Баланстық әдіс
Баланстық әдістің көмегімен тепе-теңдік және пропорционалдық қағидалары жүзеге асады. Оны болжамдарды, жоспарларды және бағдарламаларды жасау барысында қолданады.
Оның маңыздылығы мемлекеттің өнімнің , материалдардың, еңбек және қаржы ресурстарының қажеттілігі мен ресурс көздерінің және өнімді өндірушілердің мүмкіндіктерімен байланыста болуымен сипатталады. Баланстық әдіс өзара көрсеткіштер жүйесін құрайтын баланстар жинағынан тұрады, онда ресурстардың түсуі көздері бойынша сипаттайтын бір бөлігі олардың шығындарының барлық бағыттарын (пайдалану) бөлетін екінші бөлігіне тең болады.
Макродеңгейде жасалынатын болжамдық баланстардың ролі қазіргі нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде күшейе түспек, яғни нақтырақ айтсақ, есептік баланс, мемлекеттің кірістері мен шығыстарының балансы, тұрғындардың ақша кірістері мен шығындары, еңбек ресурстарының жиынтықтық балансы, сұраныс және ұсыныс балансы. Баланстық есептеулердің қорытындылары құрылымдық, әлеуметтік, қаржылық-бюджеттік және несие-ақшалық саясаттың қалыптасуына, сонымен қатар жұмыспен қамтылу және сыртқы экономикалық саясатқа негіз болады. . Баланстарды диспропорцияларды ағымдағы кезеңде анықтау үшін, пайдаланбаған резервтерді ашу үшін, жаңа пропорцияларды негіздеу үшін қолданады.
Болжау мен жоспарлауда қолданатын баланстар жүйесіне бөлінеді: материалдық, еңбектік және қаржылық. Айтылған тооптардың әр қайсысына баланстардың бірнеше қатары кіреді.
Болжамдық және жоспарлық баланстар жүйесінде ортанғы орындардың бірін алатыны – материалдық баланстар. Олардың көмегімен өндірістің және өнімнің нақты түрлерінің тұтынуы бекітіліп, кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы негізделеді. Олар сала аралық пропорцияларды бекіту үшін кең қолданылады. Бұл амал алдында қарастырылған моделдер мен әдістердің негізінде сала аралық баланстарды жасау жолымен шешіледі.
Материальдық баланстар сәйкестірілген түрмен қатар шартты-табиғи өлшем бірліктер түрінде де немесе ақшалай түрде жасалынуы мүмкін. Мысалы, жанармайдың құрама балансы, таз күйінде және шартты жанармай түрінде жасалынады (шарттық жанармай тоннасы - шжт).
Барлық материальдық баланстар, әдетте, екі бөлімнен тұрады: ресурстар мен оларды бөлуден. Ресурстық бөлімде негізгі түсетін көздер байқалады, ал оларды бөлу бөлігінде – тұтынудың негізгі бағыттары көрсетіледі. Олар, әдетте нақты кесте-схемалар бойынша құрылады. Материальдық баланстың методикасының (үрдісінің) жасалуын өндіріс заттарының балансының мысалында қарастырып өтейік, оның схемасы 1- кестесінде анық көрсетілген.
1-кесте – Өндірістік өнімнің материальдық балансының схемасы
Ресурстар
|
Бөлінуі
|
1. өндіріс
2. импорт
3. басқа түсілімдер
4.болжанатын (жоспарланатын) кезеңнің басындағы қалдықтар
|
1.өндірісті-эксплуатациялық қажеттіліктер
2. капитальдық құрылыс
3. экспорт
4. нарықтық қор
5. басқа шығындар (мемлекеттік резервтердің толтырылуы және т.б.)
6. болжанатын (жоспарланатын) кезеңнің соңына қалған қалдықтар
|
Барлығы:
|
Барлығы:
|
Баланстың жасалынуы өндірістік-эксплуатациялық қажеттіліктерге және капитальды құрылысқа қажетті ресурсқа деген сұраныстан басталады, ол үшін тәсілдердің бірнеше түрі жүргізілуі мүмкін. Ең көп таралған түрінің бірі- нормативтік тәсіл: оның, яғни нормалар, нормативтер және өндіріс өнімінің (жұмыстың) көлемінің көмегімен нақты бір ресурс түріне деген қажеттілік анықталады, мысалы қара металлдарды жалға алуда. Болжамдық баланстарды жасауда іріленген (топтасқан) нормалар қолданылады.
Әдетте, макро деңгейде өнімнің 1 млн. теңгеге шаққандағы ресурс шығынының іріленген нормативтері немесе құрылыс-жөндеу жұмыстарына 1 млн.млрд. теңгелік іріленген нормативтер қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |