Мектептің жылдық жоспары-2020 Мектепішілік бақылау жұмыстарының жоспары



бет13/14
Дата01.11.2022
өлшемі198,22 Kb.
#155972
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
эээээ
чек лист merged compressed
Сынып сағатының мақсаты:отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі, оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату, әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау, баланың тұлға ретінде қалыптасуына отбасының рөлінің маңыздылығы, оның патриоттық көзқарасы.
Міндеттері: отбасы құндылықтарын қалыптастыру, үлкен ұрпақтың адами тәрбиесінің тәжірибесін қалыптастыру, өз отбасының тарихын білу, сұранысты дамыту, балаларды моральдық тұрғыдан дамыту, адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі қалыптастыру және өзінің іс-әрекетіне анализ жасау, өзін-өзі тәрбиелеу, патриоттық және азаматтық тәрбиені дамыту
3а-сынып жетекшісі З.Ниязбекова «Менің жанұям», 7а-сынып жетекшісі Е.Ерсайынұлы «Тәрбие мектебі-отбасы», 6а-сынып жетекшісі З.Ивашева «Отбасы-тәрбие басы», 4а-сынып жетекшісі Н.Тасжанова «Отбасы-тәрбие басы, мектеп жаршысы», 2б-сынып жетекшісі Р.Низанбаева «Отбасы-бақыт мекені» атты тақырыптарында тәрбие сағаттарын ұйымдастырып, онда отбасы мүшелерінің бір-біріне деген қамқорлығы, отбасы ыньымағы, ата-ананы сыйлау, кіші балаларға қамқор болу, бауырмалдық сияқты жақсы қасиеттерді бала бойына қалыптастыру жайы сөз болды. Адамның қалыптасуы бала кезден басталады. Ол үшін әрбір бала толымды отбасында өмір сүруі қажет. Себебі, отбасы арқылы балалардың жан-жақты өсіп-жетілуі қамтамасыз етіледі. Атақты педагог В.А.Сухомлинский өз сөзінде былай деген: «Бала – отбасының айнасы, судағы күннің сәулесі іспеттес әрбір отбасындағы бала бойында оның ата-анасының рухани тазалығы көрініп тұрады». Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі – балалардың лайықты өмір сапасын қамтамасыз ететін құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады. Осы бағытта жүргізілген отбасы жайлы тәрбие сағаттары барлық сыныптарда өз деңгейінде ұйымдастырылды.
Қараша айында Облыс әкімінің орынбасары Н.Байқадамовтың 26.10.2019 жылғы №8664 санды хаты мен аудандық білім бөлімінің 01.11.2019 жылғы 03-4/929 санды қатынасына сай Дүниежүзілік балалар күнін және Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы қабылданғанының 30 жылдығы мен ратифкацияланғанының 25 жылдығын мерекелеуге байланысты «Балалар үшін бірге» тұжырымдамасы шеңберіндегі мектепішілік іс-шарасы ұйымдастырылды. Әрбір сыныпта қатігездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу, бала құқығы, отбасындағы тәрбиеге байланысты түсіндірі жұмыстары, тәрбие сағатты, сауалнамалар жүргізілді. 1б-сыныбында А.Айтілеуова «Отбасындағы әкенің рөлі», 2б-сыныбында Р.Бөлекова «Әкеге бағыну-тәңірге бағыну» тақырыптарында тәрбие сағаты, 6-сынып жетекшілері Ж.Оспан мен З.Ивашева «Ата-аналардың заңға бағынушылық мінез-құлқы» тақырыбында ата-аналарға түсіндіру жұмысы, 8-сынып жетекшілері В.Маханова мен А.Абдуллаевалар «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» тақырыбында сауалнама, 5-сынып жетекшілері Д.Өтеева мен Б.Мырзахметтер «Кешірім және жазалау» тақырыбында ата-аналарға жиын өткізді.
Сынып жетекшілер бірлестігі ай сайын өз отырысы өткзіліп, онда сынып жетекшісіне қатысты ақпараттар беріліп, тәрбие саласына қажетті түрлі мәселелер қаралып отырады.Сынып жетекшілері бірлестігігінің төрайымы Г.Елеусізова.
Өткізілген ашық тәрбие сағаттары: Қазан айында 11-сынып жетекшісі Л.Көкееаның ұйымдастыруымен «Ұстаз-ұлы тұлға» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Ұстаздарға арналған арнау өлеңдер оқылып, оқушылар өздерінің жүрекжарды тілектерін айтып, концерттік бағдарлама, ойындар ұйымдастырды. Сабақ «өте жақсы» деп бағаланды.
Қазан айында Мад сыныбының жетекшісі Э.Рашитова «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатында отан, туған жер туралы тақпақтар айтып, топтық тапсырмалар орындады. Балалар берілген сұрақтарға жауап бере алады, ойлау қабілеттері, суретті жеткізуі жақсы.
Қазан айында 5а-сынып жетекшісі Д.Өтеева «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында ашқы тәрбие сағатын ұйымдастырып, отбасындағы ынтымақ, татулық туралы айтылып, отбасылық мәселелерге байланысты сұрақтарға жауап алынды және топтарға бөліп, түрлі тапсырмалар берілді.
Қараша айында МАД сыныбының жетекшісі С.Досжанова «Ас атасы-нан» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатында нанның дастарханға қалай келетіні жайлы мәлімет беріліп, мақал-мәтелдер айтып, тапсырмалар орындады. Балалардың сөйлеу қабілеті жақсы, ойларын баяндай алады. 
Қараша айында 2б-сыныбында Р.Низанбаева «Кітап-сарқылмас қазына» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Онда кітаптың қалай жасалатыны, кітаптың пайдасы, кітапты таза ұстау секілді тақырыптар қамтылды. Жеке, топтық тапсырмалар берілді.
Желтоқсан айында 2б-сыныбында «Айналайын, абайла!» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Онда балаларға жолда жүру ережесі, жаяу жүргіншілердің ережесі жайлы айтылып, бағдаршамнан қалай өту керектігі жайлы айтылды.
Желтоқсанда 4а-сыныбында Н.Тасжанова «Адами қарым-қатынас жарастығы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті. Ададар арасындағы сыпайылық, мейірімділік, парасаттылық, кешірімді болу сияқты жақсы қатсиеттер туралы айтылып, оқушылар көрініс көрсетіп, ой-пікір қозғады. 
Қазан айында 5а-сынып жетекшісі Д.Өтеева «Отбасы-бақыт мекені» атты ашық тәрбие сағатын ұйыфмдастырды. Онда алдымен шаттық шеңберін ұйымдастырып, бір-біріне жақсы тілектер айтудан бастады. Оқушыларды «Ата», «Әке», «Бала» деп үш топқа бөліп, отбасы жайлы түрлі тапсырмалар берілді. Әр топ өз тапсырмасы бойынша постер қорғады. Әке, ана жайлы әндер шырқалып, отбасы жайлы әдеби монтаж ұйымдастырды. Соңында ақыл ағашына балалар осы сабақтан түйгендерін стикерге жазып, рефлексия жасалды. 
8б-сыныбында В.Маханова «Тәуелсіз елім-тірегім» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Венера сабақты алдымен ҚР гимнін орындатудан бастады. Сыныпты «Нұрсұлтан», «Алматы», «Астана» деп үш топқа бөліп, желтоқсан оқиғасына байланысты видеоролик көрсетіліп, оқушылар ой-пікірлер қозғады. Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарихи жолына арналған викториналық сұрақтар ұйымдастырылды. Сынып өте ұйымшыл, бір-бірін тыңдайды, тапсырмаларды мұқият орындайды. Еліміздің тарихы, жүріп өткен жолы, желтоқсан оқиғасы жайлы түрлі тапсырмалар беріліп, постер қорғатты. Сабақ «өте жақсы» деп бағаланды. Оқушылар сабққа белсене қатысты. Барлығы көк түсті бірдей формада киінді, мұғалім де, оқушылар да АКТ-ны тиімді пайдалана алатыны байқалды.
2020 жылдың 29 қаңтары күні «Дара жол» атты сыр-сұхбат ұйымдастырылды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет