Ұлттық ҚҰҚЫҚ жоғары мектебі (әділсот, адвокатура және кәсіпкерлік құқық)



бет3/113
Дата08.01.2023
өлшемі1,26 Mb.
#165130
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113
Байланысты:
КР МКТарихы силлабус
1801-11 Сымбат экономика (копия), ZHalpy-fizika 2, Fizikany-o ytu- distemesi 2, 5 Математика 5 сынып 5.4.А Пайыз бөлімі Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу Қосымша 3 Үй жұмысы, Хронический пиелонефрит. Хронический цистит.rtf , Саясаттану д рістері

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


(syllabus)
Пәннің атауы «Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы»

Мамандық 5В030200 «Халықаралық құқық»


(шифр, атауы)
Оқу нысаны __күндізгі____________________

Пәннің коды _____________________________


Барлығы __1_ кредит


Курс ___1__ Семестр __2_


Дәріс ___10___ сағат Семинар__5_сағат


АБ саны __2__


СОӨЖ __15___ сағат


СӨЖ __15___ сағат


Емтихан __2_ сағат Еңбек көлемі 45 сағат


АСТАНА – 2011




Пәннің оқу бағдарламасын (syllabus) мемлекеттік білім стандарты және «Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы» пәнінің типтік оқу бағдарламасы негізінде кафедраның аға оқытушысы, юриспруденция магистрі Танатарова З.Л. дайындады.


Пәннің оқу бағдарламасы (syllabus) мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

«26» тамыз 2011 ж. Хаттама № 1

Кафедра меңгерушісі ______________________________У.Ш Шапақ.
(қолы, аты-жөні)
Ұлттық құқық жоғары мектебінің оқу әдістемелік кеңесінде мақұлданды.
«31»тамыз 2011 ж. Хаттама № 1

Мазмұны




Бөлімдердің атаулары




1.

Оқытушы туралы мәлімет




2.

Пререквизиттер




3.

Постреквизиттер




4.

Пәннің жалпы сипаттамасы




5.

Дәрістің тақырыптық жоспары




6.

Семинар сабақтарының мазмұны




7.

Пән бойынша СОӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі




8.

Пән бойынша СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі




9.

І, ІІ аралық бақылау сұрақтары




10.

Емтихан сұрақтары




11.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі




12.

Негізгі терминдер мен түсініктер сөздігі




13.

Пән бойынша І, ІІ аралық бақылау бойынша бағалау критерийлері




14.

Білім бағалаудың жалпы шкаласы






1. Оқытушы туралы мәліметтер:
Танатарова З.Л.– мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының аға оқытушысы, құқық магистрі.
Қазақ Гуманитарлық Заң университеті, халықаралық құқық факультеті, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы. каб. 226.
Жұмыс телефоны – 703026
Ғылыми қызығушылығы: ғылыми жұмысының тақырыбы «Адам және азаматтардың экологиялық құқықтары мен бостандықтарын құқықтық қамтамасыз етудің аспектілері: халықаралық және ұлттық тәжірибе».
Ғылыми мектебі: Қазақ гуманитарлық заң университеті, «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасының ізденушісі. Ғылыми жетекшілер з.ғ.д., профессор Бұсырманов Ж.Д., з.ғ.к., доцент Шапақ У.


2. Курстың пререквизиттері:
Аталған курсты оқыту бастағанға дейін білімгерлер алдын ала білімдері болуы қажет. Олардың қатарына Қазақстан тарихы, мемлекет және құқық теориясы, шетелдердің мемлекет және құқық тарихы, саяси және құқықтық ілімдер тарихы жатады.


3. Курстың постреквизиттері:
Пәнді оқып игергеннен кейін ҚР мен шет елдердің конституциялық құқығы, салыстырмалы құқықтану, мемлекет және құқық теориясының мәселелері пәндерін және өзге де салалық заңдық ғылымдарды оқып-үйренген абзал.


4. Пәннің жалпы сипаттамасы:
Қазақстан Республикасында заңгерлер дайындау жүйесінде Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні заң пәндері ішінен үлкен орын алады. Тарихты білмеу, әсіресе саяси және құқық тарихын білмеу жоғарғы заң білімдерінде толық процессті көрсетпейді. Мемлекет пен қоғамның дамуындағы заңдылықтардың тууын тарихпен байланыстырмай құқықтық сипаттаманы алу мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқықтық тарихын зерттеу өзінің тарихына сүйіспеншілік ретінде қарау ғана емес, Қазақстаның бүгінгі саяси және құқықтық дамуының талаптарына ғасырлардан жиналған тарихи үлкен тәжірибемен қызмет ету, жақсы түсініп, өз ойын ортаға жеткізе білу.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының пәні болып, ерте уақыттан осы күндерге дейінгі қазақтардың мемлекеттік дамуы мен құрылуын зерттеу болып табылады. Тарих ғылымдарының анализі мен синтезі арқылы, Қазақстан аумағындағы мемлекеттің пайда болуы, мемлекеттік қоғамдағы қатынастар, құқықтық ескерткіштерін саяси билік институттары арқылы зерттейді. Сомен қатар елімізді¡ тарихын құқықтық нормалар жағынан, қоғамдық саяси, мәдени-әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, обьективтік заңдылықтарын анықтап, мемлекет пен құқықтың пайда болуына және дамуына ұлкен әсер беріп отыратын ғылым.
Жалпы Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық, қоғам мен мемлекеттің арасындағы сан қырлы, күрделі қарым-қатынастарды, қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орнын, маңызын, азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара байланысын, адамдардың сана-сезімін, оның қоғамдағы маңызын, мемлекеттің болашағын, құқықтық мемлекет қалыптастыру бағыттарын зерттеп, қорытынды тұжырымдап жасап отырады.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәнін оқытудың мақсаты – Қазақстанда мемлекет пен құқықтың пайда болуы, қалыптасуы мен дамуы туралы студенттің бойында тұтас түсінік–түйсікті толық, айқын да нақты қалыптастыру.
Пәнді оқытудың міндеттері:
а) Қазақстан аумағындағы ежелгі дәуірлерден бүгінгі күнге дейінгі мемлекеттердің типтері, нысандары және құқық жүйелерітуралы білімді хронологиялық тәртіпте бере білу;
ә) Олардың пайда болуы мен қызмет етуінің шартының, нақты себептері мен уақыттық аясын және де биліктік қатынастардың ішкі құрылымы мен мемлекеттік органдардың механизмін, олардың әволюциялық дамуының заңдылықтарын қарастыру;
б) Қазақ хандығының қалыптасуын бірнеше ғасырларға созылған протоқазақ мемлекетінің даму нәтижесінің заңдылығы ретінде ашып көрсету, оның қазақ әтносының мемлекеттілігі ретіндегі жалпы және ерекше қасиеттеріне сипаттама беру;
в) Қазақстандағы дербес мемлекеттіліктің Ресей отарлауының нәтижесінде құлдырауы процесін және кеңестік өкімет тұсындағы қазақ ұлттық мемле кеттілігінің құрылуын зерделеу;
г) Қазақстан Республикасының тәуелсіз және егеменді мемлекет ретінде орн ығу мен дамуын обьективті, әрі заңды құбылыс деп бағалай отырып, оның құқықтық жүйесінің қалыптасу процесін ой елегінен өткізу.
Бұл пәннің маман даярлаудағы ролі мен маңызы мынада: бұл пәнді оқып үйрену Қазақстан Республикасының мемлекеті мен тарихы жөнінде тұтастай түсінік қалыптастыруға, Қазақстандағы мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың әволюциясының жалпы және ерекше заңдылықтарын ашуға, республикамыздың саяси–құқықтық өмірінің өткені, бүгіні мен болашағына қатысты мәселелерді еркін бағдарлай алуға баулуда болып табылады.
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет