Мазмұны кiрiспе 1 тарау педагогиканың жалпы мəселелерi



бет4/28
Дата14.03.2020
өлшемі0,64 Mb.
#60153
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Абиев Педагогика Каз


Мақсат болжаубұл қазiргi заман өркениетiнде жасап жаңартушы қабiлетке ие осы дəуiр

жеке адамының қажеттi даму деңгейiн қамтамасыз ететiн объектив, əлеуметтiк-психологиялық



жəне мəдени жағдайларды түсiну; бұл сондай адамның жалпы идеал бейнесiн мейлiнше

нақтылайтын сөз жүйесiн iздестiру; бұл тəрбие мақсатын қабылдауға мүмкiндiк беретiн

шарттар ретiнде балалық шақ табиғатына, жеке адам даму мəнiне жəне даралық болмысына



талдау, баға бере алу; бұл нақты бала жасаған нақты жағдайларды талдай отырып, оларды

қойылған мақсат мазмұнымен орайластыру.

2. Тəрбие мақсаты мен тəрбие мiндеттерi

Мақсат категориясына қарама-қарсы категория – арман. Екеуiнiң бiр-бiрiне ортақ ұқсастығы

олардың санада туындап, əрi жасайтын идеялық бейне болуында. Ал айырмашылығы – осы

бейнеге субъект қатынасының əртүрлiлiгi.



Арман - елестiң немесе қиялдың субъектiге берер бiршама қанағаттану сезiмi. Арман

адамды шындық болмыстан алшақтатады.



Мақсат - бұл да бейне, бiрақ онан келетiн қанағаттану тек iшкi қабылдаудан емес, сол

бейненi iс-əрекетке қосып шындыққа айналдырудан. Бұл бейне субъектi белсендi əрекетке

бағыттайды, ықпал жасайды. Туындай отырып, мақсат ойға алған, көздеген нəтижеге жетпей, өз

қанағатын таппайды. Бұл арада бейне-нəтиже тек iштей қызығу үшiн емес, нақты жетiстiк үшiн

қажет.


Арман субъекттiң енжарлығынан келiп шығады, əркетсiздiкке байланысты, ал мақсат - iс-

əрекет, белсендi қызметтiң бастау көзi.

Бiрақ өзiмiз жасап отырған, қарама-қайшылығы қабысқан барша дүниемiздегiдей – бұл екi

шектi құбылыс – арман мен мақсат өзара тығыз байланысқан. Арман – мақсат түзу үшiн негiз,

арман – мақсаттарды қайта қарас-тырып, үйлестiрiп отыруға ықпал. Мақсат та өз кезегiнде

жаңа мақсатқа жетелейтiн жаңа арманға жол ашады. Мақсатқа жетудiң жолы тұп-тура болмақ

емес, ол үшiн талай мiндеттердi iске асыру қажеттiлiктерi туындайды.



Мiндет - бұл мақсатқа жету жолдарындағы бiр саты, орындалуы қажет нəтиженiң бiр бөлiгi,

осы бөлiк өзiнiң iс-əрекеттiк бiтiмiн таппаса, жалпы нəтиже де жоқ. Мiндет мақсаттың өзiн құрайтын

элементтерге бөлiнуiнен пайда болады. Кейiн сол элементтердiң бəрi бiрiгiп, iс-əрекеттiң жалпы

нəтижесiн алуға жұмсалады. Iс-əрекеттiң барысын-да субъект, əдетте, мақсат жөнiнде ойламайды,

оның есiнде тек мiндеттерi, өз iс-əрекетiн сол мiндеттердiң кезегiмен шешiлуi деп бiледi.

Мақсаттың ұмыт болуы – жалпы стратегиялық бағыттың жойылуына əкеледi, ендеше,

мiндеттер де тактикалық бағдар ретiнде өз маңызын жояды. Мысалы, бағбан адамдарға лəззат

берер бақ бергiсi келдi (жалпы мақсат). Бiрақ нақты iстердi (мiндеттердi) орындау күй-беңiмен

жүрiп, тиiстi орынға гүл егудi ұмытты, соның салдарынан бақ лəззат беру сипатынан айрылды,

яғни негiзгi мақсат iске аспады, сонымен атқарылған мiндеттер (атызды дайындау, суғару, күтiм

жасау – бəрi де) босқа кеттi.

Мақсат болжау – мақсат пен мiндеттердiң өзара байланысын тану нəтижесi.

Мiндет - мақсаттың бiр бөлiгi, құрылым бiрлiгi. Мiндет көрер көзге дербес, өз алдына

жасағанымен, мақсат бағытында орындалып барады. Мысалы, педагог баланы күнделiктi

адамгершiлiкке баули отырып, қоғам азаматын тəрбиелеу бағдарындағы мақсатты мүлде естен

шығармауы тиiс, өмiрде адамның тұлғалық мазмұнын оның əр секунд, минут, сағаттағы белсендi

тiршiлiгi қалайды, - дегендей философиялық тұжырымды бетке ұстау лазым.

Кəсiптiк еңбектiң ажырамас бөлiгi ретiнде мақсат болжау мұғалiмнiң, жоғары оқу орны

оқытушысының қызметiнiң құрамды бөлiгi. Осыдан, ертең ұстаздық iске араласамын деген студент

мақсат болжау проблемасының ғылыми мағынасын, педагогикалық қызмет құрылымын-дағы

мақсат болжаудың мəнi мен мақсаттың орны мен маңызын, мақсаттарды əртүрлi негiзде

сараптауды жете түсiнiп, игеруi мiндеттi.

Əрбiр мiндет өзiнiң орындалу сəтiнде субъект үшiн нақты бiр мақсатқа айналады да, ол

мақсат өз кезегiнде төменiрек деңгейдегi жаңа мiндеттердi жүзеге əкеледi. Педагог жалпы мақсат

бағдарын жаздырмай отырып, таңғажайып үздiксiз мiндетке, мiндеттiң мақсатқа өзгерiсi мен ауысу

аймағына тап болды. Осыдан да, педагогикалық тəжiрибеде түсiнiспестiк орын алып келе жатыр:

ненi мақсат, ненi мiндет деп танимыз?

Егер тəрбие мақсатының жалпылығы сақталса, онда педагогтiң қадам сайын алға қойып,

əр сəт сайын шешiп отыратын əрекеттiнiң бəрi – мiндеттер. Жалпы мақсаттық бағдар назардан

ғайып болып, педагог бiр мiндет бағытында жұмыс iстеп, ойлай бастағаннан, дəл осы мiндет

мақсат мазмұнына ие болып, өзiне қажеттi ендiгi мiндеттерге ие болады.

Мiне, осыдан педагогикалық сөздiкте ''Тəрбиенiң мақсаты мен мiндетi'', ''Тəрбиенiң

мақсаттары мен мiндеттерi'' тiркестерiн жиi кездестiремiз. Бұлардың бiрiн таңдауымыз белгiлi

мақсаттың жалпы бағдарына байланысты да, бiр жағдайдың өзiнде де мақсаттық мəнге де,

мiндеттiк мəнге де ие бола беретiнiнен. Мысалы, мұғалiм сабақты дайындауда нақты сабақ

''мақсатын'' белгiлейдi, ал ендi осы мақсаттың өзi жалпы тəрбие мақсатының мiндетi болып шыға

келедi. Сондықтан, дайындалып жатқан сабақ келесi аталған көп ''мiндеттiң'' орындалу құралына

айналады: мəдени, саясат бойынша жасау қабiлетiн қалыптастыру, адам бола бiлу қабiлетiн

жетiлдiру, əлеуметтiк қатынастарға араласа алу қабiлетiн түзу, салауатты өмiр салтын

қалыптастыру, өмiрлiк бағыт қалыптастырып, өз тiршiлiгiнiң мазмұнын реттей алу қабiлетiн

орнықтыру; тұрмыстық мiндеттерге дайындау: өмiрлiк еңбекке дайындық, отбасылық өмiрге

дайындық, бос уақытын мазмұнды өткiзуге дайындау, өзiн шығармашылықпен баулуға дайындау.

3. Тəрбиенiң мақсаты мен тəрбиелiк кəсiби

қызметiнiң мотивтерi

Мақсат пен мотив адам iс-əрекетiнiң мəндiк бiрлiктерi. Мақсатсыз əрекет жоқ. Ал мотивсiз

мақсат белсендiлiгi қарапайым əрекет шеңберiнен аспайды.

Əрекетке итермелеушi ықпал - мақсат, ал сондай ықпалдық мотивтерде де бар. Мақсат пен

мотив əрдайым бiрге, iс-əрекеттiң мазмұны мен сипатын анықтайтын құбылыстар. Мақсат -

''субъект не iстеп жатыр?'' дегенге жауап. Мотив болса ''субъект мұны не үшiн iстеп жатқанын'',

яғни ықпалдық себебiн ашады.

Субъект, жалпылама болса да, мақсат пен мотивтi айқындамағанша, iс-əрекетке бара

алмайды. Мақсат болжастыру аймағында мотив екi себептiк маңызға ие. Бiрiншiден, мотив iс-

əрекет сипатына əсер етедi: қуат, күш салу, адалдық, нəтиже жолында белсендiлiк деңгейi,

субъектiң психологиялық қалпы. Екiншiден – мақсаттың мотивпен бiрлесуi, мотивпен орын

ауысуы. Мысалы, тұрмысын жақсарту ниетiмен жiгiт педагогикалық кəсiптi таңдады. Алдыңғы

мақсат мотивпен ауысты, ендi оның мақсаты кəсiптiк шеберлiктi игеру болды, ал мақсатқа деген

ұмтылысты əлеуметтiк бағыт мотивi қолдап-қуаттайды.

Педагогтiң тəрбие ұйымдастыруға байланысты кəсiби қызметiнiң мақсаты – тəрбие

мақсатын анықтау, оны iске асыру. Ал осы педагогикалық iс-əрекеттiң мотивтерi неде?

Бұл тұрғыдан, педагогикалық мақсат мотивтерi келесiдей: 1. Қайшылығы көп, күрделi

өмiрге енiп жатқан сəбидiң бақыты үшiн қамқорлық; 2. Балалық шақтың сəулелi өтуiне көмек

беру жəне адамға деген инабатты қатынас. Мұндай сипаттағы мотивтер педагогке кəсiптiк жəне

əлеуметтiк келеңсiздiктердi елей бермей, iзгi мақсатқа жетуге жол ашады.

Педагогикалық қызметке араласуға түрткi болатын қарапайым мотивтердi де жоққа

шығаруға болмайды; мысалы, қаражат табудың көзi, демалыс уақыттарының ыңғайлығы, бүкiл

өмiр бойы балалар мен жастар арасында жүрiп, өзiнiң де рухани кəрiлiкке берiлместiгiн сақтап

қалу т.с.с. Бiрақ бұлардың бəрi де кəсiп таңдаған тəрбиешi-педагогтiң балаға деген қамқорлығы

мен оны азаматтық кемелiне жеткiзуге байланысты ықлас-ынтасына күш-қуат бере алмайды.

Жоғары сезiмнен шыққан iзгi ниет тəрбиешiнiң кəсiби iсiнiң сипатына үлкен ықпал жасайды;

осыдан мұғалiм-педагог қарадүрсiн əрекетке бармауға тырысады, баланы көптiң бiрi деп қарамай,

онымен жеке тəрбие жұмысын өткiзуге ұмтылады. Балаға деген қамқорлық мұғалiмдi əлеуметтiк

аласапыран кезеңдегi келдi-кеттi, жалған қоғамдық құндылықтарды бала тəрбиесiне қосудан

сақтайды.

Сонымен, педагогтiң адами-имандылық бағыт-бағдары оның ұстанған мақсат, мотивтерiне

ерекше сипат бередi де, бiр-бiрiмен iргелес жасап, педагог қызметiнде өзара байланысты болады.

Ал, осы педагогтiң мақсаты балаға белгiлi ме? Мектепке аяқ басқанда ертең ұлағатты

азамат болып шығатынын ол сезiне ме?

Əлбетте, оның төңiрегiндегiлердiң бəрiнiң де əңгiмесi баланың келешекте адам болуы

жөнiнде. Ал, оның өзi оқу, сызу, жазу, сурет салу тағы басқалармен əуре, өзiнiң тəрбиеленiп

жатқанымен тiптi iсi жоқ, ол педагогтi өзiнiң жақсы досы, кеңесшiсi, қайырымды ұстаз-мұғалiм деп

таниды. Педагог болса жасырын педагогикалық ''тақта'' ол мақсат белгiлеп, оны балаға жария

етпестен, iске асырудың жолында болады.

Бала бақытына деген жанпидалықтан туындайтын мотив ''жасырын'' педагог бағытының

жүзiне келуiне себiн тигiзедi; баланың тəрбиеленуi емес, жасауы қажет, бала өмiр лəззатына

дайындалуға тиiс емес, ол лəззатқа бөленiп өсуi керек; бақытты болу үшiн бала

педагогикалық басшылықты танып баруға тиiс емес, өмiрдiң əрбiр қасқағым сəтiн

жоспарлаған дамудың элементтерiндей қабылдамай, өз өмiрiнiң болмысы деп бiлгенi жөн.

Есейе келе əр бала тəрбие мақсатын өзiндiк тəрбие мен өзiндiк дамудың мақсаты сипатында

қабылдап, педагогтан тəрбие эстафетасын қолына алып, тəрбие субъектiсiне айналуы қажет.

Осыдан, педагог рөлi жаңа кейiпке енедi.



Балаға деген қамқорлық қазiргi заманның өте күрделi аймағында өз орнын иелеп,

педагогтiң өз кəсiптiк деңгейiн көтеруiне, өз педагогикалық шеберлiгiне жаңа əдiстеме-лердi

қосуына, мамандық белсендiлiгi мен рухының ұзақ жасауына күш-қуат бередi.

Педагогикалық қызметтiң имандылық мотивациясы балалармен ұйымдастырылатын iс-

əрекеттiң қажет септiгiне негiз болады. Педагог өзiнiң кəсiптiк мiндеттерiн орындай отырып,

балалардың дене жəне рухани дамуына байланысты əрқандай жұмыстарды атқарып барады.

Бiрақ бұл жұмыстар баланың саналы кемелденуiне бағытталып, механикалық жаттықтырудан

(дрессировка) аулақ болғаны əбден қажет.



Бақылау сұрақтары

1. Тəрбие мақсаты ретiнде жан-жақты адам тəрбиелеудiң мəнi неде?

2. өзiңiздiң мектеп жылдарындағы дамуыңызға талдау жүргiзiп көрiңiз, ондағы алдыңызға қойған

басты мақсаттар қандай едi?

3. Мақсаттар мен мiндеттердiң өзара жақындығын жəне айырмашылығын қалай түсiндiресiз?

4. Педагогикалық мамандықты таңдауыңыздағы себеп-түрткiлер қандай болды?

5. өз қалыптасуыңыздың мiндеттерiн айқындап, олардың орындалу мүмкiндiктерiне талдау

берiңiз?


6. Мақсаттың мотивке, мiндеттердiң мақсаттарға ауысуына орай тұрмыстық мысалдар келтiрiңiз?

7. Мақсат болжау қандай мəселелермен байланысты.?



1.6 Тəрбие процесi түсiнiгi мен мазмұны

1. ''Тəрбие процесi'' ұғымының анықтамасы

Тəрбие процесi (ТП) – бұл сыртқы мақсат бағдарлы ықпал мен тұлғаның өзiн-өзi тəрбиелеуiн

кiрiстiре жүргiзiлетiн тұлға қалыптастыру, дамыту процесi.

ТП – бұл өзара байланыстағы ұдайы дамып отыратын тəрбиелеу жүйесiнiң тiзбегi, мұндағы

əрбiр тiзбек алдыңғы нəтижелер есебiнен құралады. Бұл түсiнiк бойынша тəрбие процесi өзiндiк

даму жүйесi ретiнде қарастырылады жəне оның бiрлiгi болып дамушы тəрбиелеу жағдайында

(тəрбие iсi) есептеледi. Мұнда тəрбиеленушiлер, тəрбие iс-əрекетi, тəрбиешi, оның

тəрбиеленушiлерiмен өзара əрекетi ғана дамып қоймай, келешек күрделi жүйе қалыптастыратын

бiртұтас объектiнi дамытады.

ТП көпқырлылық, иерархиялық, статистикалық, өзiн-өзi басқару сияқты қасиеттермен

сипатталады.

ТП-де мазмұндық жəне процессуалдық жақтары анықталады. Бұлардың бiрлiгi тек тəрбие

iске асатын нақты жағдайлар төңiрегiнен шығуға мүмкiндiк беретiн жоғары дəрежедегi

абстракциялау арқылы жасалады. Оқу пəнi мұғалiмнiң, сынып жетекшiсiнiң, ұжымның тəрбие-лiк

iс-əрекетi – бұлар бəрi тəрбие процесi болып табылады. Бұлардың арғы жағындағы тұтастықты

көру үшiн педагогикалық абстракциялау қажет. Абстракциялаудың жеткiлiктi дəрежесi – тəрбиелеу

теориясының аса маңызды əдiснамалық проблемасы. өйткенi, төмен дəрежедегi абстракциялауда

тəрбие процесi тексерiле алмайды, ал өте жоғары болса, шындықтан алшақтау қаупi туады.



2. Тəрбие процесiнiң ерекшелiктерi

Бiртұтас педагогикалық процесте тəрбие процесi ерекше орын алады.

Бұл процестiң орны мен рөлi тұлға қалыптастыру процесi құрылымында тез байқалады. Тұлға

қалыптастыру басқарушы, бақылаушы сипат алған тұтастығында, яғни адамдар саналы ниетпен,

алдын-ала белгiленген жоспар мен мiндеттерге сəйкес əрекет жасаған тұтас ортада тəрбие iске

кiрiседi. Тəрбие – бұл тұлғаны мақсат-бағдарлы қалыптастыру процесi. Бұл сонымен қоса, қоғамға

қажеттi əрi пайдалы тұлға қалыптастыру мақсатындағы тəрбиешi мен тəрбиеленушiлердiң

ұйымдасқан, басқарылған, бақыланатын бiрлескен өзара əрекетi. ТП-бұл белгiленген мақсатқа

жетуге бағытталған тəрбиешiлер мен тəрбие-ленушiлердiң нақты пəрмендi бiрлескен əрекетi.

ТП-нiң өзiндiк ерекшелiктерi бар. Ең алдымен бұл процесс мақсат-бағдарлы болып табылады.

Оны ұйым-дастыруда мейлiнше пəрмендiлiкке жеткiзетiнi – тəрбие мақсатының тəрбиелеушiге

жақын əрi түсiнiктi мақсатқа айналуы. Нақты осы мақсаттардың бiрлiгi мен оған жетудегi өзара

байланыс арқылы қазiргi тəрбиелеу процесi сипатталады.

ТП көпфакторлы процесс. Ондағы көптеген объективтi, субъективтi факторлардың

əрекеттерi бұл процестiң өте күрделi екенiн байқатады. Субъективтi факторлар тұлғаның iшкi

қажеттiлiктерiн бiлдiрiп, тұлға қалыптасып, өмiр сүретiн объективтi жағдайларды бiлдiре отырып,

тəрбие мiндеттерiн табысты шешуiне көмектеседi. Ұйымдастырылған тəрбие iс-əрекетiмен

объективтi жағдайлардың мазмұны мен бағыты қаншалықты сəйкес келсе, жеке тұлғаның

қалыптасуы да соншалықты табысты болады. Бұл процестi басқарушы тəрбиешi қызметi объек-

тивтi заңдылықтарымен шектелмейдi. Бұл өз мəнiнде, тəрбиешi тұлғаның өзiндiк бейнесiн,

даралық қасиеттерiн, мiнез-құлқын, тəрбиеленушiлерге қатынасын бiлдiретiн өнер деп танылады.

Тұлға əртүрлi əсерлерд___________iң ықпалына түседi, жағымды тəжiрибе ғана емес, түзетудi қажет

ететiн жағымсыз тəжiрибенi де қамтиды. ТП-ң қиындығы, оның өзгерiстi, динамикалық, қозғалмалы

болуымен байланысты.

ТП өзiнiң ұзақтығымен ерекшелiнедi. Негiзiнен ол өмiр бойына созылады. К. Гельвеций

былай деп жазған: ''Мен оқуды əлi жалғастырудамын, менiң тəрбием əлi бiткен жоқ. Ол қашан

бiтедi? Менiң оған тек өлген соң мүмкiндiгiм болмайды. Менiң бар ғұмырым ұзақ тəрбие-ден

тұрады''. Тəрбие процесi үшiн тəрбиелiк ықпал ету басталғаннан бастап, соңғы нəтижелер

арасының алыс-тығы, ұзақтығын айқындайды. .

ТП -нiң тағы бiр ерекшелiгi - оның үзiлiссiз болуы. Мектептiк тəрбие процесi - бұл

тəрбиешi мен тəрбиелену-шiлердiң өзара жүйелi, үздiксiз əрекеттесу процесi. Жеке бiр ғана ''iс-

шара'' оқушының мiнез-құлқын ерекше өзгертедi деушi тəрбиешiлер қателеседi. Жұмыстың белгiлi

бiр мақсаты белгiленген жүйесi қажет. Егер ТП үзiлiп қалса, онда тəрбиешi оқушының есiне

жаңадан ''iз'' салуы керек жəне оны тұрақты əдетке айналдыруы шарт.

ТП – комплекстiк процесс, тəрбиелiк жұмыстардың мақсаты, мазмұны, формалары мен

əдiстерiнiң бiрлiгiн бiлдiредi. Жеке тұлғаның сапалы қалыптасуы кезектесiп жасалынбайды, бiр

уақытта болатындықтан педагогика-лық ықпал ету комплекстi сипатта болады. Қалыптастыру

кезiнде бiр қасиеттер екiншi қасиеттердiң дамуына ыңғайлы əсер етiп отырады.

ТП-нiң комплекстiк сипаты бiрқатар маңызды педагогикалық талаптардың ұстанымын,

тəрбиешiлер мен тəрбиеленушiлер арасындағы өзара əрекеттi мұқият түрде ұйымдастырылуын

талап етедi.

ТП-не нəтижелердiң бiрмəндi жəне анық болмауы да құбылыс. Жағдайлар бiрдей

болғанда да нəтижелер бөлектенiп тұрады. Мұның өзi мынадай субъективтi факторларға

байланысты болады: тəрбиеленушiлердiң жеке өзгешелiктерiнiң көптiгi, олардың əлеуметтiк

нəтижелерi, тəрбиеге деген қатынастары. Сонымен бiрге, тəрбиешiлер дайындығының кəсiптiк

деңгейi, олардың процестi жүргiзу шеберлiгi де осы процестiң iске асып, жақсы нəтижелер беруiне

үлкен ықпал жасайды.

ТП-i екiжақты сипаты мен ерекшеленедi. Олар тəрбиешiден тəрбиеленушiге (тiкелей

байланыс) жəне тəрбиеленушiден тəрбиешiге қарай (керi байланыс). Процестi басқару негiзiнен

керi байланыс арқылы құрылады, яғни тəрбиеленушiлерден түсетiн ақпараттар арқылы

ерекшеленедi. Осы керi байланысты тəрбиешi неғұрлым көп пайдаланса, соғұрлым тəрбиелiк

əсер де жоғары болады.

3. Тəрбие процесiнiң диалектикасы

ТП диалектикалық сипатта болып келедi. Бұл оның үздiксiз дамуынан, динамикалық

болуынан, қозғалмалы əрi өзгермелi болуынан байқалады. ТП болып жатқан себептерге сəйкес

дамиды. Мысалы, оқушылардың əртүрлi жас ерекшелiктерiне байланысты өзгерiп отырады,

сонымен бiрге əртүрлi жағдайлар мен нақты ситуацияларға қарай басқадай сипат алуы мүмкiн.

Кейде бiрдей тəрбие құралы бiрдей жағдайда тəрбиеленушiлерге күштi əсер етуi де, төмен əсер

етуi де кездеседi.

ТП-нiң диалектикасы оның қарама-қарсылығымен, демек, iшкi жəне сыртқы

қарсылықтарымен бейнеледi. Нақты, осы қарама-қарсылықтар процестiң үздiксiз жүруiне күш

бередi. Iшкi қарама-қарсылықтар тұлғаның барлық кезеңдерде байқалатын, оның жаңа

қажеттiлiгi мен қанағаттану мүмкiндiктерiнде көрiнедi. Осы жағдайдан туындайтын ''қарсылық''

адамның тəжiрибесiн белсендi толтырып, кеңейтуiне, жаңа бiлiмдер мен құлық формаларын

алуына, нормалар мен ережелердi игеруiне итермелейдi. Бұл жаңа сапалардың қай бағытқа

құрылатындығы тұлғаның iс-əрекетiне, белсендiлiгiне, өмiрлiк позицияларына байланысты

болады. Тəрбиенiң бағыты – тұлға қалыптастыруды дұрыс бағдарлау, ал мұның өзi

тəрбиеленушiлердiң қозғаушы күштерiн, мотивтерiн, қажеттiлiктерiн, өмiрлiк жоспарларын терең

бiлу негiзiнде ғана жүзеге асырылады.

Сыртқы қарама-қарсылық та тəрбие процесiнiң бағыттылығы мен нəтижесiнде

байқалады. Мысалы, кейбiр жағдайда мектеп пен жанұя арасындағы қарама-қарсылықтар,

педагогтардың кейбiр талаптарына ата-ананың қарсы əрекетi жайсыз əсер қалдырады. Сөз бен iс

арасындағы қарама-қайшылықтар да тəрбиедегi көптеген қиыншылықтар мен кемшiлiктерге

себепшi болады. Педагогтар əсiресе, тəрбиеленушiлердiң iшкi талпыныстары мен сыртқы əсер

арасындағы қарама-қарсылығына көп мəн берулерi керек. Л. С. Рубинштейн баланың iшкi əрекет

мазмұнына қырағылық танытылмаса, педагогтың iс-əрекетi үмiтсiз формализмге ұшырайтынын

баса айтқан. Соңғы кездерде тəрбиешiлер жұмыстарында тəрбиеленушi дайындығына

педагогикалық талаптардың сай болмауы көп қиыншылықтар туғызып жүр. Егер тəрбиеленушiнiң

дайындық деңгейi қойылған талаптардан көп төмен болса, онда талаптар қойылмайды, өзгерiске

келтiрiледi.

4 . Т ə р б и е ш i т ұ л ғ а с ы

Тəрбиенiң ең маңызды субъективтi факторы – бұл тəрбиешi тұлғасы. Адам жанының

кейбiр нəзiк тұстарын, тəрбие процесiмен iлесе жүретiн мыңдаған үлкендi-кiшiлi өзара ықпал-

əрекеттердi қамтудың мүмкiншiлiгi аз. Мұндайда пəрмендi тəрбиенiң аса маңызды шарты –

тəрбиешi тұлғасы.

Қазiргi тəрбиелеу процесiндегi тəрбиешiнiң рөлi тəрбиелiк əсердiң бəрiн өзiне бұрып,

процеске жетек-шiлiктi өз қолына алу емес, керiсiнше, оның ұйымдастыру-шылық жəне

бағыттаушылық күшiнiң мəндiлiгi мен ондағы демократизмнiң, шығармашылық еркiндiктiң

көптiгiмен байланысты. Тəрбиешi маңызды табыстарға нақты жүргiзiлiп отырған ТП жағдайын

ескерiп, өзiнiң тəрбие жұмыстарына дұрыс талдау жасап, олардан дұрыс шешiм шығарғанда ғана

қол жеткiзедi. Авторитарлы педагогиканы туындатқан төмен кəсiптiк

деңгей тəрбиеленушiлердiң тəрбиешiден бөлiнiп қалуына басты себеп болды. Педагогикалық

жаңаша қатынас жасау мектептi демократизациялау жəне гумани-зациялау идеялары негiзiнде

iске асады, сонымен қоса, балаға қамқорлық, сүйiспеншiлiк жəне рақымшылық сияқты

қарапайым адамдық сезiмдердi түзету негiзiнде мүмкiндiк туады. Сондықтан, қазiргi тəрбиешiнiң

негiзгi мiндетi де тəрбиеленушiнi педагогикалық ықпалға дайындап, ыңғайластыруға байланысты.

Педагогикалық позицияның өзi де тəрбиеленушiге бiлiнбейтiн, жасырын, əдептi болуы қажет.

Педагог бала жанының төбеден бақылаушысы болмай, оны достық пиғылмен тəрбиелеп өсiруi

қажет.

5. Тəрбие процесiнiң жүйесi мен құрылымы

ТП – күрделi динамикалық жүйе. Бұл жүйенiң əр компонентi өз кезегiнде өзiндiк

компоненттерi бар жүйе ретiнде қаралады. Қолайлы анықтау шектерiн қолдану арқылы əрқилы

жүйе мен құрылымдар түзуге болады. Қазiргi теориялық педагогикада ТП талаптарымен құрылған

мынадай жүйелерi белгiлi: ТП мақсаты, мiндетi, мазмұны, процестiң өту жағдайлары, тəрбиешi

мен тəрбиеленушiнiң қарым-қатынасы, тəрбие iс-əрекетiнiң қолданылатын əдiстерi мен

формалары, процестiң даму кезеңдерi жəне т.б. Солардың кейбiреулерiн қарастырайық:

Мақсаттық талап ТП-нiң құрылымын шешуге бағытталған мiндеттердiң бiрiздiлiгiн

бiлдiредi. Қазiргi мектеп жағдайында тəрбие процесiнiң бағыттары мынадай:

- үйлесiмдi, жан-жақты дамыту мақсатын есепке ала

отырып, тұлғаны бiртұтас қалыптастыру;

- азаматтық құндылықтар, əлеуметтiк-бағдарлы мотивация, ақыл-ой, эмоционалдық жəне ерiктiк

үйлесiм ауқымы негiзiнде тұлғаның адамгершiлiк сапаларын қалыптастыру;

- оқушыларды ғылыми, мəдени жəне өнер, т.б. қоғамдық құндылыққа қатыстыру;

- қоғамның демократиялық өңделуiне, тұлғаның құқық-тары мен мiндеттерiне сəйкес өмiрлiк

позицияға тəрбиелеу;

- тұлғаның мүмкiндiктерi мен тiлектерiн, сонымен бiрге əлеуметтiк талаптарын ескере отырып,

оның икемдiлiгiн, ептiлiгiн жəне қызығушылығын дамыту;

- оқушылардың даралық жəне қоғамдық түсiнiмдерiн дамытатын танымдық iс-əрекет

ұйымдастыру;

- тұлғаны сапалы тəрбиелеу мақсатында əлеуметтiк құнды, əрi жан-жақты iс-əрекет ұйымдастыру;

- тұлғаның аса маңызды əлеуметтiк функциясын, яғни, өзгермелi еңбектiк iс-əрекет жағдайындағы

қатынастарын дамыту, əлеуметтiк қуаттылықты көтеру.

Келесi құрылым ТП-нiң негiзгi сатыларын белгiлеуге негiзделедi. Бұл сатылар - қойылған

мiндеттердiң сапалы шешiлуiне бағытталған бiрiздi кезеңдердiң мiндеттi түрде өтетiн процесi.

Құрылым ТП бiрiздiлiгiнiң жəне бiрлiгiнiң терең заңдылығын түсiнуде өте маңызды:

- қойылатын талаптар мен ережелердi тəрбиеленушiлердiң түсiнуi;

- бiлiмнiң сенiмдiлiгi;

- сезiм қалыптастыру;

- iс-əрекетке араласу жəне iс-əрекет арқылы тəрбиелеу.

Келесi құрылым да бiрiздi процесс кезеңдерiн анықтауға негiзделедi, бiрақ ол ендi басқа

талаптарға, яғни процестiң жүруiнiң пəрмендiлiгiн қамтамасыз ететiн бiрлiктер арасындағы

байланыстар мен тəуелдiлiктерге негiзделедi: а) тəрбиенiң негiзгi мiндеттерi мен мақсат-тарын

қамтитын процестi жоспарлау; б) материалды (еңбек, табиғатты қорғау); қоғамдық (ұжымдық,

ұйымдастыру-басқарушылық, коммуникативтiк); рухани (эмоционалды -сезiмдiк, танымдық,

құндылық-бағдарлаушылық) iс-əрекеттердi ұйымдастыру; в) тəрбиеленушiлердiң негiзгi iс-

əрекеттерiнде тұлға аралық қарым-қатынасын жəне оның дамуын реттеу; г) жоспарланған жəне

алынған нəтижелердiң айырмашылығын бақылау жəне қорытындылар шығару, жiберiлген

қателiктер мен қол жеткiзетiн жетiстiктерге талдау жасау.

ТП кезеңдерiнiң өлшем шектерi ретiнде педагогика-лық əрекеттiң бiрiздiлiгiн

пайдалануға болады. Бұл жағдайда құрылымда мынадай бiрлiктер пайда болады:

1) жалпы нормалар жəне талаптармен танысу;

2) қарым-қатынас қалыптастыру;

3) көзқарастар мен тұжырымдар қалыптастыру;

4) тұлғаның жалпы бағытын қалыптастыру.

Бұл əрекеттердiң барлығының нəтижесi – нормалық қалыптағы тұрақты мiнез-құлық

əдеттерiн баулу. Əрекеттердiң əдеттенуi бiртiндеп мiнез бiтiстерiне, тұлғалық қасиеттерге

ауысады.


6. Тəрбие процесiнiң жалпы заңдылықтары

Жалпы заңдылық ауқымының əрекетi ТП-нiң барлық жүйесiне таралады. Жалпы заңдылық

осы процестiң маңызды жəне iрi бiрлiктерiнiң арасын байланыстырып отырады. Жүйе iшiндегi

бiрлiктерiнiң байланысын анықтайтын заңдылық жеке (нақты) заңдылық деп аталады. ТП жалпы

педагогикалық процестiң бөлiгi ретiнде осы процестiң заңдылықтарына бағынады.

Тəрбиелеу тəжiрибесi үшiн ТП-iнiң кейбiр бiрлiктерiн тəрбие сапасына ықпал жасайтын




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет