«МӘліметтерді талдау және экономиканы болжау» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет51/122
Дата20.12.2021
өлшемі0,95 Mb.
#103840
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   122
Байланысты:
Анализ данных и эконом прогноз каз

Жуглярдың циклдердің ұзақтығы 7 – 12 жыл, осы циклдің басқаша аттары бизнес-цикл, өнеркәсіптік цикл, орташа цикл. Бірінші өнеркәсіптік цикл 1825 жылы Англияда болды. Осы кезде машиналық өндіріс металлургияда, машина жасауда және басқа жетекші салаларда билік жүргізуге кіріскен болатын. 1847 – 1848 жылдардағы дағдарыс АҚШ—та басталған, соңынан бірнеше Еуропалық елдерге тараған. осы дағдарысты мән жағынан қарағанда өнеркәсіптік цикл деп атауға болады.

Китчин тауарлық запастар қозғалысындағы қаржы шоттары мен сату бағасын таладу негізінде, өзінің назарын, ұзындығы 2-ден 4 жылға дейін болатын, қыска толқындарды зерттеуге аударған.

1946 ж. С. Кузнец «Ұлттық табыс» деген еңбегінде мынадай қорытындыға келді: ұлттық табыстың, тұтынушылық шығындардың, өндірістік жабдықтарға сол сияқты ғимараттарға, құрылыстарға жасалған жалпы инвестициялардың көрсеткіштері өзара байланысты жиырма жылдық ауытқулардың бар екенін айқындайды және құрылыста осы аутқулардың амплитудасысалыстырмалы ең үлкен болады. 1955 жылы Кузнецтің еңбегіне баға беріліп, Кондратьевтің «ұзын толқындарынан» өзгеше құрылыстық циклді Кунецтік цикл деп аталсын деген шешімге кабылданды.

Ұзын толқындар теорисына орыс ғалымы Н.Д.Кондратьевтің үлесі зор. Өзінің еңбектерінде дамыған елдердегі 1770 – 1926 жж. тауарлық бағаларының индексінің, проценттің мөлшерлемелерінің, рентаның, жалақының, өнімнің маңызды түрлерінің динамикасын зертеген. Кондратьев циклдың басталуын өндіріске жаңа технологияның жаппай енгізілуімен, әлемдік шаруашылыққа жаңа елдерді тартумен, алтын өндіру көлемінің өзгерістерімен байланыстырады. Осымен бірге өрлеудің жалпы көрінісі былай сипатталады: техникалық жаңартпалардың еңгізілуі инвестициялық процестің кеңеюімен қатар жүріп отырады, бұл өз кезегімен бағаның өсуіне ат салысатын, өндірісті және сұранысты ынталандырады. Осы кезеңде жұмыссыздық төмендейді, жалақы және еңбек өнімділігі өседі. Кондратьев ауыл шаруашылыққа ерекше назар аударған, себебі ол бұны ұзақ мерзімдік құлдыраудың басты себебі деп есептеді. Бірінші – үлкен циклдің өрлеуін Кондратьев Англиядағы  өнеркәсіптік төнкеріспен байланыстырады, екіншіні – темір жол көлігінің дамуымен, үшіншіні – электр қуатының, телефонның радионың енгізілуімен, төртіншіні – автомобиль өндірісімен.

Құрылым жағынан аграрлық және басқа да салалық дағдарыстар болады. Аграрлық дағдарыстар табиғи жағдайлармен байланысты болуы мүмкін және ұзақ мерзімді болады.

Экономикалық теорияда мағызды сұрақтардың бірі ол экономикалық өсу. Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа  жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.

Экономикалық өсудің  негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:

-       Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.

-       Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.

-       Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту.

-       Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.

 Экономикалық өсудің өлшеу  тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:

1.     Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.

2.     Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға  шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.

 Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке  бөлінеді.



1.     Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:

-       қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);

-       ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).

2.     Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы  ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:

-       жұмыс күшінің санының өсуі;

-       капиталдың көлемі өсуі.

3.     Аралас типі -  факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның  жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.

 Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:

1.     халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;

2.     адамның бос уақытының көбеюі;

3.     әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;

4.     адам капиталына инвестицияны өсіру;

5.     адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

6.     жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;

7.     еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.

Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және  оның  тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына  мен процестер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей  факторларға бөлінеді.

Тікелей факторларға экономикалық өсудің физикалық мүмкіндігін белгілейтіндер жатады. Тікелейді бес негізге факторлар құрайды, олар жиынтық өндіріс пен ұсыныстың динамикасын тікелей белгілейді.

Жанама факторлар экономикалық өсудің физикалық мүмкіндіктерді ақиқатқа айналдыратын факторлар жатады.

Жанама факторлар құрамына жататындар:

-       Сұраныс факторлары өсіп келе жатқан өндіріс көлемінің өткізу мүмкіндігін белгілейді: мемлекеттік шығындардың өсуі, жаңа нарықтар игеру нәтижесінде немесе әлемдік нарықта ел өнімінің бәсекелес қабілетінің өсуі нәтижесінде экспорттың кеңеюі.

-       Ұсыныс факторлары нарықтың монополиялану дәрежесінің төмендеуі, пайдаға салынатын салықтардың салықтың азаюы және т.б.

-       Бөлу факторлары.

 Экономикалық өсудің факторлары:



Тікелей  факторлар:

Жанама  факторлар:

-Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.

-  Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.

-  Өндірісті  ұйымдастырумен қатар технологияның  жетілдірілуі.

-  Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.

-  Қоғамдағы кәсіпкерлік  қабілетінің өсуі.


-         Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.

-         Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының  төмендеуі, несие алу  мүмкіншілігінің өсуі.

-         Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.


 

Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан республикасының   жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты –  шет  ел инвестициясының  және ішкі  жинақтың жоғары  дейгейіндегі  экономикалық  ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет