Мамандық бойынша пәннің аталуы 0105000 «бастауыш білім беру»


Бос уақыт- жеке тұлғаның мәдени деңгейіне, қызығушылықтарымен қабілетіне сәйкес іс-әрекет таңдап өткізетін, қажетті істерді орындауға бөлінген уақыттан тыс уақыт



бет3/4
Дата09.01.2022
өлшемі0,85 Mb.
#110465
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
70353836-277d-4f3a-aae3-76af9e85239a
Кемалхан Арайлым
Бос уақыт- жеке тұлғаның мәдени деңгейіне, қызығушылықтарымен қабілетіне сәйкес іс-әрекет таңдап өткізетін, қажетті істерді орындауға бөлінген уақыттан тыс уақыт.

«Бос уақыттағы іс-әрекет» - жеке тұлғаның өзін-өзі және қоршаған әлемді танып білуіне бағытталған, негізгі жұмыс уақытынан тыс уақытта іске асырылатын саналы әрекеті.





Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оған дұрыс бағыт беріп отыру-барша қауымның ортақ ісі. Оқушы жан-жақты болып өсу тек қана оның мектепте өткізген уақытымен шектелмейді. Бүгінгі таңда жаңа білімді адамды қалыптастыру барысында мектептің қызметі күннен-күнге ұлғая түсуде. Сондай қызметтерінің бірі- сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар. Оқушылармен сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады, ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың және олардың адамгершілік мінез құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың формасы болып табылады.

Сонымен, оқушылардың бос уақытын пайдалану үшін, ең алдымен олардың қандай пайдалы іспен шұғылдануды ұнататынын, қабілетін зерттеп біліп, сыныптан тыс жұмыс жоспарын жасағаңда ескеру керек. Бұл ретте біз сөз еткен зерттеу шеңберін кеңейтіп, сан қилы тәсілдер түрін жетілдіріп, нәтижелілігін арттыру үшін аянбай енбек ете білу керек. Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.

Сыныптан тыс тәрбие  жұмыс – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет