Эксперттік бағалаудың әдістері
Эксперттік бағалаулардың негізіндегі басты идеясы бағалаудың сандық әдістері және алынған жетістіктердің қайта жасалынуына сүйенетін адамның интуициялық-логикалық ойлауының тиімді процедурасын құрумен сипатталады.
Эксперттік бағалау әдістерінің мағынасы арнайы мамандандырылған, ғылыми және практикалық тәжірибеге негізделген белгілі бір маманның немесе мамандар ұжымының болжамына сүйенеді. Эксперттік бағалаудың жекеленген және ұжымдасқан түрлерін ажыратуға болады.
Жекеленген эксперттік бағалаулар осы профиль бойынша қызмет ететін эксперт-маманның ойын пайдалануға бағынышты болады. Жекеленген эксперттік бағаланулардың ішінде кең таралғандары – «сұқбат», аналитикалық, сценарийдың жазылуы сияқты тәсілдер.
"Сұқбат" әдісінде «сұрақ-жауап» кестесі бойынша жүретін болжаушы мен эксперттің арасындағы тілдесуді көрсетеді, сол тілдесу барысында болжаушы алдын-ала жасалынған бағдарлама бойынша экспертке болжанып отырған объектінің даму перспективаларына қатысты сұрақтар қояды. Осындай бағалаудың жетістігі, маңызды бір деңгейде эксперттің әр қилы сұрақтарға қорытынды жауапты бірден беруіне де байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |