103
Интеграцияланған интеллектуалдык жүйенің мақсаты:
* жобаланатын объектілердің сапасы мен техникалық-экономикалық
деңгейін арттыру;
* жобалаудың қуатты ақпараттық қолдауы есебінен (деректер ба-
засы, графикалық білім базасы, есептеу процедуралары және
т.б.) объектілердің жұмыс сызбаларын шығару және құрастыру,
жобалық есептеулердің еңбек сыйымдылығын қысқарту.);
* жобалық шешімдерді қабылдауды автоматтандыру (білімнің
символдық базасы), конструкторлық мәтіндік және графикалық
құжаттаманы редакциялау және шығару.
Бірыңғай ұғымдық, ақпараттық, бағдарламалық және техникалық
негізде ИнИЖ пайдаланушы үшін мынадай функцияларды орындауды
қамтамасыз етеді:
* жобаны басқару;
* бастапқы деректерді енгізу мен бақылауды диалогтық ұйымдастыру;
* жүйені басқару;
* жеке тәуелділіктер бойынша және есептеуіш модельдер түрінде
есептеулерді орындау;
* нормативтік-анықтамалық ақпаратты таңдау;
* мәтіндік және графикалық құжаттарды қалыптастыру және редак-
циялау;
* жүйемен жұмыс істеу бойынша оқыту қызметін іске асыру;
* компьютерде бұйым жасау процесінің тұжырымдамалық моделін
жүргізу;
* жалпы тапсырманы шешу кезінде пайдаланушы ұжымының
әрекеттерін синхрондау.
Осылайша, Т-FLEX CAD 3D-мен ИнИЖ интеграциясы жоғары
ғылыми-техникалық деңгейде жобалау-конструкторлық жұмыстарды
жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: