Портреттер көрмесі
Мақсат:
портрет жанры, оны бейнелеу ерекшеліктері мен белгілері туралы білімдерін бекіту.
балалардың көңіл-күйін көтеріп, мерекелік әсерге бөлеу.
өзіндік көркем шығармашылықты дамытуға ықпал ету.
дара және топтық портрет ұғымдарын бекіту.
Қызметтің басқа түрлерімен байланыс: көркем шығармалар оқу; өлеңдер мен әндер жаттау; өз отбасының суретін салу, мүсіндеу.
Алдын-ала жұмыс: «Менің отбасымның портреті», «Үйде өз отбасыммен уақытты қалай өткіземін». Балалар бақшасының холлында «Біздің тату отбасы» тақырыбына балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.
Сөздік: автор, портрет, жағыз адамның портреті, топпен тускен портрет, автопортрет, экскурсовод, бейнелеу өнерінің жанры.
Сабақтың барысы:
1-бөлім. Тәрбиеші экскурсовод ролінді балаларды көрме жанында қарсы алады.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін бізде ерекше күн: біз «Біздің тату отбасы» тақырыбына балалардың салған суреттерінен ұйымдастырылған көрмені ашамыз. Асықпай, әр суретті мұқият қараңдар. Олар бейнелеу өнерінің қандай жанрына жататынын анықтаңдар? (портрет). Оларды жасауда қандай материалдар пайдаланылған. Суреттердің мазмұны, сюжеті, түстердің қолданылуына назар аударыңдар. Бұл суреттер сендерді қандай көңіл-күйге бөлейді. Әрірек барып қараңдар да сүйсіне көз салыңдар.
Тәрбиеші өз қалауы бойынша өлең оқиды.
Ағам жылқы бағады,
Атам пішен шабады.
Жеңгем сиыр сауады,
Әжем киіз қағады.
Тәтем кесте тігеді
Мұрат оқи біледі.
Мен бөпеме қараймын
Ойнатуға жараймын. (Нұрхан Жанаев)
Балалар, өлең бір отбасының адамдары туралы айтылыпты. Ал қазір біз бір отбасының суретін тамашалаймыз.
Бұл суреттерге қарап тұрып біз портрет жанрын көреміз және оның ерекшеліктерімен танысамыз.
«Портрет» сөзі француз тілінен аударғанда адамның келбетін дәлме-дәл бейнелеу деген ұғымды білдіреді.
Портреттер дара және топтық болады.
Біздің көрмедегі портреттер дара ма, топтық па?
Балалар сендердің ойларыңша «дара портрет» деген не? (бір адам бейнеленген).
«Топтық портрет» деген не? (бір топ адам бейнеленген).
Сонымен бірге, балалар, автопортрет деген ұғым бар. Оны қалақ түсінеміз.
Суретшілер айнаға қарап тұрып өз суреттерін өздері салады да оны автопортрет деп атайды. Сөз естеріңде қалды ма? Қане, бәріміз қайталап айтайық (автопортрет). Ол нені білдіреді екен.
Ертеректе атақты адамдар өз отбасы мүшелерінің суреттерін тапсырыс беріп салдырып, оны ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып отыратын болған. Сол портреттер арқылы арғы ата-бабаларыңды, түп нағашыларыңды танып-білуге болады екен. Осылай отбасылық портреттердің тұтас жинағы топталады.
Фотоаппарат болмаған кезде суретшілердің осы қызметтері тамаша бағаланған.
Тіпті, фотоаппарат пайда болған кезде де, суретшілер портрет салуын тоқтатпаған. Себебі, фотосурет суретші салған портреттің орнын ешқашан баса алмайды. Әр бейнеде тек қана суретші жеткізе алатын көрініс адам жанына ерекше көңіл-күй сыйлайды.
Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, фотосурет суретші салған бейнеден қалай ерекшеленеді? (.....).
2-бөлім: -Ал енді біздің балалар бақшасы тәрбиеленушілері салған портреттерге назар аударайық.
-Біз портреттер дара және топтық болады дедік. Қараңдаршы, біздің көрмеде дара портрет бар ма? (Иә).
Онда кімнің суреті салынған? (Ананың). Дәл солай бұл сурет ананың суреті. Бұл жұмыстың авторы бар. Ол біздің Сандуғаш Серікқызы. Балалар, анықтап қараңдаршы, Сандуғаш анасын қандай көңіл-күйде бейнелепті? Сурет салу кезінде автордың көңіл-күйі қандай болды екен? Автор өз еңбегін жасау барысында қандай заттарды пайдаланыпты?
Бұл суретке қандай ат ойлап табуға болады?
Суреттерді көру барысында тәрбиеші балалардың әсерленуін тереңдету үшін көркемсөз оқи алады.
Одан кейін бала тәрбиешінің орнына экскурсовод ролін алып, тәрбиешінің үлгісі бойынша саяхатты әрі қарай жалғастыра алады.
Сабақ соңында тәрбиеші ұйымдастырылған көрмеге саяхатты қорытындылайды.
-Балалар, сендерге көрме ұнады ма? Бәрінен бұрын не әсер етті? Қай автордың еңбегі өте әдемі екен? Тағы қандай ұғымды естідіңдер? (автопортрет). Мен сендерге үйде айнаға қарап тұрып өз суреттеріңді салуды ұсынамын. Сонда келесі көрмемізде сендердің жұмыстарыңды тамашалайтын боламыз.
-Балалар, байқадыңдар ма, біздің суретшілеріміздің отбасы қандай тату, олар өз суреттерін ерекше сүйіспеншілікпен және ынтамен орындапты.
Достарыңызбен бөлісу: |