Мдб-н-17 Бақберген Бақнұр



бет3/3
Дата06.02.2022
өлшемі19,35 Kb.
#80772
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
11.09
Қорытынды бөлім:
Үйге тапсырма: Туған жер, Отан жайлы өлең жаттап келу.
Жүректен жүрекке «Атамекен» өлеңін орындау.

2.Баланың мектепке оқуға дайындығын анықтайтын ата – аналарға сауалнама дайындаңыз
1.Сіз қалай ойлайсыз, балаңыз 1-і сыныпқа барғысы келе ме?
2.Мектепте ол көп жаңалық пен қызықтыны біліп алам деп ойлай ма?
3.Сіздің балаңыз 15-20 минут уақытта өздігінен тынымсыз еңбектеніп бір іспен айнылыса ма? (Сурет салу, мозаиканы жинау, сомдау және т.б.)
4.Бейтаныс адамдар арасында сіздің балаңыз ұялмайды деп айта аласыз ба?
5.Сіздің балаңыз суретке сипаттама беріп, 5 сөйлемнен құрылған мазмұнды әңгіме құрастыра алама?
6. Сіздің балаңыз жатқа тақпақтар біле ме?
7.Берілген зат есімді көпше түрде айталама?
8.Балаңыз буындап болса да оқима?
9.Балаңыз 1 ден 10 дейін тура және кері санай ма?
10.Бірінші ондықтан 1 ден қосып және азайта алама?
11.Сіздің балаңыз кішігірім өрнектерді ұқыпты көшіріп, торкөз дәптерге жай элементтерді жаза алама? 
12.Сіздің балаңыз сурет салуды, суреттерді бояғанды жақсы көре ме?
13.Балаңыз қайшы және желіммен жұмыс істей алама?(Мысалы, қағаздан аппликация жасай ма?)
14.Бес элементке бөлініп кесілген суретті 1 минутта тұтас бейнеге айналдыра алама?
15.Балаңыз үй және жабайы жануарларды біле ме?
16.Сіздің балаңыз қорытынды жасау біле ме? Мысалы, алма, алмұрт «жемістер» деп айта алама?
Әр сұраққа «иә» деп жауап берілсе, 1 ұпай саналады.
Егер де 15 және одан да жоғары ұпай болса, балаңыз мектепте оқуға дайын. Сіздің еңбегіңіз ақталды, келешекте оқу барысында қиыншылық пайда болса да, сіздің көмегіңізбен бала оларды оңай шешеді.
10-14 ұпай болса, сіз баланы дамытудың дұрыс жолындасыз. Ал сіз мақұлдамаған сұрақтар, өзіңізге қандай жақтарға назар аударатынын көрсетеді.
Мақұлдаған сұрақтар саны 9 және одан төмен болса, сіздің балаңыздың дамуына көп көңіл бөлу керек. Мектепте оқуға әлі дайын емес. Сондықтан, баланы жүйелі түрде мектепке дайындау керек. 
Өз балаңыздың ерекшелігін тани біліңіз. Балаңыздың өзіндік «Менін» мойындаңыз және қолдай біліңіз. Оның маңыздылығын сездіруге тырысыңыз. Балаңыздың бастамалары мен дербес жасаған әрекеттеріне шынайы түрде қуана біліңіз.
Адам баласының өмірінде қарым-қатынас маңызды орын алады, онсыз адамның өмір сүруі мүмкін емес. Әр адам дүниеге келгеннен бастап өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі. Баланың айналасын жылы қабылдауы үшін ата-анасының еңбегі ұшаң-теңіз.
Бала үшін отбасы-басты ақпарат көзі, сондықтан бала өмірді алғаш отбасының ықпалымен таниды.
Бала дамуы мен қалыптасуы өсімдік тәріздес, өзіне тиімді күтімді қажет етеді, ал олай болмаған жағдайда нәтижесі қанағаттандырмайды. 

3. Балапан телеарнасынан 1 сыныптың өзін – өзі тану пәнін көріп сабаққа талдау жасау.
Бүгін мен Ұзақова А. Р. Өткізген 1-сыныптарға арналған өзін-өзі тану сабағын көрдім. Сабақ тақырыбы: Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз! Мұғалім сабақты өте жақсы түсіндіріп, балаларға өте ұтымды тапсырмалар таңдай білген.«Адалдықтың өтемі» бейнежазбасын көрсету арқылы ол балаларға өте көп тәрбие бере білді. Дегенмен, мұғалім оқып берген ертегісін талдап, ертегі желісі бойынша жүргізген жұмыстар азырақ секілді. Сонымен қатар, сабақтың қорытындысын әлде де нақтылай білсе жақсы болар еді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет