Дәріс №13 Тақырып: Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамыту жұмыстарын жоспарлау.
Дәрістің мазмұны: Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамыту жұмыстарын жоспарлау.
Дәрістің мақсаты:Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамыту жұмыстарын жоспарлай білу дағдыларын қалыптастыру
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамыту жұмыстарын жоспарлау.
Математика сабағында ойын әдістер пайдалану.
Балаларды оқыту түрінің дұрыс жолын таңдап алу жұмыс өнімділігін арттыруға ғана емес, онда кездесетін қиындықтарды жеңілдетіге де мүмкігдік береді. Сондықтан біз балалардың жасына қарай проценттік қатынасын айналып өтіп олармен жұмыс істеуде әр түрлі оқыту түрлерін пайдалануды ұсынамыз. Жұмыста мынадай түрлер пайдаланылады:
күнделікті тұрмыстық жағдайдағы оқу – кіші топтың балалары материалдың 75%-ын осы түрмен меңгереді;
халықтық күнтізбе бойынша сенсорлық мерекерлер (кіші жаста); ортаңғы және ересек топтарда түсіндіру немесе қайталау кезеңдерінде пайдаланылады;
жалпыға бірдей міндетті, өту ұзақтығы бекітілген, нақты ережесі бар фронтальды сабақ – бұл алдын-ала келісім бойынша дайындық тобы балаларына жүреді;
математика мен түрлі өнер саласы – музыка, сәулет, сәндік қолданбалы өнер дизайннің бай»ланысы, математика тарихы, математиканың еркін әңгіме сабағы (жоғары топта);
балалардың ой-өрісін дамытатын ортада өз бетінше әрекет етуі (барлық топтарда). Бұл сабақты ерекше пән ретінде жоғары топта бастайды. Бұған дейін балалар педагогтың айтуы бойынша күнделікті өмірдің табиғи бір кезеңі ретінде қабылдап, балшықтан кескін илейді немесе суретін салады.
Кешенді сабақтар деп аталатын викторина, сайыстар балаларды оқыту формасы ретінде қарастырылмайтынына сіздердің назарларыңызды аударамыз. Олар тегінде оқыту материалы ретінде емес, қорытындылаушы немесе көрсетілімдік материалы ретінде пайдаланылады.
Сабақ өткізу кезінде пайдаланатын әдістер мен тәсілдердің бамыс көпшілігі – педагогтің өзінің белсенді сөзі мен балалардың оған қайтаратын жауаптары болады. Балалардың жас ерекшелігіне сәйкес тілінің жетілуінің аса маңызды факторы – баланың сабақтағы көңіл-күйінің көтеріңкілігі және оқыту процесінің тиімділігі болып табылады.Әрбір жас ерекшелігі тобына педегогтің сөйлеу тілінің сапалы болуы; екіншісі – балалардан да сондай жауап күтуі – осы екі мәселе аса маңызды. Дәстүрлі жүйеде үш жастан асқан асқан балалармен жұмыс істейтін педагогтар үшін сөзді аса кең көлемді пайдалану ұсынылады.
Мұнда балдырғандар үлкен адам ұсынған тілдік үлгіге бірнеше сабақтан кейін толықтай жауап қайыруға тиіс болды. Біздің бағдарламамызда әрбір жас ерекшелігі тобына педагогтің сөзі мен балалардың соған сәйкес жауабы сандық және сапалық құрамы жағынан дәл келу қажеттігі атап көрсетіледі. (1-кестені қараңыз).
Кесте
Оқиғалы әңгіме. Ойын айтып жеткізу. Есептер құрастыру
Дайындық тобы
Сұрағы: «Сен неге осылай деп ойлайсың?»
Ой жүргірту
Сонымен, біздің бағдарламаның дәстүрлі жүйеден айырмашылығы мынадай:
педагог пайдаланылатын сөздің көлемі балаларға меңгерту үшін қарастырылған сөздіктің көлемінен кең болуы керек.
Жаңа сөздер алдымен баланың сирек қолданатын сөздері болады да, бір жылдан кейін жиі қолданатын сөздеріне айналады;
Сұрақтар сипатын варианттылығы балаларды оқыту мақсаттары мен олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек.
Балаларды оқыту процесінің келесі бір маңызды тәсілі – ойындар болып табылады. Дәстүрлі жүйеде ойындық тәсілдер іс жүзінде қолданылған жоқ. Алайда, математика мазмұнына оқиғалы-рөлдік және басқа да ойындар жүйесі енгізіледі. Біз сіздердің назарларыңызға әрбір жас ерекшелігі топтарындағы математика сабақтарында падаланылатын ойындық тәсілдерді ұсынымыз.