99
Адам мен ЭЕМ арасындағы функциялардың
ғылыми негізделген
бөлінуі адам шығармашылық сипаттағы міндеттерді, ал ЭЕМ – шешу
алгоритмдеуге берілетін міндеттерді шешуге тиіс дегенді білдіреді.
Техникалық құралдарды, математикалық және бағдарламалық қамта-
масыз етуді біріктіретін жүйе, олардың параметрлері мен сипаттамаларын
инженерлік жобалау мен конструкциялау міндеттерінің ерекшеліктерін
барынша ескере отырып таңдайтын автоматтандырылған жобалау жүйесі
(АЖЖ) болып табылады.
Автоматтандырылған жобалау жүйесінің
мақсаты сапаны арттыру,
материалдық шығындарды төмендету, жобалау-конструкторлық процесс
мерзімдерін қысқарту және жобалаумен және құрастырумен айналысатын
инженерлік-техникалық қызметкерлер санының өсуін жою болып табы-
лады.
АЖЖ құру мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет:
* математикалық әдістер мен есептеу техникасы құралдарын қолдану
негізінде жобалауды жетілдіру;
* ақпаратты іздеу, өңдеу және беру процесін автоматтандыру;
* оптимизациялау және көпвариантты
жобалау әдістерін қолдану;
жобаланатын объектілердің тиімді математикалық модельдерін,
жиынтықтаушы бұйымдар мен материалдарды қолдану;
* объектілерді автоматты жобалау үшін қажетті анықтамалық сипат-
тағы жүйеленген мәліметтерді қамтитын деректер банкін құру;
* жобалық құжаттаманы ресімдеу сапасын арттыру;
* шығармашылық емес жұмыстарды автоматтандыру есебінен жоба-
лаудың шығармашылық үлесін арттыру;
* біріздендіру және стандарттау.
Жобалауды автоматтандыру құралдарының кешені әдістемелік,
лингвистикалық, математикалық, бағдарламалық,
техникалық, ақпарат-
тық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді қамтиды.
АЖЖ-да инженердің ЭЕМ-мен жедел байланыс құралдарын, арнайы
проблемалық-бағытталған тілдерді қолдану және ақпараттық-анықта-
малық базаның болуы есебінен бағдарламаларды пайдалану қолайлылығы
қамтамасыз етіледі.
АЖЖ құрылымдық құрамдастары жүйенің
барлық қасиеттеріне ие
және дербес жүйелер ретінде құрылатын кіші жүйелер болып табылады.
АЖЖ-конструкторды ауыстыру емес, көмекші құрал.
Жобалау-конструкторлық жұмыстар кезінде ЭЕМ-ді қолдану өзінің
дамуында бірнеше кезең өтті және елеулі өзгерістерге ұшырады. Алды-
мен қолмен жобалауға бағытталған әдістемелер іске асырылған кезде
нақты есептік сипаты бар жобалық міндеттерді автоматтандыруға