«мектеп жасына дейінгі балаларды элементарлық математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» ПӘнінен дәрістер кешені дәріс №1 Тақырып: «мждб қарапайым математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі»


Қатардағы жетпейтін фигураны іздеуге арналған логикалық есептер



бет44/58
Дата27.04.2022
өлшемі149,51 Kb.
#141085
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58
Байланысты:
«Мектеп жасына дейінгі балалардың элементарлық математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» пәнінен дәрістер

Қатардағы жетпейтін фигураны іздеуге арналған логикалық есептер. Логикалық тапсырмалардың көп түрі қалыптасқан. Олар бейнеленген заттардың жеке бөліктері мен белгілері мен айырмашылықтарын табуға байланысты . Сонымен қатар бұл тапсырмалар қателіктерін табуға, талдау арқылы ауызша тапсырмалардың жауабын табуға арналған. Мектеп жасына бейінгі балалардың жоғарғы тобында бұндай тапсырмалар берілген фигуралардың ішінен жетпейтін фигураны табуға және белгісіне байланысты бір фигураның басқа фигуралардан айырмашылығын табуға арналған. Бұндай тапсырмаларды орындау барысында ақыл ойын дамыту белгілері орындалады: олар салыстыру, ерекшеліктерін табу және жалпылама барлығын көру. Қатардағы жетпейтін фигураны табу еңжеңіл тапсырма болып табылады, сондықтан оларды жоғарғы мектеп жасына дейінгі балалар топтарында бірінші осы тапсырмаларды қолданудан бастау керек. Балаға бізбектелген фигураларды қарап шығу ұсынылады. Фигураларды тігінен және тізбектелген ретімен қарап шығып жетпейтін фигураны тауып орнына орналастыру қажет. Топтағы балалармен бұл тапсырманы орындату үшін тапсырмалар үлкен қағаз бетінде бейнеленеді. 8. Екі фигураның айырмашылық белгілерін табуға арналған жаттығулар«Айырмашылығын тап» дидактикалық ойыны Мақсаты: Балаларға екі суреттің немесе заттың айырмашылығын таба білуге; өз ойын айта білуге үйрету; ақыл-ойларын дамыту; шыдамдылыққа, досының жауабын тыңдай білуге дағдыландыру. Мазмұны. Бұл ойында тәрбиеші сенсориканы, көлемді, кеңістік қатынасын, санын салыстыру үшін белгілі бір мақсатты көздейді. Ары қарай салыстыратын заттардың санын арттыра отырып, бірнеше нұсқаларын қатарынан істеуге болады. Ойын өткен материалды бекітуге арналған. Тәрбиеші балалардың сөйлемді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалайды. Балалар екі сайқымазақты салыстырады. Салыстыруда мына сөздер пайдаланылады: кең – тар, қалың – жұқа, ұзын – қысқа. «Өзара айырмашылығын тап» Мақсаты: 1.Суреттерді салыстыра отырып, айырмашылығын тапқызу. 2.Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін жетілдіру. Көрнекілік: бала санына (15 дана) суреттер жинағы. Барысы: Әр балаға суреттер таратылып беріледі. Суреттерді салыстыра отырып, айырмашылығын тапқызу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет