Байланысты: «Мектеп жасына дейінгі балалардың элементарлық математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» пәнінен дәрістер
Балаларға бөліктерге бөлінген үлгі бойынша фигура силуэттарды құрастыру Балабақшада балаларға бөліктерге бөлінген үлгі бойынша фигура силуэттарды құрастыру ең алдымен танымдық процестердің қалыпты дамуын,логикалық дұрыс ойлауын қамтамасыз етеді. Фигура силуэттерді құрастыру барысында балалар фигуралардың пішініне сөздік сипаттамалар беріп, ажырата біледі.Тәрбиешінің жетекшілігімен жүргізілетін ойын. Бірінші кезеңде ең алдымен бөліктерге бөлінген үлгі бойынша фигура силуэтті құрастыруды талап етеді. Фигура силуэттарды құрастыру жаттығуы үлгіні тиянақты қарап алуымен басталады. Көріп алу арқылы бала фигуралардың негізгі бөліктерден құрауын басталатынын содан кейін қалаған бөліктері құрастыралатынын айта кету. Енді құрастырылған фигура силуэтті үлгі бойынша салыстыру. Екінші кезеңде бөліктерге бөлінбеген яғни тұтас үлгі бойынша құрастыру. Тәрбиеші балаларға фигуралардың қалай орналасуын дұрыс көріп алуды ұсынады. Есте сақтауының жүйесі негізінде бала өзі құрастырып болған соң,үлгіні қарайды. Бала бұл кезеңде ойланады,қателерін түзейді.Осыған байланысты «Танграм», «Вьетнамдық ойын», «Монголдық ойын» «Сиқырлы дөңгелек» ойындары бар.