«МӘліметтерді талдау және экономиканы болжау» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет54/122
Дата20.12.2021
өлшемі0,95 Mb.
#103840
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   122
Байланысты:
Анализ данных и эконом прогноз каз

Экономикалык пропорциялар дегеніміз өндірістің әр түрлі элементтері (машиналар, құрал-саймандар, шикізат және материалдык қорлар, жұмыс күші) арасындағы, әр түрлі өндіріс салаларынын өнім көлемдері арасындағы, түптеп келгенде өндіріс құрылымдары мен өндіру көлемдері және тұтыну кұрылымдары мен тұтыну көлемдері арасындағы белгілі сандық қатынастар.

Экономикалык пропорциялар өздігінен (стихиялық) және адамның мақсатты түрде жүргізген әрекеттері нәтижесінде құрылуы мүмкін.

Капиталистік экономикалық формацияның калыптаса бастаған алғашқы кезеңінде, пропорциялар нарықтық үйлестіру механизмі аркылы және кризнстер аркылы қалыптасады. Оған экономиканын даму заңдары үздіксіз ыкпал етіп отырады. Тауар ендірушілер экономикалык заңдардың бар-жоғын сезбесе де, сол заңдардың талабына сәйкес қызмет жасайды. Мысалы, ол өндірген тауарына баға қойған кезде, тек өзінің жұмсаған шығынын есептеп қоймай, сонымен бірге базарда калыптаскан жағдайды ескереді. Оған кұн заңы ыкпал етеді. Сонымен, бірінен-бірі туындап отыратын, бірімен-бірі тығыз байланыстағы тауар өндірушілер қызметі аркасында экономикада пропорциялар жүйесі қурылады. Яғни, экономиканың құрылымдық бөліктері арасында белгілі бір сандык қатынастар қалыптасады. Оны біз пропорционалдық дейміз.

Өндіріс күштерінің дамуы жоғары деңгейге жеткен кезде, нарықтық үйлестіру механизмі де, кризистер де экономикалық пропорцияларды құруға жеткілікті бола алмайды.

Осы жағдайда экономикалық пропорциялар жүйесін,       пропорционалдықты саналы түрде құру қажеттілігі туындайды.             Саналы түрде кұрылран пропоршюналдык — жоспарлылык болып табылады.

Жосларлау төменде көрсетілген міндеттерді атқарады:

1.   қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын анықтау;

2.   жоспарлы     кезең     экономикасыпың     сандык     жәңе     сапалык сиппатамаларын белгілеу;

3.   материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын орынды пайдалану арқылы    ғылыми-техникалык,    әлеуметтік    және    экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын таңдау;

4.   жекелеген    салалар    мен    аумақтардың    даму    қаркыны    мен пропорцияларын аныктау.

Жоспарлау 1 схемада көрсетілген классификацияға сәйкес жіктеледі:

Жоспарлаудың деңгейіне (масштабына) байланысты: макроэкономикалык (халық шаруашылығының); аумақтық (облыстық, аудандық); ұйым ішінде (ішкі жоспарлау); микроэкономикалық (салалық көрсеткіштерді жоспарлау).

Жоспарлау  мерзіміне  байланысты:   ұзақ  мерзімге  жоспарлау  (5 жылдан 20 жылдан арғы мерзімге); орта мерзімдік (1 жылдан 5 жылға дейін); ағымдағы жоспарлау (1 айға дейін, 1 айдан 1 жылға дейін). Жоспарлау процессінің мазмұнына (жоспарлау объектісіне) байланысты: экономикалык жоспарлау (өндірістік катынастардьщ даму        жоспары, халық шаруашылығы дамуының динамикасы); әлеуметтік жоспарлау (демография процесстерін, халықтың өмір сүру деңгейін, еңбек ресурстарының даму болжамы); ғылыми-техникалық жоспарлау (ғылыми-техникалық прогресстің даму болжамы); экологиялық жоспарлау (табиғи ресурстарды пайдалану болжамы, қоршаған ортаны қорғау).

Сонымен,   жоспарлаудың   негізігі   мақсаттарына  төмендегілерді жатқызуға болады:

-    мемлекеттік     экономика     саясатын     және     экономиканы мемлекеттік реттеу шараларын жасау;

-    экономиканың өсу қарқынын, қажетті сапасын қамту және қолдау;

-    ұлттық   экономиканың   циклдік   тепе-теңдігін   орнату   және қолдау;

-    барлық экономикалық шешімдердің үйлестілігін қамту;

-    ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамту.

Қазіргі кездегі басқару теориясы мен тәжірибесінде жалпымемлекеттік макроэкономикалық жоспарлаудың бюджеттік, стратегиялық, индикативті, директивті формалары бар. Солардың ішінде Қазақстан үшін стратегиялық және индикативті жоспарлардын маңызы зор болып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет