Мазм ұ н ы Кіріспе



бет17/38
Дата14.08.2023
өлшемі193,57 Kb.
#179823
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38
Байланысты:
мустапаева

Критериалды бағалау – оқушылардың білім жетістіктерін ұжыммен келісілген, оқу үрдісіне қатысушыларға алдын-ала белгілі, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуына жағдай жасайтын, білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес нақты анықталған критерийлер бойынша салыстыруға негізделген үрдіс. 


Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері

Критериалды бағалау міндеттері:



  • Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау; 

  • Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы; 

  • Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау; 

  • Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру; 

  • Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау; 

  • Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету. 


Критериалды бағалау артықшылықтары:



  • Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады; 

  • Оқушының жұмысы дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен (эталон) салыстырылады; 

  • Үлгі (эталон) оқушыларға алдын-ала белгілі; 

  • Оқушыға бағалау алгоритмі алдын-ала белгілі; 

  • Білім берудің сапасы артады; 


Критериалдыбағалау:

Мұғалімдерге: 



  • Сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға; 

  • Өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға; 

  • Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға; 

  • Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға; 

  • Бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға; 

  • Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді. 


Оқушыларға: 



  • Нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге; 

  • Рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға; 

  • Нақты есептерді шешуде білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білуі, сын тұрғысынан ойлай білуге. 


Ата-аналарға: 



  • Баласының білім деңгейлерін бақылай алуға; 

  • Баласының оқу үрдісін бақылай алуға; 

  • Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет