Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтарға немесе терминдерге байланысты құрастыру
СӨЖ №5
Кесте сызу
1-апта
Семинарлық немесе СОӨЖ сабақтарында
СӨЖ дәптеріне әр тақырып бойынша кесте сызу
№1 СӨЖ: Реферат жазу Жазбаша үй тапсырмасының бір түрі реферат жазу. Реферат “Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы” пәнінен жазылады, ол кемінде 3-4 компьютермен терілген беттен тұруы қажет. Реферат кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұруы тиіс. Рефераттың кіріспе бөлімінде сіз міндетті түрде тақырыптың маңыздылығын, мақсаты мен міндеттерін атап өтесіз. Негізгі бөлімде сіз рефераттың тақырыбын ашып, қысқаша, өз зерттеулеріңізді келтіре отырып, салыстырмалы талдау жасайсыз. Қорытынды бөлім тақырып бойынша тұжырымдамалардан тұрады. Міндетті түрде пайдаланған әдебиеттер тізімін көрсетіп, оны негізгі және қосымша әдебиеттерге бөліп өту қажет. Реферат ауызша түрде қорғалып, белгіленген ұпайларға және бағалау критерийлеріне сәйкес бағаланады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы
«Бекітемін»
кафедра меңгерушісі, з.ғ.к.,доцент
__________________ Шапақ У.Ш.
«____» ___________ 2010 ж.
Хаттама №___
«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ» ПӘНІ БОЙЫНША
РЕФЕРАТ ЖАЗУҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Мамандығы: 5В030100 «Юриспруденция»
5В030300 «Құқық қорғау қызметі» 5В030200 «Халықаралық құқық» 5В030200 «Кеден ісі»
Дайындаған:
мемлекет және құқық теориясы мен тарихы
кафедрасының аға оқытушысы,
юриспруденция магистрі З.Л. Танатарова
Кіріспе Реферат жазу және оны қорғау студенттің оқу материалын жақсы меңгергенін, нормативтік актілер мен әдеби қайнар көздерімен жұмыс істеу дағдысын, зерттеудің методологиясын игергенін, мәселенің тарихнамасымен таныс екендігін, зерттеліп отырған объект бойынша субъективтік көзқарасын жеке дәлелді түрде көрсете алатынын және қорытындылай білу қабілетін көрсетуі қажет.
Реферат - заңтану саласындағы өзекті тақырыптардың бірін теориялық немесе экспериментальды зерттеуден тұрады. Жұмыста студент кәсіби міндеттерді жеке шешуге мүмкіндік беретін қажетті теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды меңгеру деңгейін көрсетуі қажет.
Реферат – студенттің күрделі әлеуметтік болмыстарды ғылыми талдау әдістерін меңгеру деңгейін, теориялық және тәжірибелік қорытындылар беру қабілетін, зерттеліп отырған саладағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша негізгі ұсыныстар бере білу қабілетін көрсетуі тиіс.