Мектептегі музыкалық ТӘрбие


Тақырыбы: « Интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы музыка пәнінің тиімділігін арттыру»



бет67/67
Дата30.12.2021
өлшемі1,13 Mb.
#106940
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
исходный(11)
null
Тақырыбы:

« Интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы музыка пәнінің тиімділігін арттыру»







Оқытушының аты-жөні:

Салыкова Нуржанат Кулановна

Кенжегалиева Индира Жалгасовна









Жалпы мақсаттар:

Оқытудың белсенді әдіс- тәсілдерін тиімді пайдалану жолдарын және сыни тұрғыдан ойлау жобасының стратегияларын көрсету,оларды қолдануды үйрету

Қатысушыларды ұжымдық сыйластық, бір біріне сенім арту, бірлесіп жұмыс жасауға баулу









Күтілетін нәтиже:

-сабақта пайдаланылған белсенді әдістерді өз тәжірибелеріне тиімді енгізе алады;

-сынып тәжірибесінде сыни тұрғыдан ойлау жобасыныңбілім алудағы маңыздылығын жақсы түсінеді.

-қатысушылар ұжымдық сыйластық, бір-біріне сенім артып, бірлесіп жұмыс жасайды.








Түйінді идеялар:

Өмір талабына сай білімге ұмтылу, шығармашылықпен жұмыс жасауға тарту, өзін-өзі дамыту







Әдіс тәсілдер:

диалогтық оқыту,топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, /тұжырымдамалық постерлер жасау/







Ресурстар:


маркерлер, смайликтер, плакаттар, тақырып бойынша қажетті мәтіндер,жеке сөздер, бейнежазба, слайд,үлестірмелі қағаздар







Уақыт

кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Тыңдаушылардың іс-әрекеті







5минут

Ұйымдастыру


  • Қатысушылармен амандасу

  • Тренинг «Гүл сыйла»



  • Топқа бөлу(гүл түстеріне байланысты )








Шеңберге тұрып,түсті қағаз таңдайды, екі адам құшақтасып, таңдаған қағазды арқасына қойып,өзі жақсы көретін гүлдің суретін салады.Сол шыққан суретті жұптасына естелікке сыйлайды. Әсем әдемі гүл суретінің түстері арқылы үш топқа бөлінеді

«Әншілер» «Бишілер» «Күйшілер»









7 минут

Қызығушылықты ояту сатысы.

Ой шақыру



  • (бейнекөрсетілім)

Бейнекөрсетілімнің негізгі

мәнін айтады

Қатысушылар жеке, жұппен, топпен жұмыс жасап,өз пікірлерін ортаға салады.








10 минут

Мағынаны тану сатысы



  • «Интербелсенді дегеніміз не?»

  • «Интербелсенді әдіс-тәсілдердің түрлері қандай?»

  • « Интербелсенді әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануда неге қол жеткіземіз? »

Әр топ ортақ ойларын білдіреді.Үш топқа үш сұрақ беріп,талдату.плакатқа өз ойларын түсіріп қорғау.








7 минут

Рафт стратегиясы

«Сиқырлы қорапша»



Сиқырлы қорапшадан жасырылған затты алу.Түрлі аңдардың суреті жасырынған.

Қатысушылар қорапашадан қиынды алып, жасырылған суретті тауып бейнелеу,қимылдарын сала отырып топ атына сәйкес тапсырма орындау.(ән айту,би билеу,домбырада ойнау)



1-топ халық әуені

2-топ опера

3-топ эстрадалық әуен

(барлықтары қатысады:оркестр,ансамбль құрады)



5 минут

«Тізбектелген суреттер»ойыны



Қиынды суреттерді құрастырып,тізбектеп сол жайлы шағын өлең жазу

Қатысушылар қиынды суреттерді құрастырып,тізбектеп сол жайлы шағын өлең жазу.







5 минут

«Композитор»

Бала,бала,балақан

Қане қайсы алақан.

Саусақтарың әйбат

Былай,былай ойнат.

өлеңін үш түрлі әуенге салып орындау


1-топ халық әуені

2-топ рэп

3-топ опера

(барлықтары қатысады:оркестр,ансамбль құрады)









5минут

5минут


«Он сұрақ»

Рефлексия

«Еркін микрофон»

Кері байланыс«Смайликтер»




Мұғалім қатысушының маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады.

Әр топқа 3 сұрақ беріледі.

Қандай жаңа ақпарат алдым? /стратегиялармен таныстым, ойындар/


  • Не қызықты болды?

  • Мен өзімді қалай сезіндім?

  • Басқа әріптестеріммен қалай жұмыс жүргіздім?

  • Қандай қиыншылықтар болды?

Өзім үшін не білдім, не алдым?

Түрлі стейкерлер таратылады



Әр топтан бір мұғалім таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады.Топтағы қатысушылар қимылмен ыммен көрсетеді,көмектеседі.

Қатысушы табу керек.

Тыңдаушылар бір-біріне сұрақ беріп,сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

Қатысушылар сабақтан алған әсерлерін әр түрлі смайликтердің тұсына жапсырады.










БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ


  1. Баланың жеке адам ретіндегі дамуында әуездік эстетикалық тәрбиенің мәні

  2. «Әуез» бағдарламасында берілген халық әндерін үйрену

  3. «Әуез» мектеп бағдарламасынан бір шығарма орындау.

  4. Бала даусы және оның дамуындағы жас ерекшеліктері

  5. Алтыншы сыныптағы «Әуез» бағдарламасының мінездемесі

  6. «Әуез» мектеп бағдарламасынан бір шығарма орындау

  7. Мектептегі әуездің тәрбие мақсаттары мен міндеттері.Жеке басты жан жақты дамыту.Оқушының эстетикалық қабылдауы және оның көркемдік танымы.

  8. Мектептегі әуез мұғалімі.Оның еңбегінің ерекшелігі.Мұғалімге қойылатын жалпы және арнайы талаптар.Әуез мұғалімі мектептегі эстетикалық тәрбие берудің ұйымдастырушысы және насихаттаушы.

  9. Оқушыларды әуезге оқытудың дидактикалық принциптері.Мектептегі әуезді оқытудың тәрбиелік мәні.Білімнің негізділігі.Әуездің дамуын ғылыми түрде жариялау.Әуездік есту және көзбен көру көрнекіліктерінің мағынасы.

  10. Оқушыға жалпы әуездік білім беру әдістері

  11. Мектептегі әуез сабағы.Әуез сабағының түрлері.Сабақтағы оқушылардың ұжымдық және индивидуалдық қызметінің үйлесімі

  12. Мұғалімнің сабаққа дайындығы және әуез сабағын жоспарлау.Жалпы білім беретін мектептегі әуез сабағының бағдарламасын үйрену.Мұғалімнің жоспарлауға шығармашылық қатынасы.Сабақ құру қағидасы,әдістер тәсілдерді пайдалану.

  13. Сабақтағы әуездік қызметтің түріне жалпы мінездеме.Әуез сабағында дағдының дамуын қабылдау.Әуездік тәжірибені жинақтау,аспаптарда ойнау,шығармашылық тапсырмаларда нотаны талдау,қимылды әндету,тыңдау процестері арқылы әуездік бейненің дамуын бақылау.

  14. Әуез сабағындағы әуездік ырғақтық қозғалыс және әуездік аспаптарда ойнау.Оқушының әуездік ырғақтық міндеттері,мектептердегі және бала бақшалардағы әуездік ырғақтық тәрбиелеудің сабақтастығы.

  15. Оқушылардың әуез сабағындағы әуездік шығармашылығы.Импровизация.Творчестволық шығармалар.Сабақтағы ұжымдық және жекелеген творчество.

  16. Мектептегі вокалды хорлық тәрбие.Хормен ән айтудың міндеттері.Балалар хорына репертуар таңдау принциптері

  17. Балалар даусы және оның өзіндік ерекшеліктері.Дауыс құрылымының маңызы.Тембр,диапазон,әр жастағы балалар даусының күші.Баланың даусын,естуін қорғау.

  18. Вокалды дағдылар және олармен жұмыс істеу әдістері.Вокалды дағдының хорлық жұмыспен және әуездік естудің дамуы мен байланысы.Дауыс жасаумен жұмыс,тыныс алу,оқушыларға арналған әндерді орындаудағы екпіннің тыныс алудың дауыс жасаумен жұмыс.

  19. Хор дағдылары және олармен жұмыс істеу тәсілдері.

  20. Мектептегі әуез сабағында сүйемелдеусіз екі дауысты ән

  21. Оқушы репертуарынан бір әнді үйрету әдісі.Әнді үйрету жұмысындағы кезеңдер мен тәсілдер.Әннің ерекшелігі туралы есеп беру және оны үйренудегі әр түрлі тәсілдер.Әуездің бейненің поэтикалық әуездік мәнерлілікті дамытудағы шығармашылық процесс.

  22. Мектептегі әуездік сауаттылық.Терминдерді ән айтудағы әуездік тілді және әуезді тыңдаудағы түсініктерді игеру.Оқушылардың ладтық ырғақтық сезімін дамыту.

  23. Дыбыстың жоғарлылығын,регистрді үйрену.Жұмыстың түрлері регистрдегі жаттығулар.Әуеннің қозғалысын есту аоқылы ажырата білу. «Қол белгілері», «бағаналы», «сатылы» дыбыстарының дыбыс қатарларын игеру жұмысы.

  24. Нота жазуды үйрету.Нота сызығы туралы түсінік,кілт.Әнді жаттауда нота жазуына сүйену.Сольфеджио жаттығуларымен жұмыс істеу кезеңдері.

  25. Ұзақтықты үйрену.Қысқа және ұзақ дыбыстармен танысу.Буынды аттар,ырғақ диканттары,есту арқылы ұзақтығын жасау.Берілген ырғақ бойынша белгілер мен әнді анықтау.Нүктелі нота.

  26. Өлшемдерді үйрену.Әуездегі екпін.Есту арқылы күшті және әлсіз үлесті ажырату.Такт,такт сызығы.Әр түрлі өлшемдермен танысу.Әуез бен би және марштық қимыл қозғалыстар.Шартты тактының әдістері

  27. Ладты үйрену.Дыбыс қатарының баспалдақтары туралы есту арқылы елестету.Тоника.Тұрақты және тұрақсыз басқыштар.Минорлы және мажорлы ладты есту арқылы анықтау.Мажорлы және минорлы үшдыбыстылықты әндету.Тональдік туралы түсінік

  28. Мектептегі әуезді тыңдау.Балаларды әуездік тәрбиелеуге тыңдаудың талаптары мен мағынасы.Шығарманың түрі мен мағынасы,құрылысымен танысу,әуездік жанрлар туралы түсінік.Жеке аспаптар мен оркестрдің дыбысталуымен танысу.

  29. Әуезді шығармаларды үйрену.Әуезді тыңдаудың қызығушылығы мен белсенділігі

  30. Халық әндерін үйрену.Оның түрлі.Халық әндерінің ерекшеліктері

  31. Сабақтан тыс жұмыстар.Сабақтан тыс жұмыстың ерекшеліктері,тапсырмалары,мағыналары.Мектептегі сабақтан тыс жұмыстың түрі,формасы,әдістері. Үйірме жұмыстары.

  32. Мектептегі әуез сабағының бағдарламасына мінездеме.Бастауыш сыныптар.Әндету,билеу,маршпен жүру әуездік мәнерлілік сферасын көрсетушілер.Күшті екпін шығарманың әуездік бейнелілік мағынасын көрсетуші.Қайталаудың реңді нұсқаулық негізінде әуездің дамуы,әуездің түрлері,бір бөлімді,екі,үш бөлімді рондо,вариация.Сазгерлік және халықтық әуез.

  33. Мектептегі әуездік бағдарламасының мінездемесі.Орта сынып.Әуез және өнердің өзге түрлері.Әуездік бейне әуездік драматургия бұл әуездік бейненің қарым-қатынасы.Әуездік форма соната,сюита.Әуездік шығарма өнеріндегі қазіргі «мәңгілік» тақырыбы.

  34. Мектептегі халықтық және Қазақстан композиторларының әуездік бағдарламасының негізінде қосымша мінездемесі.Халықтық және композиторлардың шығармаларын пайдалану.Күй қазақ халқының әуездік жанрының ерекшелігі.Қазақстан композиторларының әуезі және шығармаларымен танысу.

  35. «Елім ай» бағдарламасына сипаттама. Қазақ халқының дәстүрге және көркемдік өнерге сүйену. Бағдарламаның мақсаты және міндеті.Бағдарламаға шығармашылық қатынас жасау.

  36. Шет елдегі әуездік тәрбиелеудің бағытының бейнесі.

ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
1.Оқушыларға әуездік тәрбие және білім берудің мақсаттары мен міндеттері

2 Әуездік тәрбиенің және оқытудың негізігі принциптері мен әдістері

3. Мектептегі әуез мұғалімі және оның міндеттері

4. Мектептегі әуез сабағының формасы

5. Бастауыш класқа арналған бір тақырыпқа сабақ жоспарының үлгісін құру

6. Мектептегі сыныптан тыс әуездік жұмысқа сипаттама

7. Хормен жұмыс істеу әдістері

8. Әуезді тыңдау, өз қалауы бойынша тыңдауға арналған бір шығарманы талдау

9. 1 –ші кластағы әуездік сауаттылыққа сипаттама, талдау

10. 2 ші кластағы әуездік сауаттылыққа сипаттама, талдау

11. 1 ші класс әндерінен әуездік - ырғақтық қозғалысқа мысал келтіру

12. Балалардың әуездік аспаптарына сипаттама және ойнау әдістеріне сипаттама

13. Өз қалауы бойынша бастауыш кластағы тақырыпқа шығармашылық тапсырма құрастыру

14. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары

15. 3 кластағы әуездік тәрбиеге сипаттама

16. 4 кластағы тыңдайтын музыкаға сипаттама, талдау

17. 5 кластың 1-ші тоқсанына берілген әндерге сипаттама, талдау

18. 6 кластағы әуездік сауаттылыққа сипаттама, талдау

19. « Елім-ай» бағдарламасының мазмұны мен идеясы

20. Шет елдердегі әуездік тәрбиеге сипаттама

21. Баланың жеке дамуындағы әуездік эстетикалық тәрбиенің ролі

22. Сыныптан тыс әуездік шараға сценарий үлгісін құру

23. Мектеп бағдарламасынан бір орындау, талдау

24. Бала дауысы және оның дамуындағы жас ерекшіліктері

25. Дәстүрлі емес сабақ жоспарының үлгісін құрастыру

26. Мектеп бағдарламасынан тыңдауға арналған бір шығарманы орындау, талдау

27. Музыка сабағындағы қолданылатын әдістерге сипаттама

28. « Мұрагер» бағдарламасының негізгі мазмұны мен идеясы

29. « Мұрагер» бағдарламасынан бір сабақ жоспарының үлгісін құру

30. «Атамұра» бағдарламасының негізгі мазмұны мен идеясы

31. 1 класс, 1-ші тоқсан тақырыптарына күнтізбелік жоспар үлгісін құру

32. 2-ші класс, 2-ші тоқсан тақырыптарына күнтізбелік жоспар үлгісін құру

33. 3 –ші класс, 3-ші тоқсан тақырыптарына күнтізбелік жоспар үлгісін құру

34. 4-ші класс, 4-ші тоқсан тақырыптарына күнтізбелік жоспар үлгісін құру

35. 5-ші класс, 1-ші тоқсан тақырыптарына күнтізбелік жоспар үлгісін құру

36. 6-шы класс, 3-ші тоқсан тақырыптарына күнтізбелік жоспар үлгісін құру

37. 1-6 класс арасындағы Құрманғазы Сағырбаевтың шығармаларына шолу, талдау

38. 1-2 кластағы ұқсас тақырыптарды топтастыру, талдау

39. Әр түрлі сериядағы шығармашылық тапсырмалар үлгісін құру

40. 3-класс, 2-ші тоқсанындағы тыңдайтын музыкаға сипаттама, талдау

41. 4-ші класс, 4-ші тоқсанға берілген әндерге сипаттама, талдау

42. 5-ші класқа кіріктірмелік сабақ жоспарының үлгісін құрастыру

43. 6-шы класс сайыс сабақ үлгісін құрастыру

44. Үйірме жұмыстарының балалар өміріндегі маңызы.

45. Табиғатқа арналған тақырыпқа шығармашылық тапсырма құрастыпу

46. 3-ші класс «Айтыс өнері» тақырыбын талдау, оқушыларды айтыс өнеріне дайындаудың үлгісін қсыну

47. 6-шы класс тақырыптарындағы тыңдауға берілген шығарманы орындап көрсету, талдау

48. 2-ші кластағы үйретуге берілген халық әндерін орындау және үйрету әдісін көрсету

49. Жалпы білім беретін мектептердегі музыка бағдарламаларының

Мазмұны мен қағидалары



50. Мектептегі әуез мұғаліміне қойылатын талаптар.
КУРСТЫҚ ЖОБА ТАҚЫРЫПТАРЫ

  1. Мектеп оқушысына эстетикалық тәрбие берудегі музыканың ролі

  2. Қазақстандағы балаларға музыкалық тәрбие беру тарихы

  3. Жалпы білім беретін мектептердегі музыка бағдарламасы

  4. Балалар хорындағы вокалды хор дағдысымен жұмыс жасау әдісі

  5. Музыка сабағында оқушының шығармашылығын дамыту

  6. Музыка сабағындағы халық әндерін үйренудің маңызы

  7. Музыкалық ырғақты қозғалысты музыка сабағында пайдаланудың тиімділігі

  8. Балалардың музыкалық аспаптарында ойнау процесі арқылы музыка сабағына деген қызығушылығын арттыру

  9. Музыка сабағындағы музыкалық сауаттылық

  10. Бала даусы және оның жасына қарай ерекшеліктері

  11. Сабақтан тыс музыкалық сабақтың ерекшеліктері


ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Методическое руководство к учебнику «Музыка» Алматы, «Атамұра».

  2. Программа по музыке для общеобразовательной школы 1-8 класса.

  3. «Музыка в школе» журналдары

  4. Музыкальное воспитание в школе вып.1-17м 1961-1983

  5. Кабалевский Д.Е. Воспитание ума и сердце М.1961

  6. Теплов Б.М.Психология музыкальных способностей В.Кн.

Проблемы индивидуальных различий М.1961

  1. Музыка в 4-7 классах,Пособие для учителей М.просвещение 1986

  2. Астафьев Б.О. хоровом искусстве Л.1980

  3. Абдуллин З.В.Теория и практика музыкального обучения в общеобразовательной школе М.Просвещение 1983

  4. Меңдіаяқова Қ.М., Қарамолдаева Г.Ж., Мектептегі музыка тәрбиесін беру әдістемесі, Алматы - 1997


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет