«МӘліметтерді талдау және экономиканы болжау» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет48/122
Дата20.12.2021
өлшемі0,95 Mb.
#103840
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   122
Байланысты:
Анализ данных и эконом прогноз каз

Тоқырау фазасының  сипаттамасы:

1.    Өндірістің  құлдырауы мен  бағалардың төмендеуі тоқырау  жағдайында болады.

2.     Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады.

3.    Ақшаға сұраныс  төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай  жасалады.

 Жандану  фазасының сипаттамасы:

1.     Дағдарыстан аман қалған  кәсіпорындар негізгі капиталдарын  жаңартып, өндірісті  ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген  тауарлар көлемі мен сапасы  жағынан өндіріс дағдарысының  алдындағы дәрежеге жетеді.

2.     Инвестициялар өседі.

3.     Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.

4.     Жұмыссыздықтың  деңгейі  қысқара бастайды.

5.     Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

 Өрлеу фазасының сипаттамасы:

1.     Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден  артады.

2.     Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.

3.     Тауарлардың бағасы өседі.

4.     Қарыз  капиталының  ұсынысы өседі.

5.     Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа  дағдарысқа қарай қадам басады.

Өндірістің құлдырауы мен қатар инфляция болып тұрған жағдайды стагфляция деп атайды. Қазір экономиканың монополистік секторы, мемлекеттің қолдауына сүйеніп, бағаны бұрынғы дәрежеде ұстап қалғаны мен қатар, оны өсіреді.

Циклдарға әсерін тигізетін факторларды сыртқы  және ішкі деп бөлуге болады.



Сыртқы  факторлар –  экономикалық жүйеге тәуелсіз факторлар:  халық санының өзгеруі, соғыстар,  төңкеріс, басқа да саяси  шиеленістер, жаңа  жерлерді игеру, бағалы ресурстардың жаңа  кен орнын ашу ғылыми-техникалық прогресс, күннің  көзіндегі  құрғақшылыққа әкелетін таңбалардың пайда болуы, т.б.

Ішкі факторлар – экономикалық жүйемен байланысты факторлар: капиталдың  физикалық қызмет атқару мерзімі, тұтынудағы, жұмысбастылықтағы, инвестициялық, мемлекеттің экономикалық саясатындағы өзгерістер, тауар және ақша қайшылықтары, сұраныс пен ұсыныс арасындағы қайшылықтар, капиталдың артық қорлануы.

Экономикалық  құбылыстарды қайталауға бейім тұратын нарықтың ерекшеліктерін өткен ғасырдың  бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистер байқаған сонымен қатар ХІХ және ХХ ғасырларда жетекші экономистердің бірде-бірі бұл мәселеге тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық дамудың байланыстылығы, экономикалық  процестерге әсерін мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әр түрлі  пайымдауларды,  түсіндірулер мен болжамдарды кездестіруге болады. Нарық  жағдайында өндіріс  қозғалысының циклдық  себептеріне экономикалық теорияда қалыптасқан бірнеше теориялық бағыттар бар.

 Циклдардың себептерін зерттеген басты бағыттар

 1.     К. Маркс артық  өндірудің  циклдық  дағдарысының реттілікпен қайталану себептерін тұрақты капиталдық оқтын-оқтын жаппай  жаңаруымен қарастырған. Марксистердің айтуы бойынша, экономиканың циклдық дамуы өндірістің нәтижесін иемденудің жекекапиталистік формасының арасындағы қайшылықтар байланысты. Капиталдың қорлануы, өндіргіш күштердің дамуы өндірістің қоғамдасуын жоғарлатады, яғни капиталдың шоғырлануы және орталықтануы, индустриялық орталықтар мен ірі капиталистік кәсіпорындарының қалыптасуы. Марксизм теориясында аграрлық дағдарыстар капиталистік дағдарыстардың ерекше көрінісі болып табылады. Олардың себебі ортақ: капитализмнің негізгі қайшылығы, бірақ ерекшеліктері бар:

-       жерге шаруашылық объекті ретінде монополияның болуы;

-       аграрлық секторда баға белгіленудің ерекшеліктері;

-       табиғи фактордың әсері;

-       ауыл шаруашылығының даму дәрежесінің өнеркәсіптігінен төмен болуы. 

2.     Ағылшын экономисі Дж. Кейнстің  ойынша, цикл фазасының алмасуы күрделі қаржы мөлшерімен байланысты, ол пайда мөлшері мен пайыз  мөлшері ара қатынасымен  түсіндіріледі. Дағдарыс сонда ғана болады, егер пайда  мөлшері пайыз  мөлшеріне дейін  төмендесе кәсіпкердің өндірісті дамытуға қаржы салу ниеті жойылады.

3.     Неоклассиктер мен неокейнсшілдер циклдік дамуының себебіне, капитал запасының өндіріс шарттарына үйлесу процесін жатқызады. Жыл сайын ұдайы өндірілетін көлемімен және осы мезгілде дейінгі жинақталған запасының арасында тепе-теңдік пропорция бар. Осы тепе-теңдік бұзылмағанша циклдық ауытқулардың болуы мүмкін емес. Осы екі бағыттарының циклдық теориядағы айырмашылығы тепе-теңдіктің сипаты мен себептері.  

4.     Американ экономисі Милтон Фридмен басқарған «монетаристік мектеп» өкілдері циклдық дамудың басты себептерін ақша факторынан іздейді. Дағдарыстар мемлекеттің   ақша саясатының нашар  жүргізілуінен туындайды.

5.     Циклдардың себептерін зерттеген бағыттардың бірі психологиялық теориялар. Психологиялық теориялардың бір бағыты XIX- XX ғғ. пайда болды, өкілдері У.Джевонс пен В.Парето. Циклдық дамуын тауар нарықтарындағы және қор биржасындағы кәсіпкерлердің іс-әрекетімен байланыстырады, яғни баға мен құнды қағаздардың бағамының одан әрі өсу күтімдерінің себептерімен. XX ғ. басында психологиялық теориялардың екінші бағыты пайда болған және А. Пигудың теориясымен байланысты. Басты себепті өндірушілердің өндірістік капитал салымының ерекшелігімен байланыстырады. Р. Лукастың шығарған экономикалық циклдың тепе-теңдік теориясы шаруашылық субъектерінің тәртібі және олардың экономикалық мәліметті қабылдауының ерекшеліктеріне негізделеді.  Бұл теорияның басты ойы – ақша массасының күтпеген өсуі және осымен байланысты бағалардың өсуімен байланысты акселерациялық механизмнің өзара әсері.  

Сыртқы факторлардың әсеріне  тоқтаған Виксель, Шпитгоф, Шумпетер деген зерттеушілер. Қазіргі кезде циклдардың себептерін зерттеуде математикалық әдістер қолдануда

 

12.1. кесте





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет