Мазм ұ н ы Кіріспе


Педагогикалық тәжірибе барысындағы оқушыларды бағалаудың нәтижелері



бет20/38
Дата14.08.2023
өлшемі193,57 Kb.
#179823
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38
Байланысты:
мустапаева

Педагогикалық тәжірибе барысындағы оқушыларды бағалаудың нәтижелері



Оқыту үшін бағалау құралдары:

  1. Оқушылар сұрақ құрастырады

  2. Оқушылар сұрақ қояды

  3. Түсініктеме арқылы бағалау

  4. Блок ортасында бағалау

  5. «Мүмкін»

  6. Күту уақыты

  7. Ашық және Жабық

  8. Жұмыс үлгісі

  9. Оқушылардың бағалауы

  10. Айқын мақсат қоя отырып

  11. Сабақтың мақсаты

  12. Мұғалім шолуы

  13. Оқушылар шолуы

  14. Бағдаршам

  15. Өзін өзі бағалау мақсаты

  16. 2 жұлдыз, 1 тілек

  17. Құрастыр, сосын жауап бер

  18. Атмосфера орнату

  19. Көршіңізге айтыңыз

  20. Идея туралы пікір

  21. Серпілген сауал

  22. Күтіңіз және түйіндеңіз

  23. Дұрыс емес пікір

  24. Сұрақ құрастыру

  25. Оқу күнделігі

  26. Қайтадан құрастыру

  27. Негізгі сәттер

  28. Жақсарту жөніндегі нұсқаулық

  29. Түсініктемелермен жұмыс

  30. Топтық кері байланыс

  31. Сыныптастарды бағалау

  32. Бас бармақ

  33. Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру

  34. Қайталау Бағдаршам

  35. Құрастыр және жауап бер

  36. Оқушылардың бағалау сызбасы

  37. Топтық жауаптар

  38. Сөйлеу арқылы ойлану

  39. Сұрақты төңкеріңіз

  40. X және Y

  41. Білетініңіздің барлығы

  42. Түзетулер

  43. Үлдірленген критерийлер

  44. Прогресс білдіру

  45. Сөздерді талқылау

  46. Қарым-қатынас

  47. Парасатты диалог

  48. Кері байланыс бутерброды

  49. Не жақсы?

  50. Өзін өзі бағалау

  51. «Жақсы» сұрақ деп нені айтады?

  52. Графикалық органайзерлер

  53. БББ

  54. Әңгімелесетін әріптестер

  55. Стикер

  56. Жауап беретін әріптес

  57. Қолыңды төмен ұста

  58. Жақсы сұрақ негіздері

  59. Оқуды реттеу

  60. А Ә Б В

  61. Неліктен бұл үздік?

  62. Көрсет және әңгімеле

  63. Белсенді оқушылар

  64. Ұзақ мерзімді және Қысқа мерзімді

  65. Минуттық шешім

  66. Жауап алу

  67. Смайликтер

  68. Шаршылар

  69. Түсініксіз тармақ

  70. Бір сөйлеммен түйіндеу



1.Оқушылар сұрақ құрастырады
Мысалы –

  • Сіз жаңа тақырыпты оқыған кезде не туралы білгіңіз келді?

  • Білімді бағалау үшін мұғалімнен немесе басқа оқушылардан сұраңыз;

  • Сіз өз біліміңізді бұдан әрі жақсартқыңыз келген білім/түсінбеу саласын көрсетіңіз.

Сыныпта сұрақтарға арналған қорапша қоюға болады, оқушылар оған сабақ аяқталғаннан кейін өз сұрақтарын салады.Немесе арнайы сабақ ұйымдастыруға болады, онда оқушылар бүкіл сынып болып жұмыс істейтін немесе келесі сабаққа негіз болатын сұрақтарды құрастырады.


2.Оқушылар сұрақ қояды
Оқушыларға сұрақтар қоюға мүмкіндік жасаңыз. Сұрақтар сыныптастарға, мұғалімге қойылуы мүмкін немесе талқылауды дамыту құралы ретінде қолданылуы тиіс.Жазбаша түрдегі сұрақтарға арналған «Сұрақтар қорапшасы» оқушылар үшін қарым-қатынас жасаудың өзгешелеу түрі болып табылады.Оқушылардың жұмыс туралы сұрақтарды дауыстап айтуына уақыт беріңіз. Бұл бағалау үдерісін іске қосуға және ұғымның екіұдайы түсінілуін болдырмауға көмектеседі.


3.Түсініктеме арқылы бағалау
Түсініктеме арқылы бағалау оқушыларға марапатқа немесе жазалауға тіреліп қалмай (баға қойғандағы сияқты), назарларын алға басу мен дамуға аударуға мүмкіндік береді.Түсініктемелерді оқулықтарда, оқулықтардың басындағы кестелерде, оқу күнделіктерінде немесе журналда қалдыруға болады. Соңғылары мұғалім мен оқушыларға түсініктемелердің көбеюі мен жақсаруын қадағалауда көмектеседі.Түсініктемелерде оқушының нені жақсартуы керектігіне қатысты айқын нұсқаулықтар берілуге тиіс.Кері байланыс беруді көздейтін жаттығулар мен жұмыстарды жоспарлаңыз – тапсырмалардың құрылымы үдеріске көмектессін.


4. Блок ортасында бағалау
Блоктың соңында бағалаған жағдайда, сізге оқушылар жолықтырған немесе жалпыға ортақ түсінбеушілік тудырған саладағы проблемаларды қарастыруға уақыт жетпей қалуы мүмкін.Бөлімді оқу барысында бағалауға уақыт беру (мысалы, 7 сабақтың бесінші сабағында) мәселені қарастыруға, ұғынуға және қайталауға мүмкіндік береді.Бұл сонымен қатар мұғалімге үдерісті дәлелдермен бекіте отырып, назарын түсінбеушілік туғызған салаларға аударуына мүмкіндік береді.


5.«Мүмкін»
Сұрақ қоя отырып, оқушыларға болжалды жауаптарды ойлануға және зерделеуге мүмкіндік беру үшін, арасында «мүмкін» деген сөз орамын қолданыңыз.
Мысалы, Демократияның маңызы қандай?
Демократияның мәні қандай болуы мүмкін?
Бірінші сұрақ мұғалімге таныс, жалғыз ғана жауапты көздейді. Ал екінші сұрақ анағұрлым ашық болып көрінеді.
Ұлы күйзеліс бүгінгі таңда қалай байқалар еді?


6.Күту уақыты
Күту уақыты оқушыларға ойлануға және жауап беруге мүмкіндік береді. Сыныптағы барлық балалар бір бағытта және бірдей ойлай бермейді – күту оқушыларға өз ойын жинақтауға және берілген сұраққа жауапты ойластыруға мүмкіндік береді.
Күту уақытының 2 түрі:

  • Мұғалім айтады, содан кейін оқушылар өз жауаптарын бергенге дейін үзіліс жасайды.

  • Оқушы жауап беруді аяқтайды және мұғалім оның жауабына қатысты әрекет еткенге дейін кідіріс жасайды. Бұл амал оқушыға ойын толықтыруға және жалғастыруға немесе басқа оқушыға жауап беруіне мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет