Тақырыбы: Темір жол көлігі үшін деректер базасын қолдану
Пәні: IT технологиялары
Орындады:Фархатұлы М. Тексерілді: Доштаев К.Ж
Тобы: ААХ-19-1к
Алматы 2022 ж.
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Соңғы 10 жылда ақпараттық технологиялар жұмыс тиімділігін арттырып, өндірістік және басқару үрдістерін оңтайландырып, әлемдегі көптеген өнеркәсіп қызметтерінің белсенді қатысушысына айналды. Қазақстан Републикасы Президентінің 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Жолдауы [1] Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізу жолымен дәстүрлі базалық салаларды, соның ішінде логистиканы дамыту бойынша кешенді тапсырма қойды. Нәтижесінде, Қазақстан Республикасы үкіметіне 2025 жылға дейін «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының [2] (әрі қарай – Цифрлық Қазақстан) бастамасы болған базалық салаларды технологиялық қайта қаруландыру шараларының кешенін әзірлеу тапсырмасы берілді. Цифрлық Қазақстан бағдарламасына сәйкес көлік-логистикалық саланың әрі қарай өсуін қамтамасыз ету үшін көлік құралдарын басқару жолымен транзиттік әлеуеттің артуына, ақпаратты жедел өңдеу және оңтайлы және ұтымды шешімдер мен басқарушы әсерлер туғызу жолымен көліктегі қауіпсіздікті күшейтуге септігін тигізетін көлік жүйесін енгізу талап етіледі. Сапалы көлік және логистика инфрақұрылымы аумақ байланысын арттыру және белгіленген жерге дейін тауарды жеткізуге кететін үстеме шығындарды азайту есебінен экономиканың дамуына қуатты серпін береді. Қазіргі уақытта елде Республиканың көлік кешенін қайта құру және дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Қазақстан Республикасының кең аумағы мен түрлі саласы күшінен көптеген ірі отандық кәсіпорындар үшін теміржол көлігі логистикалық тізбекте басты рөл атқарады [3]. Қазақстанның Еуразия континентінің ортасында, Еуропа мен Оңтүстікшығыс Азияның кеңінен және серпінді дамып келе жатқан саудаларының арасында орналасуы келешекте отандық теміржол көлігіне жоғары көліклогистикалық әлеуетін тиімді ашуға мүмкіндік береді [4]. Осылайша, экономикалық кеңістік бірлігі, мемлекет бүтіндігі, елдегі қорғаныс және қауіпсіздік айтарлықтай дәрежеде теміржол көлігінің орнықты және сенімді жұмысына байланысты. Жаңа темір жолдар аймақтар арасындағы ішкі байланысты қамтамасыз етті, Қазақстанның экспорттық және транзиттік әлеуетін арттырды. Халық арасында «Тәуелсіздік жолы», «Өмір және үміт жолы» деп аталған соңғы 25 жылда Қазақстанда іске асырылған ірі жобалар Ақсу – Дегелең, Хромтау – Алтынсарин, Шар – Өскемен, Өзен – Түркменстанмен мемлекеттік шекара, Жетіген – Қорғас, Жезқазған – Бейнеу, Арқалық – Шұбаркөл және Боржақты – Ерсай теміржол желілері болды [5]. Қазіргі уақытта ірі қалалардың «көлік дәліздерінде» және қала сыртындағы аумақта жүк және жолаушы тасымалы көлемінің тұрақты өсуі байқалады. Мамандардың болжауы бойынша өнімді тасымалдау қажеттілігі даму үрдісіне ие. Сол аралықта көптеген темір жол телімдерінде өткізу 7 қабілеттілігінің қоры нақты түрде таусылған. Сондықтан, кезекті рет, бірақ жаңа экономикалық, технологиялық және ұйымдық жағдайда, экономикалық мағынада айтқанда, Қазақстан Республикасы темір жол желісінің тасымалдау және өткізу қабілеттілігін арттырудың ұтымды әдістерін анықтау тапсырмасы өзекті болып отыр [4]. Қазіргі уақытта «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» АҚ темір жол желісінде оның үздіксіз жұмыс істеу мақсатында мәліметтер қабылдау және тарату түрлі жүйелерінің көмегімен жауапты құпия ақпараттың елеулі көлемі жіберіледі. Жауапты ақпарат ретінде бұл жерде бұрмалануы жүйені функциялау алгоритмінің қауіпті бұрмалануы орын алатын жұмысқа қабілетсіз күйге әкелетін дискертті жүйеде қолданылатын ақпарат түсіндіріледі. Жауапты ақпарат тасушы командалар тасымалдаудың функционалдық қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Сонымен қатар, пойыздар қозғалыс кестесі мен орналасқан жері жөніндегі логистикалық ақпарат жоғары коммерциялық құндылыққа ие. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізі темір жол автоматика және телемеханика жүйелері (ТАТЖ) болып табылады [6]. ТАТЖ темір жол көлігінің стационарлық жолдық және жылжымалы объектілерімен қозғалыс қауіпсіздігінің орнатылған деңгейінде бақылау және басқаруды қамтамасыз ететін техникалық құралдар жиынтығын құрайды, онда ақпарат тарату каналдарының рөлі мен талаптары айтарлықтай жоғарылайды. Шетелдік және отандық тәжірибе негізінде ақпарат тарату жүйелерінің даму үрдісі дәстүрлі құралдардан, мысалы рельс тізбектерінен басқа, жаңа жүйелерді, мысалы – сандық радиоканалдар пайдалану қажет екендігін көрсетеді. Бұл ретте сымсыз жүйелердің ақпарат қауіпсіздігі және кедергіден қорғау аспектілері маңызды фактор болып табылады [7]. Қазіргі уақытта жаңа экономикалық жағдайда теміржол көлігі жұмысының тиімділігін арттыру жаңа автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізу және тасымалдау үрдісін басқару және оның жүзеге асырылуын бақылау үшін қажетті жедел және мерзімдік ақпаратпен қамтамасыз ету негіздері секілді сенімді және қауіпсіз жоғары сапалы байланыссыз мүмкін емес. Қазақстан теміржол көлігін ұзақ мерзімдік келешекте дамыту бағдарламасында [8] жаңа ақпараттық технологиялар енгізуге маңызды орындардың бірі жүктелді. Сапалы, жылдам және көлемді сипаттамаларды есепке ала отырып, заманауи инфокоммуникациялық құрылғылар теміржол байланысы, пойыздар қозғалысы, жүк және жолаушылар тасымалының дәстүрлі қызметтерін ұсыну мәселелерін шешіп қана қоймай, сонымен бірге жүк қозғалысын және қазіргі уақытта әрекет етуші байланыс құралдарының техникалық мүмкіндіктерімен шектелетін басқа да қызмет түрлерін бақылауды қамтамасыз ете отырып, тасымалдау үрдісін автоматтандыру бағдарламаларын іске асыру есебінен олардың спектрін елеулі түрде кеңейтуге мүмкіндік береді. ТАТЖ-да ақпаратты қорғау үшін заңнамалық, ұйымдық және бағдарламалық-техникалық шараларды бірге қолдану талап етілетіндігі белгілі. ТАТЖ ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі сатылары ақпарат қауіпсіздігінің негізгі қауіптерін анықтау, оның саясатын, негізгі бағыттарын, 8 қамтамасыз ету және ұйымдық-құқықтық іс-шаралар әзірлеу, ақпараттық қауіпсіздік технологияларын таңдау және бейімдеу болып табылады