоғамның саяси мінез-құлқын анықтай алады.


27 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет