«логистика жəне көлік академиясы» «Əгп жəне дт» кафедрасы


Саясаттағы жеке тұлғаның рөлі –



Pdf көрінісі
бет8/82
Дата05.06.2023
өлшемі3,62 Mb.
#178253
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82
Байланысты:
umkd
6 день Каренеева, Screenshot 2022-09-06 at 5.05.55 PM, 11.3. қаз. вариант, 5 вариант Итоговая аттестация по предмету химия, document (1), Қала құрылысын жүргізуді реттеудегі сызықтарды талдау.
Саясаттағы жеке тұлғаның рөлі – 
жеке тұлғаның саяси мəртебесі мен саяси мəдениеті, саяси 
кəсібилігінен туындайтын саяси қатынастарға, саяси үрдіске ықпал ету шарасы, деңгейі. М.Вебер 
саясаттың үш түрін жіктейді. Жəне оған қатысуына байланысты саясаткер-тұлғаның үш түрін 
көрсетеді. «Жағдайға байланысты, кездейсоқ» саясат – саяси қатысудың түрі, бұл жағдайда жеке 
тұлға өз еркін аракідік, тіптен саяси акциялардың мазмұны, сипаты мен бағыты туралы ойланбай 
жүзеге асырады. «Қосымша» саясат адаммен қажет жəне мұқтаж болған жағдайда басқа 
қызметімен қатар жүзеге асырылады. Саясатпен «қосымша» айналысатын адамдар үшін саяси 
қызмет басты болып есептелмейді. Кəсіби саясат бұл жеке тұлғаның кəсібі болып табылады. 
Кəсіби-саясаткер – саяси кеңестер мен ұсыныстар беруге қабілетті талдаушы, билік 
технологиялары бойынша маман. Жоғарыда көрсетілген жағдайлардағы саясатта жеке тұлғаның 
қатысуынан оның рөлі анықталады.
Саясаттағы құндылықтар
– саяси жағдайды бағалауға мүмкіндік беретін жəне оның ішінде 
бағыт-бағдар көрсететін саяси сана-сезімнің өзекті таптаурындары, нормалары. Саяси 
құндылықтар əлеуметтік құндылықтардың (аксиология) құрамына құрылымдық бөлімі ретінде 
кіріп, саяси тəжірибені ұғынуды білдіреді. Құндылықтар сондай-ақ идеология мен ділдің, немесе 
қоғамдық психологияның құрылымына кіреді. Бірдей саяси құбылыстар идеология мен 
құндылықтар жүйесіне байланысты əр түрлі түсінікпен қабылданады.
Саясаттағы маргиналдық
[лат. 
marginalis
– жақ, шет дегенді білдіреді] – мемлекеттік шектеулер 
жеке тұлғалық қарым-қатынас мазмұнын индивидтің қалыптасу ортасы ретінде анықтайтын 
əлеуметтік өмір түрі. Саяси маргиналдылықтың негізі – жалпы үйлесімділік пен жақсы өмір сүру 
идеясы арқылы жеке тұлғаның əлеуметтік трансформациясы. 
Саясаттағы мінез – 
жеке тұлғаның, адамдардың əлеуметтік қауымдастығының саяси билікті 
жүзеге асыруға, өздерінің саяси мүдделерін қорғауға қатысу түрі. Саясаттағы мінездің екі негізгі 
түрін көрсетуге болады: саяси іс-əрекет жəне саяси əрекетсіздік.
Саяси іс-əрекет – саяси субъектінің саяси қатынастарға, қоғамның саяси жүйесіне жəне оның 
басқа институттарына, басқа объектілерге бағытталған белсенділігінің түрі. Саяси іс-əрекеттің 
мақсатқа бағытталуы конструктивті жəне бұзушы болуы мүмкін. Бұл объективті жəне субъективті 
факторларға тəуелді. Субъективті факторларға – рухани əлемнің саяси білім, идеялары, т.б. 



бөліктері, ал объективті факторларға – жеке тұлға, оның қызметі, т.б. сияқты саяси ұйымның 
түрлері жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет