«МӘліметтерді талдау және экономиканы болжау» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет39/122
Дата20.12.2021
өлшемі0,95 Mb.
#103840
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   122
Байланысты:
Анализ данных и эконом прогноз каз

Сценарий жазу әдісін экспертік бағалаудың жекеленген және ұжымдық түрлеріне де жатқызуға болады. Оның негізгі сипаттамалары төменде толығымен ашылатын болады.

Нақты түрлерінің бірі болып ұжымдық эксперттік бағалау саналады.



Ұжымдық эксперттік бағалау әдісі жекеленген мамандармен құралған болжам объектісінің дамуының перспективтік бағыттары бойынша эксперттердің ойларының келісілген дәрежесін анықтауды талап етеді.

Қазіргі заман шарттарында эксперттердің жұмыстарын қорытындылауда математикалық-статистикалық ережелер қолданылады. Мысалы, эксперттердің ойларының келісілген дәрежесін анықтау үшін сол немесе басқа зерттелетін мәселені шешу бойынша есептеліп шығарылатындар: бағалар дисперсиясы, орташа квадратты бағалардың ауытқуы, және осы негізде бағаның вариациялы коэффиценті, осы коэффицент аз болған жағдайда эксперттіердің ойларының сәйкестігі жоғары болады.

Эксперттік бағалауларды жүргізу ұйымдастыру үшін жұмыс топтары құрылады. Олардың басты қызметтері: сауалнама жүргізу, материалдарды қарастыру, кешенді эксперттік бағалаулардың қорытындыларын талдау. Жұмыс тобы берілген объектіні даму перспективаларына қатысты қойылған мәселелерге жауап бере алатын эксперттерді тағайындайды. Болжамды жасауға еліктіретін эксперттердің саны объектінің күрделілігіне байланысты 10 адамнан 150 адамның аралығында ауытқып отырады. Болжамның мақсаты аықталып, эксперттерге қойылатын мәселелер де жасалынады. Сауалнама жүргізу барысында жекеленген мәселелерді түсінудің бірегейлігін және эксперттердің ойларының тәуелсіздігін қамтамасыз ету керек. Сауалнамадан кейін ұжымдық эксперттік бағалаудың қорытындысында алынған материалдарды өндеу жүзеге асырылады. Қорытынды баға орташа талқылау немесе барлық эксперттердің бағаларының орташа арифметикалық мағыналарын анықтауға болады.

Эксперттік бағалаудың басқа да әдістері қолдануы мүмкін. Материалдарды статистикалық әдістемемен қайта өндеуде ғылыми-техникалық болжамдарды жасау барысында эксперттер жасаған ғылыми зерттеулердің бағаланған бағыттарының әр қайсысына қатысты маңыздылықтың бағалау жиынтығын қолданады. Маңызды бағалану балмен бағаланады, және келесідей мағынада болады, яғни 0-ден 1-ге дейін, 0-ден 10-ға дейін, 0-ден 100-ге дейін және т.б.

Әлемдік тәжірибеде ұжымдық эксперттік бағалаудың келесідей әдістері, яғни ұжымдық идеялардың генерациясы әдісі, «635» әдісі, «Дельфи» әдісі «комиссия» әдісі, сценарий жасау әдісі кең қолданады. Келтірілген әдістерін механизмдерін толығымен ашып көрейік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет